Спикер туралы ақпарат

Дарюс Радкявичюс

Литва

Дарюс Радкявичюс – Вильнюс Қалалық кеңестің депутаты, білім беру мен мәдениет комитетінің мүшесі, Еуропалық Реконструкция мен Даму банкінің сарапшысы.

Дарюс мырза – Шектеу теориясы (Э. Голдратт) Халықаралық ұйымының сертификатталған сарапшысы, Литвадағы кітапқа мамандандырылған UAB Rgrupe консультациялық бизнес пен баспаның иесі. Соныaмен қатар, ол – 3 шығармашылық жоба-кітап авторы – «Құдай, квантттық физика, ұйымдастырушылық кешен мен басқару стилі»; «Алтын дәуірді күтуде» (йога мен мәнді іздеу туралы); «Архетип айнасы ретіндегі стиль». Балаларға білім беру саласындағы жетекші көрегендермен «Болашақ мектебі және/не бақыт» сұхбат топтамасын өткізді.

 

 

Спикердің баяндамалары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

15:45 – 16:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс 

Мектеп – қауымдастық жүрегі

Ұзақ уақыт бойы мектеп оқыту мен тәрбие беруді оңаша түрде ұсынды. Бұл арада ата-ана да жауапты деген көзқарас бар. Алайда уақыт тапшылығына орай ата-ананың көпшілігі осы қызметті дұрыстап орындай алмады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп ауласы шарбақпен қоршалып, оңаша аралға айналатын.

Алайда уақыт өзгерді, қоғам ашық көзқарасты көбірек ұстана бастады, жаңа технологиялық шешімдер мен білім беруде дербестірілген оқыту кеңінен орын алуда. Аралас және гибридті оқыту аясында “ескі” мектеп білім беру үдерісі үшін негізгі орын емес, топтық жобаларға арналған орын болып саналады.

Осылайша біз “шіркеу” феноменін қайталап отырмыз. Қазіргі кезде шіркеу ғимарат емес, ол – қауым. Мектеп те солай, уақыт өте келе ол ғимаратымен шектелмей, айналадағы қауыммен байланысады.

Мектеп рөлін қалайша өзгерте аламыз? Мектепті қауымдастық жүрегіне қалайша орната аламыз? Әлде бұл керек емес те шығар?

Ата-аналардың қалауын орындап, баласын топтағы біреу болып қана санамай, онымен жеке жұмыс қалай жасай аламыз?