XIV NIS Conference 2025

Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар
30-31 қазан 2025
Астана қ.

Г. Алиев көшесі, 12
Астана Конгресс Орталығы

Конференция туралы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ халықаралық конференциясының сайтына қош келдіңіз!

Халықаралық конференция Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда орта білім берудің болашағына мүдделі реформаторлар үшін маңызды оқиға болып табылады. Конференция білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және шешу үшін көшбасшылардың, ойшылдардың, саясаткерлер мен практиктердің жаһандық аудиториясын тартады.

Маңызды күндер

8-ші сәуірден бастап Абстрактілерді қабылдаудың басталуы
14-ші шілдеге дейін Абстрактілерді ұсынудың соңғы мерзімі
15-ші қыркүйекке дейін Абстракт қабылданғаны туралы хабарлама алу
15-ші сәуірден бастап 10-шы қазанға дейін Ерте тіркелу
11-ші мен 31-ші қазан аралығында Кеш тіркелу
30-31-ші қазан XIV NIS Conference 2025

Тіркеу жарнасы

Ерте тіркеу (10 қазанға дейін) – 40 000 теңге

Кеш тіркеу (11-31 қазан) – 80 000 теңге

Бағдарлама

Күн 1, 30 қазан
Уақыт Іс-шара
9:30 - 10:00 Конференцияның ашылуы
10:00 - 11:30 Пленарлық отырыс / Негізгі спикерлердің баяндамалары
11:30 - 11:45 Үзіліс
11:45 - 13:00 Тақырыптық секциялар, сұрақ-жауап сессиялары
13:00 – 14:00 Түскі ас
14:00 - 15:15 Пленарлық отырыс / Негізгі спикерлердің баяндамалары
15:15 - 16:30 Тақырыптық секциялар, мастер-кластар
16:30 - 16:45 Үзіліс
16:45 – 18:00 Пікірталас сессиясы
Күн 2, 31 қазан
Уақыт Іс-шара
9:30 - 10:00 Конференцияның бірінші күніне қысқаша шолу
10:00 - 11:15 Негізгі спикерлердің баяндамалары
11:30 - 13:00 Тақырыптық секциялар
13:00 - 14:00 Түскі ас
14:00 - 15:15 Тақырыптық секциялар, сұрақ-жауап сессиялары
15:15 – 15:30 Үзіліс
15:30 - 16:45 Тақырыптық секциялар, мастер-кластар
16:45 - 17:00 Үзіліс
17:00 - 17:45 Конференцияның жабылуы

Спикерлер

Belen Embid

Белен Ембид

CARLEE, Арагондағы шет тілдері орталығының жетекшісі, Испания
Vali Huseyn

Вали Хусейн

Бизнес дамыту жөніндегі консультант, AQA. Alphaplus, Ұлыбритания
Jane Larsson

Джейн Ларсон

Бас атқарушы директор, CIS, Нидерланд
Ji Khan

Джи Хан

Мектептерді бағалау және қолдау жөніндегі директордың орынбасары, CIS, Нидерланд
Dan Fitzpatrick

Дэн Фицпатрик

Білім беру саласындағы жасанды интеллект туралы кітаптың авторы. Мұғалім. Білім беру саласында жасанды интеллект бойынша сарапшы, Ұлыбритания
Irenka Suto

Иренка Суто

Орта білім беру бойынша оқу бағдарламаларының жетекшісі, International Education, Cambridge University Press & Assessment, Ұлыбритания
Kok Sing Tang

Кок-Синг Тан

Кертин университетінің профессоры, Австралия
Colleen Mclaughlin

Колин Маклафлин

Кембридж университетінің құрметті профессоры, NIS/SHARE жобасының тренері, Ұлыбритания
Christina Salmivalli

Кристина Салмивалли

Турку Университетінің психология профессоры, Финляндия
Mario Piacentini

Марио Пиацентини

ОЭСР-дің PISA бағдарламасының аға талдаушысы, Франция
Marsha Richardson

Марша Ричардсон

Аға оқытушы және Мектеп пен психикалық денсаулық жөніндегі кеңес беру бағдарламасының директоры Адам дамуы және сандық әдістер бөлімі, Пенсильвания Университеті, АҚШ
Ryan S. Baker

Райан С. Бэйкер

Аделаида университетінің жасанды интеллект және білім беру профессоры, Пенсильвания университетінің шақырылған профессоры, АҚШ
Cito_Portretten medewerkers

Ремко Фескенс

CitoLab at Stichting Cito директоры, Нидерланд
Sanderijn van der Doef

Сандрин Ван Дер Доеф

Африка мен Азияның бірнеше елінде, Қытайда және Нидерландыда кешенді жыныстық тәрбие бойынша консультант және тренер, Нидерланд
Celine-Kylanpaa

Селин Кюлямпяя

KiVa кибербуллингке қарсы бағдарламасының үйлестірушісі, Турку университеті, Финляндия
Toju Duke

Тоджу Дьюк

Bedrock AI, Diverse AI Негізін қалаушы және бас директор, Ұлыбритания
Eric Cheng

Эрик Ченг

Yew Chung мектепке дейінгі білім беру колледжінің вице-президенті, Гонгконг

Қатысушыларға арналған ақпарат

Абстрактіңізді ұсыну үшін біздің онлайн жүйеміз арқылы төмендегі мәліметтерді жіберуіңіз қажет:

  • жұмысыңыздың тақырыптық бағыты (немесе бағыты);
  • баяндамаңыздың тілі;
  • баяндамаңыздың атауы (20 сөзге дейін);
  • абстрактінің мәтіні (500 сөзге дейін);
  • қолданылған әдебиеттер тізімі (200 сөзге дейін);

Негізгі талап – баяндама мектепке дейінгі оқыту мен орта білім беру салаларында жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қамтуы керек.

Ұсынылған абстракт келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • баяндау тілінің анық және түсінікті болуы;
  • зерттеу жұмысының бірегейлігі мен маңыздылығы;
  • зерттеу жұмысының эмпирикалық және аналитикалық сипатта болуы (сипаттамалы түрде болмауы керек);
  • абстрактінің құрылымы: контекст, зерттеудің мақсаты мен сұрақтары, теориялық негіздері, әдістемесі, авторлардың нәтижелері мен қорытындылары;
  • қолданылған әдебиеттердің нақтылылығы мен бірізділігі.

Ұсынылған зерттеу жұмыстарды білім беру және зерттеу салаларының отандық сарапшылары мүше болатын Академиялық комитет бағалайтын болады.

Комитеттің шешімі 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін сіздің поштаңызға жіберіледі.

Абстрактіні жіберу үдерісі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда conference@nis.edu.kz электронды поштаға хабарласуыңызға болады.

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданса, онда келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін конференция бағдарламасына еңгізу үшін тақырыбыңызды үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жолдау. Тақырыпты conference (@) nis.edu.kz (осы хатқа жауап ретінде) электрондық пошта арқылы жібересіз;
  2. конференцияға қатысу үшін conferences.nis.edu.kz сайтында тіркеуден өту.
  3. презентацияны үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) дайындау;
  4. презентацияларды PDF форматында сақтау;
  5. 2025 жылғы 10 қазанғадейін презентацияларды conference (@) nis.edu.kz электронды поштасына жіберу;
  6. Егер сіздің абстрактіңіз қабылданып, ал сіз белгілі бір себептермен конференцияға қатыса алмасаңыз, онда ол туралы мүмкіндігінше conference (@) nis.edu.kzэлектронды поштаға ертерек хабар беруіңізді сұраймыз.

Сөз сөйлеу бойынша уақыт тәртібі Конференцияның бағдарламасында көрсетілетін болады.

Конференцияға қатысу сізге өз зерттеу жұмысыңызды мақалалар жинағында жариялауға мүмкіндік береді. Ол үшін жұмысыңыз академиялық тексеруден өту керек және жариялау талаптарына сай болуы қажет. Толық ақпаратпен 4-бөлімде таныса аласыз.

* Баяндамалардың форматтары бойынша ақпарат (презентация, постер, ignite talk) қарастыру нәтижелері жарияланғаннан кейін беріледі.

Назар аударыңыз!

Уақытты үнемдеу және сессияларға үлкен динамика беру мақсатында дәстүрлі презентация форматына балама ретінде Ignite Talks форматында презентация жасауды ұсынамыз!

Бұл формат конференциялар мен форумдар сияқты іс-шараларда танымал бола бастады.

Ignite-Talks -тың бекітілген форматы бар, оның аясында cпикер әр 15 секунд сайын автоматты түрде ауысатын 20 слайд дайындай алады. Зерттеулерге негізделген осындай презентациялардың мысалдарын келесі сілтемелерден табуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=R2jI8EpP41E

https://www.youtube.com/watch?v=8CtC_qbQ51U

Барлық Ignite-Talks презентациялары секциялық отырыстар кезінде тыңдаушылардың аудиториясы мен сессия модераторының қатысуымен өтеді, презентациядан кейін негізгі мәселелерді талқылауға болады (5 минут ішінде).

Егер сіз Ignite Talk форматында презентация жасағыңыз келсе, 2025 жылғы 20 қыркүйекке дейін бізге хабарлаңыз, біз сізге презентацияны рәсімдеу бойынша нұсқаулар жібереміз және сізді осы форматта презентация жасайтыныңыз туралы ақпаратты конференция бағдарламасына енгіземіз.

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданса, онда келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. конференцияға қатысу үшін https://conf.nis.edu.kzсайтында тіркеуден өту;
  2. төмендегі нұсқауларға сай постерді дайындау

Постер сіздің өткізген зерттеу (не шағын зерттеу) жұмысыңызға жасалған шолуды және зерттеуге қатысты мәліметтер талдамасын қамтуы қажет. Постерді конференция өтетін үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде, яғни абстрактіні жазғанда қолданған тілде дайындай аласыз.

Постеріңіз көзге жағымды және функционалды болуы қажет.

Өз постеріңізді қалаған бағдарламада жасауыңызға болады. Стандартты шешім ретінде PowerPoint бағдарламасы қолданылады.

Постер форматы: парақ бағыты тігінен, А3; қаріп мөлшері 28 пт кем емес.

Постердің құрылымы келесі бөлімдерді қамтуы қажет:

  • тақырыптың мақсаты мен маңыздылығы;
  • зерттеу сұрақтары;
  • әдіснамасы;
  • нәтижелері;
  • қорытындылары;
  • қолданылған әдебиеттер тізімі (постер кеңістігін үнемдеу үшін әдебиет тізімін QR-кодты қолданып көрсете аласыз).

Постердің үлгілері: [1][2].

Постерді ұсыну үшін келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

1) файлды PDF форматында немесе кескін (JPG / PNG) түрінде сақтау;

2) PDF, JPG немесе PNG форматындағы постерді conference (@) nis.edu.kz электронды поштасына жіберу. Хат тақырыбын «Постер. [Тақырыбыңыз]» түрінде көрсету.

3) Постерді ұсынудың соңғы күні – 2025 ж. 7 қазан.

Өткізілу орны

EXPO Конгресс Орталығы
Астана қаласы, Г. Алиев көшесі, 12