XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Рик Соммер

Стэнфорд университеті Халықаралық дайындық бағдарламаларының атқарушы директоры, АҚШ


Рик Соммер, философия докторы, қазіргі уақытта Халықаралық дайындық бағдарламалары орталығының атқарушы директоры және Стэнфорд университетінде математика және философиядан дәріс беретін оқытушы болып табылады. Доктор Соммер 1990 жылы Берклидегі Калифорния университетінде математика бойынша докторантураны тәмамдады. Стэнфорд университетіндегі еңбек жолын математика профессорының көмекшісі ретінде бастады. 1995 жылы д-р Соммер Стэнфорд университетіндегі математика лагерін құру (Stanford University Mathematics Camp» SUMaC) ісіне қатысты, онда ол лектор және директор қызметін атқарып келеді. Қазір SUMAC – дәрістері университетте өтетін жоғары сынып оқушыларына арналған тамаша математика курстарымен танымал. 1996 жылы доктор Сомер әлемнің дарынды және талантты студенттеріне бірегей білім алу мүмкіндігін беретін инновациялық технологияларды пайдалана отырып, Стэнфордтың дарынды жастарға арналған білім беру бағдарламасының онлайн-курстарын әзірлеуге қатысты (Stanford’s Education Program for Gifted Youth – EPGY). EPGY бағдарламасы директорының орынбасары ретінде доктор Соммер EPGY Жазғы Институтын (қазіргі уақытта колледжге дайындайтын Стэнфордтың жазғы институты) жобалау мен іске қосуды басқарды. Қазіргі уақытта д-р Соммер Стэнфорд онлайн-мектебіне және басқа да бағдарламаларға жетекшілік етеді, сонымен қатар ол онлайн режимде болсын, университетте не бүкіл әлемде болсын жоғары сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламаларын жаңартуға тырысады. Доктор Соммер — AI4ALL коммерциялық емес ұлттық ұйымның тең құрылтайшысы және басқарушы мүшесі, аталған ұйым адам өмірін жақсарту мақсатында жасанды интеллекттің дамуына ат салысады. Сонымен қатар, д-р Соммер математикалық логика мен жиынтық теория курстарын оқытады және Стэнфорд университетіне бірқатар маңызды мәселелер бойынша кеңес береді.
XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Академиялық байыту арқылы дарын мен қызығушылықты дамыту

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Мастер-класс

Технологияларды пәнаралық есептік ойлау арқылы қол жетімді ету