Спикер туралы ақпарат

Мери Жан Галлахер

Канада

Мери Жан Галлахер – білім беруді жетілдіруге талпынушы және үздік нәтиже мен теңдікке зор мән беретін оқытушы әрі көшбасшы.

Галлахер ханым 2008-2015 жж. Онтарио білім министрінің орынбасарының көмекшісі және оқушылар жетістіктері бойынша бас маман болып қызмет атқарды. Осы лауазымға ие бола отырып ол Онтарионың 5,000 мектебінде сауаттылық деңгейін 18%-ға және қорытынды емтихан бойынша үлгерімді 18.5%-ға көтерді. Министрліктегі жұмысына дейін ол 1995 жылдан бастап оңтүстік Канаданың мектеп округында, Жоғары Эссекс аймағының мектеп кеңесінің басшысы (суперинтенданты) ретінде жұмыс жасады. Бұған дейін ол математика мен информатикадан сабақ берді, Онтарио білім беру басқармасы басшылары кеңесінің төрайымы, Онтарио білім беруді жетілдіру комиссияның бастығы, орта мектеп директоры және мектеп кадрлары мен даму мәселелері бойынша орынбасары болды.

Галлахер ханым M.J. Gallagher and Associates атты өз компаниясын ашты және Michael Fullan and Associates компаниясының жүйені жетілдіру бойынша аға басшысы. Аустралияның Виктория штатында білім басқармасының білім беру бойынша кеңесшісі, 26-дан астан елде мектеп округы, министрлік пен білім беру басқармаларының басшыларына презентация, кеңес пен тәлімгерлік ұсынды. Д-р Галлахер – білім берудегі жүйелік реформа тақырыбында бірнеше баспа авторы. Білім берудегі инновациялық көшбасшылығы үшін көптеген кәсіби сыйлықтарды иеленген, олардың ішінде: 2008 жылы Уинздор университеті құрметті құқық докторы, Онтарио Phi Delta Kappa ассоциациясының 2013 жылғы Үздік оқытушысы, 2015 жылғы Онтарио мектеп директорлары кеңесінің сыйлығы. Жуырда ол Канаданың Білім беру серіктестігінің Үздік білім беру оқытушысы атанды. Кент мемлекеттің университеті Джеральд Рид атындағы халықаралық және мәдениетаралық білім беру орталығы Кәсіби кеңесші ұйымының мүшесі.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 12.11

Уақыты:

14:00 – 15:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Орта мектептегі шеберлік, теңдік пен әл-ауқат: оқушы жетістіктері үшін бірлесіп қызмет жасау

Оқушыларымыз үшін әр мектеп күн сайын жоғары санатта білім беруі және олардың өсуі мен әл-ауқатын қолдайтын орта құруы керек. Бұл қазір әсіресе маңызды. Оқытушылар ретінде мақсатымыз осы – кәсіби тәжірибемізді күн сайын жетілдіріп, оқушыларымызды «қиялдарына барынша сәйкес, табысты болашақтарына» дайындау. Соңғы жиырма жылда әлемдегі білім басшылары мектептер мен оларды қолдайтын жүйелерді үздіксіз жетілдіру арқылы алға жетелеу жолдарын үйренді. Мектеп оқыту ұйымы ретінде бәрі де (оқушылар, қызметкерлер, басшылық және жалпы қауым) үйреніп, табысқа жететін орын бола алады. Осы презентация аясында осы мақсатқа жету жолдары тәжірибеден алынған мысалға негізделіп талқыланады.

 

Күні: 12.11

Уақыты:

12:15 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Орта мектептегі жетістік, оқыту мен әл-ауқат: бұны шындыққа қалай айналдыруға болады?

Осы семинар аясында мектептердің соңғы жиырма жылда табысқа жету жолдарындағы сабақтарды, оқушылар, мектеп қызметкерлері, басшылары мен барша қауымды тарту арқылы барлығы үйрене алатын және үздіксіз, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін мәдениет пен мектеп құру жолдарын талқылаймыз. Қатысушылар мектеп немесе мектептер тобын жетілдіру мақсаттарын анықтап жоспар құра бастайды және оны жүзеге асыру жолдарымен танысады.