Спикер туралы ақпарат

Гошин Михаил

«Жоғарғы экономика мектебі» ҰЗУ Білім беру институтының ғылыми қызметкері (Ресей)

Михаил Гошин 2002 жылы биолог, оқытушы мамандығы бойынша П.Г. Демидов атындағы Ярославль мемлекеттік университетін үздік бітірді. 2006 жылы кандидат диссертациясын қорғап химия ғылымдарының кандидаты атанды. 2014 жылы «Психология» мамандығы бойынша «Жоғарғы экономика мектебі» ҰЗУ магистратурасын үздік бітірді. 2013 жылдан бастап Мәскеу қаласында «Жоғарғы экономика мектебі» ҰЗУ А.А. Пинский атындағы Жалпы және қосымша білім беру орталығында ғылыми қызметкер қызметін атқарады. Оның ғылыми қызығушылықтары: ата-аналардың білім беруге, қосымша білімге қатысуы, агенттілік, білім беруді басқару, ақпараттық айқындылық. ЖЭМ ҰЗУ Білім беру институтында қызмет атқарғалы ол шамамен 30 баспа шығарды, жетеуі Scopus және Web of Science дерекқорларында индексі бар журналдарда.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 12.11

Уақыты:
12:15 – 13:00

 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс 

Ата-аналарды білім беруге тарту стратегиялары және оқушылардың қосымша білім беруге қатысуы

Ата-аналардың білім беруге және сабақтан тыс іс-шараларға қатысуы осы іс-шараларға оқушылардың қатысуына және үлгерімге деген ықпалы зор. Алайда ата-аналардың қолданатын әр стратегияның нәтижесі әр-түрлі болады, себебі олардың тиімдігі бірдей емес. Ата-ана қатысудың бір формасы балалардың сабақтан тыс шараларға қатысуына оң әсер етеді, ал басқалары ынтаның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осы семинар асында ата-аналардың білім беруге қатысудың типологиялық моделдерін құрастыруға арналған теориялық тәсілдерді қарастырамыз және ата-аналарды білім беруге тарту формалары мен оқушылардың қосымша білім беруге қатысуы арасындағы байланысты анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылады.