Спикер туралы ақпарат

Эрик Шенингер

АҚШ

Эстер Войжитски үш нәрсенің арқасында танымал: мыңдаған баланың өмірін өзгерткен, орта мектептерге арналған бағдарламаның негізін салды; Силикон алқабының Стив Джобс сияқты аты аңызға айналған тұлғаларын шабыттандырды және әйгілілікке ие болған үш қызын тәрбиелеп өсірді. Осы үш жетістіктің бәріне не ортақ? Олар – әйгілі адамдарды тәрбиелеудегі Эстердің сиқыры, TRICK (Trust – сенім, Respect – құрмет, Independence – дербестілік, Collaboration – ынтымақтастық, Kindness – қайырымдылық) әдісінің нәтижесі. Бұл – түбегейлі нәтижелер ұсынатын қарапайым қағидаттар.

Эстер Войжитски – америкалық жетекші педагог әрі журналист. YouTube бас директоры Сьюзан Войжитски, Фулбрайт ғалымы Джанет Войжитски мен «23 And Me» ұйымының негізін қалаушысы Энн Войжитскидің анасы, сондай-ақ Джеймс Франко мен Лиза Бреннан-Джобстың мұғалімі әрі тәлімгері. Эстер АҚШ-тағы ең табысты ана әрі тәлімгер ретінде кеңінен танымал. Эстер адамдарды өз әлеуеттерін толықтай ашу үшін тәрбиелеу, оқыту мен басқаруда маңызды қағидаттарды ұсынады. Бала тәрбиелеуге деген көзқарасты өзгертіп, әлемді өзгертесіз!

Спикердің презентациялары

 

Күні: 12.11

Уақыты:

10:00 – 12:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Сыныптағы серпілісті ойлау тәсілдері: Оқушыларды болашақтарына дайындау

Әлемдегі орын алып жатқан өзгерістерді болжау өте қиын. Өзгерістерге себепші күштерге қарамастан ұстаздар оқушыларды осы және келер шақтағы табыстарға дайындауда елеулі рөл атқарады. Осы мақсатқа жету үшін үздік жолдардың бірі – сынып пен мектепте серпілісті ойлау мәдениетін енгізу. Бұл ойлау мәдениеті әр оқушының тәлім алу өзектілігі болашақта сақталатынына кепіл береді. Уақытпен сыналған, мағыналы оқу тәжірибесін  құруға бағытталған және мыңдаған сыныптарда туған әңгіме, практикалық идея мен терең ойды біріктіретін әсерлі сапарға дайын болыңыз. Оқыту мен сабақ беру бойынша сыныптарымызда орнаған статус-квоны сынайтын уақыт келді. Біздің оқушылар мен олардың жаңа әлемдегі болашағы тек біздің қолымызда.

 

Күні: 11.11

Уақыты: 

15:45 – 16:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Цифрлық көшбасшылық: өзгермелі уақыттағы өзгермелі парадигмалар

Өзгерістерді күтудің қажеті жоқ, олар босағамызды аттап алдымызда қазір-ақ тұр. Білім берушілер осыны түсініп, оқушыларды құбылмалы әлемде өркендеуге дайындауы қажет. Білім беру практикасы әлемдегі өзгерістен қалмай дамуы керек. Цифрлық көшбасшылық ойлау өрісі мен іс-әрекетте елеулі өзгерісті білдіреді, ол оқыту, сабақ беру, оқу мен басқаруды жетілдіру үшін қажетті өзгерістер жасауға және мүдделі тараптармен берік қарым-қатынас орнатуға жетелейді. Жоғары нәтижелерге жету үшін күшпен емес, ақылмен жұмыс жасайтын уақыт келді. Вебинар қатысушылары тұрақты дамуды жүзеге асыруға болысатын Цифрлық көшбасшылық негіздерімен танысады. Осы негіздерді қолданып, олар кәсіби практикаларының әр-түрлі тұстарын қолдау және жетілдіру стратегияларын «цифрлық» көзқарасты қолданып үйрене алады.