VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Көбірек біліңіз

“Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту” 
27-28 қазан 2016 ж.. Астана, Қазақстан.

Баяндамашылар үшін ақпарат

ДББҰ Халықаралық конференциясында баяндама оқуға қызығушылық білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. Сіз үшін бұл жақсы әрі пайдалы тәжірибе болады, ал Конференция барысында пайда болған таныстықтар мен түрлі идеялар Сізге болашақта зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп сенеміз.
Бұл парақшада Сіз конференция қатысушыларына қойылатын талаптар туралы толық ақпаратпен таныса аласыз.
  1. Конференцияның секциялық отырыстарында оқылатын баяндамаларға қойылатын талаптар
  2. Конференцияда баяндама оқуға қойылатын талаптар
  3. Постерлерге қойылатын талаптар
  4. Секциялық отырыстардың төрағалары мен дискуссанттарына арналған ақпарат
  5. Жинақта мақала жариялауға қойылатын талаптар
  6. Көрмеге қатысу бойынша ақпарат

1. Конференцияның секциялық отырыстарында оқылатын баяндамаларға қойылатын талаптар

Баяндамаңыздың аты (20 сөзден көп емес) көрсетілген, толық абстрактісі (400-600 сөз) мен әдебиеттер тізімі (400 сөзден көп емес) берілген абстрактіңізді біздің онлайн жүйеміз арқылы жіберуіңізге болады. Сонымен қатар, желілік бағыттардың ішінен бірінші және екінші таңдауыңызды жазуыңыз қажет.
Ең басты талап – оқылатын баяндама мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және орта білім беру салаларында жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қамтуы керек.
Жіберілген абстракт түрлі бес критерий бойынша бағаланады:
  • Ойды жеткізу тілінің анықтығы және түсініктігі;
  • Зерттеудің түпнұсқалылығы, жүйелілігі мен маңыздылығы;
  • Зерттеудің эмпирикалық немесе талдау сипаты (суреттеме түрде болмауы керек);
  • Құжатта теориялық негіз, әдістеме, зерттеу әдісі, алғышарттары, нәтижелері мен авторлар қорытындысының көрсетілуі;
  • Қолданылған әдебиеттің дәл әрі жүйелі түрде ұсынылуы.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі мектепке дейінгі және орта білім беру салаларына байланысты оқылатын баяндамаларға басымдық беріледі.
Жіберген өтінішіңізді көрсетілген желілік бағыттар саласындағы мамандардан құралатын Академиялық комитет қарастырады. Академиялық тексерудің нәтижесін хабарлауға Сізбен екі жұма ішінде хабарласамыз. Құжаттарыңыз қабылдануы, қабылданбауы немесе толықтыруға қайтарылып берілуі мүмкін.
Академиялық тексеру үдерісі бойынша сұрақтарыңыз болса, conference (@) nis.edu.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды өтінеміз.

2. Конференцияда баяндама оқуға қойылатын талаптар

Енді Сіздің абстрактіңіз қабылданған кезде, конференцияға қатысу үшін бөлек тіркеуден өтуіңіз керек. ДББҰ Халықаралық конференциясына қатысу туралы көбірек білгіңіз келсе, осы сілтемеге басуыңызды сұраймыз.
Егер Сіз ілеспе аудармасы бар секциялық отырысқа қатысатын болсаңыз, слайдтарды 25 қазанға дейін үш тілде жібергеніңіз аса маңызды. Егер презентацияңызды үш тілде тапсыру мүмкіндігіңіз болмаса, оны конференцияның Ұйымдастырушы комитетіне аударуға тапсыру үшін презентацияның түпнұсқасын 20 қазанға дейін жіберуіңізді сұраймыз.
Егер баяндамаңызды қазақ және орыс тілдерінде өтетін секциялық отырыста оқитын болсаңыз, Сізге презентацияңызды екі тілде — 25 қазанға дейін, егер бір тілде болса, аударма жасау үшін 20 қазанға дейін жіберу керек.
Презентацияларды conference (@) nis.edu.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Егер абстрактіңіз қабылданып, бірақ белгілі бір себептермен конференцияда баяндама оқымауды шешсеңіз, мүмкіндігінше ертерек conference (@) nis.edu.kz электрондық поштасына хат жолдауыңызды өтінеміз.
Пленарлық отырыста баяндама оқу орташа есеппен 25 минутқа созылады.
Секциялық отырыстар 90 минут жүреді. Екі баяндама оқылатын секцияларда баяндамашыларға 30 минуттан; үш баяндамашыға – 20 минуттан; төрт баяндамашыға – 15 минуттан; бес баяндамашыға 12 минуттан уақыт беріледі.
Баяндама оқып болған соң бізбен презентацияңызбен бөліссеңіз, Сізге алғысымыз шексіз болар еді. Бұдан бөлек, Сізге бұқаралық ақпарат құралдарына қысқа интервью (3-4 минуттық) беру ұсынылуы мүмкін және кейінірек бұл видеоны көпшілікке белгілі Youtube, Яндекс видео және Nur.Video сияқты вебсайттарда, сонымен қатар, жергілікті ақпарат құралдарында жариялайтын боламыз. Академиялық тексеруден өткен жағдайда, конференцияда баяндама оқу Сізге зерттеуіңізді конференция жинағында жариялауға мүмкіндік береді. Төменде толық ақпарат берілген.

3. Постерлерге қойылатын талаптар

Постер өзіңіз өткізген, талданған нәтижелері қоса берілген зерттеуге (қысқа зерттеуге) шолу түрінде берілуі тиіс. Постер тек әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды болуы керек. Көбінесе, постер PowerPoint бағдарламасын қолдану арқылы жасалынады. Постермен ауызша таныстыру шамамен 5 минутқа созылуы қажет.
Постерді рәсімдеу бойынша кеңестер:
  • Мәтін сол жақ бойынша түзетілуі тиіс (бұл мәтінді визуалды түрде жақсы қабылдауға әсер етеді);
  • Постерді бос жер қалмағанша ақпаратқа толтырған дұрыс емес. Постердің 50% мәтіндік ақпаратпен, ал қалған жерін кесте, схема, сурет және т.б. графикалық ақпаратпен толтырған жөн;
  • Постерде зерттеу туралы ақпаратты қабылдауға кедергі келтіретін тым қарама-қайшы түстер қолданбаған абзал.
Постер форматы: постер көлемі — А1; ғаріп көлемі — 28 пт-дан көп болмауы тиіс; титулдық тақырып; фон мен мәтін түстері қарама-қайшы болуы қажет (ақ фон – қара түсті мәтін; қара-көк фон – ашық сары мәтін және т. б.).
Постердің құрылымы келесі бөлімдерден тұруы қажет:
  1. Тақырыптың мақсаты мен көкейкестілігі;
  2. Зерттеу сұрақтары;
  3. Әдіснама (зерттеу әдістері: сауалнама, сұхбат, фокус топтары, құжаттарды талдау және т.б.);
  4. Нәтижелер мен талдау;
  5. Қорытындылар;
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Постерлердің үлгілерін Назарбаев Зяиткерлік мектептері мұғалімдерінің постерлер жинағынан (жинақ көшірмесі Назарбаев Зияткерлік мектептер кітапханасы мен Зерттеушілер қауымдастығында электрондық нұсқада орналасқан //sk.nis.edu.kz/), әрі [1] [2] сілтемелеріне өту арқылы табуға болады.

4. Секциялық отырыстардың төрағалары мен дискуссанттарына арналған ақпарат

Әрбір секция 90 минутқа созылады. Төменде жұмыс барысында қатаң түрде ұсталынатын тәртіп көрсетілген:
  • 2-3 минут: секция төрағасының алғысөзі;
  • 1 сағат: баяндамашылардың презентациялары;
  • 25 минут: қатысушылар көрсетілген презентацияларды талқылайды, сұрақ-жауап сессиясы жүргізіледі, қорытынды шығарылып, оқылған баяндамалардың негізінде ұсынымдар келтіріледі;
  • 2-3 минут: секция төрағасының қорытынды сөзі.
Секция аясында баяндама оқу тәртібі:
  • Екі баяндамашы: презентацияға 30 минут;
  • Үш баяндамашы: презентацияға 20 минут;
  • Төрт баяндамашы: презентацияға 15 минут;
  • Бес баяндамашы: презентацияға 12 минут. 
Секциялық отырыс төрағасына арналған ескертпелер
Секция басталмас бұрын:
  • бағдарламаны алдын-ала қарап, қосымша материалдардың берілуін сұраңыз;
  • баяндамашылардың қысқаша өмірбаянымен, баяндамаларымен, мүмкін болса, баяндамашымен танысыңыз;
  • баяндамашыларды баяндама оқу ережесімен және қалған уақыт туралы ескерту үшін қолданылатын белгілермен таныстырыңыз;
  • түрлі форматтағы презентациялар (PowerPoint, Prezi, OOo Impress) алдын ала компьютерге көшірілгеніне және баяндамашылар көрсеткен техникалық талаптар сақталғандығына көз жеткізіңіз.
Секция барысында:
  • тыңдармандармен амандасып, өзіңізді таныстырып, сессия мақсаты мен баяндамашылар туралы айтып беріңіз;
  • баяндамашыларды қалған уақыт туралы ескерту үшін қолданылатын белгілермен таныстырыңыз;
  • баяндамашыға баяндама оқып болған соң алғысыңызды білдіріңіз, келесі баяндамашының аты-жөні мен баяндамасының тақырыбын дауыстап айтыңыз;
  • егер баяндамашы тәртіпті сақтамаса, сыпайы түрде баяндама оқығаны үшін алғыс білдіріп, тоқтауын сұраңыз;
  • барлық баяндамашылар баяндама оқып болған соң, талқылау үшін қатысушыларға сөз кезегін беріңіз;
  • сұрақ-жауап сессиясын өткізген соң, баяндамашыларға, талқылау қатысушылары мен тыңдармандарға қатысқандары үшін алғыс айтыңыз.
Секциядан соң:
  • қатысушылармен көрсетілген презентацияларды талқылау үшін кішкене қалыңыз;
  • барлық баспа және электронды ресурстар Ұйымдастырушы комитетке тапсырылғандығына көз жеткізіңіз.
Дискуссанттарға арналған ескертпелер
Секция басталмас бұрын:
  • бағдарламаны алдын-ала қарап, қосымша материалдардың берілуін сұраңыз;
  • баяндамашылардың қысқаша өмірбаянымен, баяндамаларымен, мүмкін болса, баяндамашымен танысыңыз.
Секция барысында:
  • талқылауға баяндамашылардың презентацияларынан тақырыптар ұсыныңыз;
  • сұрақ-жауап сессиясын өткізу барысында белсенді, ашық және рационалды талқылауға жағдай жасаңыз;
  • көпшіліктің пікірін есепке ала отырып, ұсынымдар бойынша қорытынды жасаңыз.
Секциядан соң:
  • барлық ұсынымдардың conference (@) nis.edu.kz электрондық поштасына Ұйымдастырушы комитетке жіберілгендігіне көз жеткізіңіз.
Егер секцияда дискуссант болмаса, секция төрағасы презентациялар бойынша талқылауды жүргізуді және оқылған баяндамалар негізінде жасалған ұсынымдар бойынша қорытынды шығаруды өз мойнына алады.

5. Жинақта мақала жариялауға қойылатын талаптар

Жинақта жариялау үшін конференция баяндамашыларының мақалалары 25 қарашаға дейін қабылданады.
Мақалаларға қойылатын талаптардың үш тілдегі нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы жүктеп ала аласыз.