Спикер туралы ақпарат

Вадих Маалуф

PhD, БҰҰ ЕҚБ штаб- пәтері алдын-алу, емдеу және оңалту секциясының жаһандық бағдарлама үйлестірушісі

Вадих психикалық денсаулық және нашақорлық эпидемиологиясы бойынша философия докторы (PhD). Оның БҰҰ-ға сапары 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймақтық бюросында (MENA) есірткіге сұранысты азайтудың ұлттық стратегияларын бағалайтын және анықтайтын аймақтық эпидемиолог және есірткіге сұранысты азайту жөніндегі кеңесші рөлінен басталды. 2010 жылдан бастап Вадих Венадағы БҰҰ ЕҚБ штабпәтерінің нашақорлықтың алдын алу және денсаулық сақтау бөлімінің жаһандық бағдарламасының үйлестірушісі қызметін атқарады. Оның жаһандық бағдарламасы – БҰҰ ЕҚБ ғылыми негізделген профилактикалық іс-шаралар мен саясатты ілгерілетуде пайдаланатын негізгі құрал. Оның рөлі – есірткі, қылмыс және зорлықзомбылықтың алдын алу үшін отбасылық дағдыларды дамытуға және мектептер мен спорт орындарында өмір сүру дағдыларын үйретуге байланысты әрекет ету шараларының әсерін әзірлеу, сынақтан өткізу және бағалау. Вадих – балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша INSPIRE мекемеаралық бастамасына қатысты. Вадих сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ есірткіні пайдаланудың алдын алу бойынша ДДҰ халықаралық стандарттарын әзірлеуге қатысты және есірткіге сұранысты қысқарту саласында бірнеше басылымдары бар

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

12:00 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Есірткіні қолданудың алдын- алудың Халықаралық стандарттарына сәйкес әлеуметтік және эмоционалды оқыту бағдарламалары және олардың білім беру саласы үшін маңызы.

Нашақорлықтың алдын-алу әдетте хабардарлықты арттыру (негізінен қорқынышқа негізделген), науқандары және есірткіден бас тарту қажеттілігі туралы хабарламалар тарату арқылы жүзеге асырылады. Осы парадигмаға сәйкес есірткі – алаңдаушылықтың негізгі тақырыбы, сәйкесінше іс-шаралар негізінен жасөспірімдерге бағытталған (себебі осы жаста пікірталастар орын алуы ықтимал).

Алайда, бұл әдістер БҰҰ ЕҚБ және ДДҰ есірткіні қолданудың алдын-алу жөніндегі халықаралық стандарттарына (стандарттар) қайшы келеді. Осы стандарттарға сәйкес дәлелдемелерге негізделген тиімді алдын-алу стратегиялары балалар мен жастардың дамуының әр кезеңінде зияткерлік, тілдік, танымдық және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамытуға бағытталуы керек. Тиісінше, стандарттар алдын-алу ғылымына сенім артуға және дамып келе жатқан тұлғаға ерекше назар аударуға және оның сау, қауіпсіз дамуын қолдауға шақырып, жауап беру шараларындағы парадигманың өзгеруін көрсетеді.

Стандарттар парадигмасына сәйкес, дәлелдемелерге негізделген алдын-алу шаралары ерте жастан басталуы мүмкін (бұл дұрыс та болар), ал кейбір шаралардың нәрестелік кезден басталуы (немесе тіпті құрсақтағы эмбриональды кезеңде) тиімді екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бұл парадигмадағы өзгерістің аса құнды элементі – дәлелді алдын-алу шаралары қауіпті мінез-құлық ретінде заттарды қолдануға ғана тән емес осалдықтарды жоюға бағытталған. Дәл осындай шаралар зорлық-зомбылықтың, психикалық денсаулықтағы проблемалардың, академиялық сәтсіздіктің және басқа да жағымсыз әлеуметтік салдарлар мен денсаулыққа әсердің алдын алады. Тиісінше, бұл араласулар елдің тұрақты дамуының мақсаттары мен міндеттерін қолдай отырып, экономикалық тиімділік тұрғысынан үлкен пайда әкеледі.

Стандарттарға сәйкес әрекет ету шаралары әр түрлі жастағы балалар қажеттілігіне сай болатын және олармен байланысатын әртүрлі мекемелердің үйлесуі мен ынтымақтастығы жан-жақты, пәнаралық және сектораралық көзқарасты қажет етеді. Балалардың әл-ауқатына жауап беретін негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып отбасы мен мектеп қала береді. Бұл баяндамада БҰҰ ЕҚБ-нің Стандарттарды бүкіл әлемдегі осындай мекемелер арқылы қолдану жөніндегі тәжірибесі көрініс тапты.