Спикер туралы ақпарат

Исак Фрумин

Ресей

Исак Давидұлы – «Жоғарғы экономика мектебі» ҰЗУ Білім беру институтының ғылыми жетекшісі. Ол – педагогика ғылымдарының докторы, атақты профессор, Ресей федерациясының еңбек сіңірген мұғалімі. 

1999-2011 жылдары Исак Давидұлы Дүниежүзілік банктың Ресейдегі білім беру бағдарламасын басқарды. Дүниежүзілік банктың Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Непал, Түркменстан мен Үндістандағы жобаларымен тәжірибесі де бар. 

2012-2016 жылы Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болды. 2020 жылдан бастап Халықаралық білім беру академиясының академигі қызметін атқарады. 

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

10:00 – 12:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Пандемиядан кейін мектепте білім беру туралы жаңа не үйрендік? 

Білім беру жүйесі мен қауымдастықтың алдына түскен жаһандық сын-қатерлер осы жағдайды зерттеуге және жаңа сұрақтарға жауап табатын зерттеу жасауға түрткі болды. Осы баяндамада ҒЗУ ЖЭМ Білім беру институты зерттеулерінің нәтижесі ұсынылады. Осы зерттеулер аясында біз мынадай сұрақтарды қойдық: Білм беруде не маңызды? Табысқа себепші не болады? Қашықтан оқуға мәжбүр болудың кемшіліктері не? Әр дағдарыс – жаңа мүмкіндік көзі десек, пандемиядан кейін осы жаңа мүмкіндікті тапқан кім? Отбасының рөлі қандай? Теңсіздікте қандай өзгеріс орын алды? Осы тәжірибеден қандай дәріс алдық (оң болсын, теріс болсын), қолымыздан не келеді және нені өзгертеміз?