Спикер туралы ақпарат

Эстер Войджитски

АҚШ

Эстер Войджитски үш нәрсенің арқасында танымал: мыңдаған баланың өмірін өзгерткен, орта мектептерге арналған бағдарламаның негізін салды; Силикон алқабының Стив Джобс сияқты аты аңызға айналған тұлғаларын шабыттандырды және әйгілілікке ие болған үш қызын тәрбиелеп өсірді. Осы үш жетістіктің бәріне не ортақ? Олар – әйгілі адамдарды тәрбиелеудегі Эстердің сиқыры, TRICK (Trust – сенім, Respect – құрмет, Independence – дербестілік, Collaboration – ынтымақтастық, Kindness – қайырымдылық) әдісінің нәтижесі. Бұл – түбегейлі нәтижелер ұсынатын қарапайым қағидаттар.

Эстер Войджитски – америкалық жетекші педагог әрі журналист. YouTube бас директоры Сьюзан Войжитски, Фулбрайт ғалымы Джанет Войжитски мен «23 And Me» ұйымының негізін қалаушысы Энн Войжитскидің анасы, сондай-ақ Джеймс Франко мен Лиза Бреннан-Джобстың мұғалімі әрі тәлімгері. Эстер АҚШ-тағы ең табысты ана әрі тәлімгер ретінде кеңінен танымал. Эстер адамдарды өз әлеуеттерін толықтай ашу үшін тәрбиелеу, оқыту мен басқаруда маңызды қағидаттарды ұсынады. Бала тәрбиелеуге деген көзқарасты өзгертіп, әлемді өзгертесіз!

Спикердің презентациялары

 

Күні: 12.11

Уақыты: 

14:00 – 15:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

WOJ WAY философиясы болашақ ұрпақты шыңдатуға қалай ат салыса алады

Соңғы жылдары әлем деңгейінде түбегейлі өзгерістерге куә болудамыз. Әлем халқының көпшілігі үшін ең үлкен өзгеріс қарым-қатынас орнату жолдарында. Сонымен қатар, оқуда, сауықта, саяхат жасауда айтарлықтай өзгерістер орын алды. Өзгеріссіз бұрынғы қалпында қалған жалғыз жүйе – сабақ беру. Лекциялық әдіс пен материалды жаттату әлі де білім беру саласында елеулі орынға ие. ХХІ ғасырдың талаптарына білім беру жүйесін қалай бейімдей аламыз? Эстер Войджитски пленарлық отырыста осы тақырыпты талқылайды.

 

Күні: 12.11

Уақыты:

12:15 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Мектеп пен қауымдастық мәдениеті балаларды табысқа қалай жетелей алады

Бала өміріндегі әсері ең зор екі топ – отбасы мен мектебі. Ата-аналардың көбі балаларын тәрбиелеу мен оқыту міндетін мектептерге жүктейді, алайда осы екі тарап бірігіп балаға болысуы қажет. Ынтымақтасып олар ойланушы, өзі-өзіне сенімді ұрпақты асырай алады. Мектеп мәдениеті қауымдастықпен бірігіп балалардың бақыты мен креативтілігін қалайша жетілдіре алады? Эстер Войджитски болашақ ұрпақтың табысты даму жолдары туралы сөз қозғайды