Спикер туралы ақпарат

Пабло Торрес

Ұлыбритания

Пабло – бастауыш мектепке негізделген білім беру мен даму аясындағы психолог. Оның зерттеулері ойын мен педагогикада кездесетін әлеуметтік өзара әрекеттесулерін, сонымен қатар балалардың оқуға, әлеуметтік және танымдық дамуға деген көзқарастарын қарастырады. Сондай-ақ ол – технологияның балалардың дамуына қалай ықпал ететінін білуге құштар зерттеуші. Бұрын Пабло Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде ғылыми қызметкер және Кембридждегі ESRC аспиранты болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта Кембридж университетінің білім беру факультетінде постдокторантура бойынша британдық ғылыми қызметкер ретінде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі оқушылардың өзін-өзі реттеуге әсер етуі үшін мәдениеттің маңыздылығын зерттейді.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

12:00 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Оқушылардың өзін-өзі реттеуін дамытуға арналған мәдени-тиімді оқыту: Фактілер бізге не айтады?

Мәдениет балалар мен жасөспірімдердің дамуына ықпал ететін оқыту түріне қалай әсер етеді? Осы уақытқа дейін қалыптасқан бірдей оқыту стратегиялары бүкіл әлемдегі балалар мен жасөспірімдердің дамуына бірдей әсер етеді деп есептелген. Алайда, жаңа зерттеулер көрсеткендей, олар іс жүзінде әртүрлі елдерде білім алуға және дағдыларды дамытуға әртүрлі, тіпті қарама-қарсы әсер етуі мүмкін. Бұл сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі реттеуін дамытуға қатысты, бұл оқу мен оқу жетістіктерін жақсарту үшін қажет негізгі жеке дағдылардың бірі. Бұл презентацияда Пабло Торрес Балалық шақта және жасөспірім кезіндегі әртүрлі мәдениеттердегі оқушылардың өзін-өзі реттеуіне ықпал ететін мәдени-тиімді оқыту (және ата-ана тәрбиесі) бойынша заманауи зерттеулерді ұсынады.