IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация

26-27 қазан 2017 ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қош келдіңіз! Конференция 2017 жыл, 26-27 қазан күндері Астана қаласында өтеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асырушы мекеме болып табылады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын жасақтап келеді.
Біздің ғылыми-практикалық конференциямыз Қазақстан мен басқа елдердегі орта білім беру жүйесіне қызығушылығы бар адамдармен білім беру реформаларын талқылауға арналған негізгі платформа болып табылады. Жыл сайын қазан айында өтетін конференция әлемнің көшбасшыларын, саясаткерлер мен тәжірибешілерді орта білім саласын талқылауға біріктіру мен Қазақстандағы білім берудегі өзгерістерді өткізудегі маңызды рөлді атқарады.

2017 ж. өткен Конференцияның промо бейнеролигі

Баяндамашылар

Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру саласындағы әртүрлі мемлекеттердегі мәртебелі мамандарды шақыруда.

Юри Белфали

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, мектептер мен ерте бабалық шақ бөлімінің Директоры

Паси Салберг

Шақырылған тәжірибе профессоры, Аризона штаты университеті, АҚШ

Кэролин Адамс

Стратегиялық даму жұмыстары бойынша Басқарушы Директоры, Халықаралық бакалавриат

Рауан Кенжехан- ұлы

Ұлттық аударма бюросының Атқарушы директоры, Қазақстан

Асылбек Кожахметов

Президент Алматинского университета менеджмента, Казахстан

Фил Ламберт

Внештатный профессор Сиднейского университета, Австралия

Саясат Нұрбек

Астана халықаралық қаржы орталығының Басқарушы директоры, Қазақстан

Гордон Ньюфелд

Ньюфелд институтінің Басқарушы, Канада

Тим Оутс

Бағалауды зерттеу және дамыту тобының директоры, Кембридж университетінің Емтихан кеңесі, Ұлыбритания

Гарри Патринос

Білім беру бөлімінің маманы, Дүниежүзілік банк

Ун Сенг Тан

Ұлттық білім институтының Директоры, Сингапур

Лиз Уинтер

Қазақстанмен ынтымақастықты дамыту бойынша жоба жетекшісі, Кембридж Университеті

Абстрактіні жүктеу

Биыл, Конференцияға қатысу үшін өтінішті берудің онлайн жүйесі жасақталған. Конференцияға жіберілген абстрактілер екі рецензенттердің тексерісінен өтеді, және олардың шығарған шешімдері өзгертілмейді. Материалдар баяндама немесе постерлер түрінде ұсынылуына мүмкінкіндік бар. Абстрактілер 600 сөзден аспағаны абзал. Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өтсеңіз болады.

Барлық абстрактілер 27 тамызға дейін қабылданады.

Тіркелу

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің IX Халықаралық конференциясына тіркелу ащиқ.

Орналасқан жері

Конференцияның өтетін жері: Астана қ., Экспо Конгресс-орталығы (Сауран мен 28/1 көшелерінің қиылысында).

Қонақ үйлер

Конференция өтетін жерге жақын орналасқан қонақ үйлер тізімі.

Гранд Прак Есіл

Астана қаласының оң жағалауында орналасқан 4-жұлдызды қонақ үй

Хилтон Гарден Инн

Қаланың ортасында орналасқан заманауи талаптарға сай жасақталған халықаралық қонақ үй

Радисон, Парк ин

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан бюджеттік және люкс деңгейіндегі қонақ үйлер

Думан қонақ үйі

Астананың Орталық саябағында орналасқан 4-жұлдызды заманауи қонақ үй

Ибис қонақ үйі

Астананың оң жағалауында орналасқан 3-жұлдызды қонақ үй

Тенгри қонақ үйі

Астананың оң жағалауында ораналсқан қолжетімді, тиімді бағадағы қонақ үй

Көрмеге қатысу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясының көрмесіне қатысқыңыз келсе jangeldinov_b (at) nis.edu.kz электрондық поштасына 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін хабарласуыңызды сұраймыз. Конференциядағы көрме орнының екі күндік бағасы 150 000 теңге.