Спикер туралы ақпарат

Мартин Бүрдер

Ұлыбритания

Мартин – мұғалім, спортшы және сиқыршы. Оны әлемнің кез келген қырында велосипед айдағанын (бұл – оның ең үлкен жетістігі), ән-күй ойнағанын не Ironman сайысына қатысқанын (бірақ бәрін бір уақытта емес!) көре аласыз. Осы оқиғалар мен олардан алынған сабақтары Мартиннің позитивизм туралы түсінігін қалыптастыруға себепші болды. Қатал шындық пен жайдарлы әңгімелерді біріктіріп Мартин аудиторияны өздерінің жетістік пен өзгеріске жете алатынына сенімдерін күшейтеді.

Мартин жаңа нәрселерді үйренуді барынша қолдайды. Кез келген мақсатқа бет бұрсақ, оған жету үшін ресурстарды, «ұстаздарды» және жігерді таба алатынымызға Мартин сенімді. Сізбен бірге осы амбицияларды орындау үшін ол мынадай сұрақтарды қоюды ұнатады: «Қандай жетістікті көздейсіз?», содан соң «Сіз үшін табыс нені білдіреді?». Мартин осы сұрақтарды сұрамауды таксиге отырып, баратын жерді білмеумен теңестіреді.

Мартин – өмірінен рақат алып, жеңдері бормен кірленген білікті ұстаз. Алайда ол «Art of Bril» тобының шақыруынан бас тарта алмады. Осы платформа арқылы ол өз идеяларын алысқа тарата алады.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 12.11

Уақыты:
12:15 – 13:00

 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Тамаша бала болу өнері.