Спикер туралы ақпарат

Энди Харгривз

Канада

Энди Харгривз – Канадалық Оттава университетінің Chenine (Change, Engagement and Innovation in Education, Білім берудегі өзгерістер, ынта деңгейі мен инновациялар) орталығының директоры және АҚШ-тағы Бостон колледжінің құрметті профессоры. Халықаралық Мектеп тиімділігі мен жетілдіру конгрессінің бұрынғы президенті, білім беру бойынша Онтарио премьер-министрінің бұрынғы кеңесшісі (2015-2018), ал қазіргі уақытта білім беру мәселелері бойынша Шотландияның Бірінші министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарады. Энди – 30-дан астам кітаптың және рецензия жасалған журналдарда жарияланған 100-ден астам мақаланың авторы. Ол – 8 жоғары дәрежелі жазушылық сыйлық иегері, олардың арасында Майкл Фулланмен бірге жазған «Кәсіби капитал» (2015) кітабы үшін білім беру саласындағы беделді Гравемайер сыйлығы (100 000 АҚШ доллары) бар. Қоғамдық білім беру мен білім беруді зерттеу саласындағы жұмысы үшін Канадада, АҚШ-та және Ұлыбританияда марапатталды, Education Week рейтингі бойынша АҚШ-та білім беру саласындағы саяси пікірге әсері ең зор ғалымдардың бірі. 2015 жылы оған Бостон колледжі «Технологияларды қолдану арқылы оқытудағы үздік жетістіктері үшін» марапатын табыс етті. Ол Гонконг білім беру университеті мен Швецияның Уппсала университетінің құрметті докторы дәрежесіне ие. Корольдік өнер қоғамының мүшесі. Профессор Харгривз – тамаша спикер және 50-ден астам елде, АҚШ-тың 47 штатында және Аустралия мен Канаданың барлық штаттары мен өңірлеріне шақырылып сөз сөйледі. Оның соңғы кітаптарының арасында 2020 жылғы «Қозғалыс: әлеуметтік мобильділік туралы мемуар» және 2021 жылғы шілдеде жарияланған «Оқушыны оқуға қызықтырудың 5 әдісі» (Solution Tree баспасы).

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

10:00 – 12:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Баланың әл-ауқаты мен жетістіктері: қарама -қайшылықтардың үйлесімі

Осы ғасырдың ең үлкен пандемиясы көптеген ай бойы миллиондаған оқушылар мен мұғалімдерді сынауда. Осы тәжірибе бізге не үйретті және алдымыздағы уақытта біз не істей аламыз? Мұғалімдердің онлайн оқытуды жүзеге асыру үшін үйренген дағдылары мектепте технологияның кең қолдануына шақыра ма, әлде оқушылардың экран алдында шамадан тыс уақыт өткізу орнына бетпе-бет оқыту қажет пе? Ахуал, денсаулық пен мектептегі қарым-қатынастың маңыздылығы туралы не үйрендік? Пандемия кезінде қай елдер білім беруді тиімді ұйымдастыра алды? Олардың тәжірибесінен тиімді көшбасшылық, позитивті ынтымақтастық және икемді жүйелер туралы не үйрендік? Қатарына екі жыл бойы емтихандарды тоқтатқаннан соң білім берудегі бағалау жүйесін жаңадан ойластыру қажет пе? Пандемия кезінде үкіметтермен жұмыс жасау тәжірибесіне сүйеніп, Энди Харгривз пандемиядан кейінгі әлемдегі білім беруді ұйымдастыру жолдарын түсіндіреді.

 

Күні: 12.11

Уақыты:

12:15 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Өзекті дүние, технология мен ойын-сауықпен шектелмей оқушыларды қызықтыру

Оқушыларды қызықтыру – оқушылар жетістіктерінің жаңа беделі. Алаңдататын әрі бөгет болатын нәрселерге толы әлемде оқушылардың назарларын дұрыс бағытқа аудармай, құштарлықтарын ашпай, өмірлері мен қызығушылықтарымен байланыс орнатпай оларды табысқа жеткізу қиын.

Қызығушылық сыныпқа келген соң мұғалімнің айтып отырғанына қараумен шектелмейді. Жеті жылғы зерттеуге негізделіп осы мастер-класс оқушыларды қызықтыру не екенінің ақиқатына жетпекші. Кейде ол оқушылардың қызығушылықтарына қатысты болады, кейде ол жаңа нәрселерге қызықтыруға шақыруы мүмкін. Кейде ол климат өзгеруі секілді өзекті жаһандық тақырыптарды, ал кейде ол аңыз-ертегі мен әзіл-күлкілі тақырыптарды қозғайды. Технологияны қолдансаңыз болады, қолданбасаңыз да болады. Белгілі бір мәселеге қызығу кейде қиын болуы мүмкін, ал кейде күрес пен я бір нәрсені қиғанды қажет етеді.

Осы мастер-класс Деннис Ширлимен бірлесіп шығарған Student Engagement кітабына негізделген. Сонымен қатар ол қызықпаушылық мәселесі мен оны шешу жолдарын талқылайды.