Спикер туралы ақпарат

Гленда Уолш

Доктор Гленда Уолш мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі ойын және ойын педагогикасы саласындағы халықаралық сарапшы және Солтүстік Ирландия (СИ) мен одан да тысқары елдерде оқу бағдарламаларын құрастыруға айтарлықтай үлес қосып келеді. Ол Стрэнмиллис университетінің колледжіндегі мектепке дейінгі білім беру бөлімін басқарады және оқушының үлгерімінің төмен болу себептерін зерттейтін орталық директорының көмекшісінің қызметін атқарады. Ол СИ-де ерте жастағы балаларға арналған тереңдетілген оқу бағдарламасының жобасын лонгитудиналды бағалау сияқты көптеген ірі зерттеу жобаларын жүзеге асырды, бұл өз кезегінде Ирландия Республикасында мектепке дейінгі білім берудегі оқу бағдарламаларын қайта қарауға және халықаралық зерттеу өткізуге негіз болды. Гленда жұмысының көп бөлігі қолданбалы бағытқа ие және мектепке дейінгі біліммен айналысатын мекемелермен, мектептермен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп, ерте жастан білім беру саласындағы озық тәжірибенің модельдерін жасап, басқалармен бөлісуде. Сонымен қатар Нью-Йоркте және басқа да елдерде мұғалімдерге арналған кәсіби дамудың кең бағдарламасын жүзеге асырады. Ол бірнеше жарияланымдардың авторы, оның ішінде “ойынға толы оқу және оқыту” журналының жетекші редакторы (SAGE, 2017).  Бұл оның мектепке дейінгі білімге деген қызығушылығын баларға жоғары сапалы білім беру үшін ойынға толы оқу және оқыту сияқты  дилеммаларын шешу арқылы айқын көрсетеді.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты: 

12:00 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Бұл «жай ғана ойын емес»: мектепке дейінгі ұйымдарда ойынды оқыту мен оқуға еңгізу