VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату

27-28 қазан 2016 ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қош келдіңіз! Конференция 2016 жылдың 27-28 қазанында Астана қаласындағы Халықаралық мектепте өтеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асырушы мекеме болып табылады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын жасақтап келеді.
Біздің ғылыми-практикалық конференциямыз Қазақстан мен басқа елдердегі орта білім беру жүйесіне қызығушылығы бар адамдармен білім беру реформаларын талқылауға арналған негізгі платформа болып табылады. Жыл сайын қазан айында өтетін конференция әлемнің көшбасшыларын, саясаткерлер мен тәжірибешілерді орта білім саласын талқылауға біріктіру мен Қазақстандағы білім берудегі өзгерістерді өткізудегі маңызды рөлді атқарады.

ЭЛЕКТРОННЫЙ СБОРНИК СТАТЕЙ

Баяндамашылар

Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру саласындағы әртүрлі мемлекеттердегі мәртебелі мамандарды шақыруда. MIT, Гарвард, Кембридж университеті мен Сингапурдың Ұлттық білім беру иститутынан келген баяндамашылар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің VIII ғылыми-практикалық конференциясын бұл жылдағы ең айтулы шаралардың біріне айналдырмақшы.

Уильям Шмидт

Еңбегі сіңген профессор, Мичиган Мемлекеттік университеті, АҚШ

Михо Тагума

Саясат аға талдаушы, Білім және дағдылар директораты, Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

Алехандро Адлер

Әл-ауқат бойынша ғалым, постдокторант, Пенсильвания университеті, АҚШ

Дэвид Бриджес

Шығыс Англия университеті мен Кембридж университінің Әулие Эдмунд және Хомертон колледждерінің құрметті профессоры, Ұлыбритания

Павел Лукша

Профессор, Сколкова Инновация орталығы, Ресей

Ивета Силова

— Профессор және Жаһандық білім беруді терең зерттеу орталығының директоры, Мэри Ло Фултон мұғалімдер колледжі, Аризона Мемлекеттік университеті, АҚШ

Ричард Фелпс

Nonpartisan Educational Review редакторы, АҚШ

Том Хсу

Профессор, Массачусетс Технология университеті, АҚШ

Тодд Шварц

education.com негізігін салушыларының бірі, АҚШ

Абстракті жүктеу

Биыл, алғаш рет Конференцияға қатысу үшін өтінішті берудің онлайн жүйесі жасақталған. Конференцияға жіберілген абстрактілер екі рецензенттердің тексерісінен өтеді, және олардың шығарған шешімдері өзгертілмейді. Материалдар баяндама немесе постерлер түрінде ұсынылуына мүмкінкіндік бар. Абстрактілер 600 сөзден аспағаны абзал. Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өтсеңіз болады.
Абстрактілерді қабылдау аяқталды.

Тіркелу

Егер сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясына қатысушы ретінде қатысқыңыз келсе төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтіп тіркелуіңізді сұраймыз. Егер сіздің өтінішіңіз қабылданса жаңа ғана қолданған сілтеме бойынша өтіп, рецензиялаудан кейінгі жіберілген кодты көрсету қажет.
Конференцияға қатысу бағасы Қазақстан мен ТМД-нің мүше мемлекеттерінің азаматтарына — 10 000 теңге, шет ел азаматтарына — 50 000 теңге және қазіргі уақытта оқып жатқан барлық елдер студенттеріне — қатысу бағасы 5 000 теңге.
Конференцияға қатысу гранты Қазақстан Республикасы азаматтарының немесе азаматшаларының кейбір категорияларына қолжетімді. Толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі сілтеме бойынша өтсеңіз болады.
Онлайн тіркелу 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 22 қазан аралығында ашық болады. Бос орындар қалған жағдайда конференция күні тіркелуге мүмкіндік болады.

Орналасқан жері

Конференцияның өтетін жері: Астана қ. Халықаралық мектебі, Түркістан көшесі 32/1 (Орынбор мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында).

Қонақ үйлер

Конференция өтетін жерге жақын орналасқан қонақ үйлер тізімі.

Гранд Прак Есіл

Астана қаласының оң жағалауында орналасқан 4-жұлдызды қонақ үй

Хилтон Гарден Инн

Қаланың ортасында орналасқан заманауи талаптарға сай жасақталған халықаралық қонақ үй

Рэдисон Парк Инн

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан бюджеттік және люкс деңгейіндегі қонақ үйлер

Думан қонақ үйі

Астананың Орталық саябағында орналасқан 4-жұлдызды заманауи қонақ үй

Ибис қонақ үйі

Астананың оң жағалауында орналасқан 3-жұлдызды қонақ үй

Тенгри қонақ үйі

Астананың оң жағалауында ораналсқан қолжетімді, тиімді бағадағы қонақ үй

Көрмеге қатысу

Если вы хотите представить материалы для участия в выставке на Международной научно-практической конференции АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», пожалуйста, свяжитесь по электронной почте conference (at) nis.edu.kz.
Егер сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясының көрмесінде өз материалдарыңызды ұсынғыңыз conference (at) nis.edu.kz электрондық поштасы арқылы байланыссаңыз болады. Конференциядағы көрме орнының екі күндік бағасы 150 000 теңге, бір күндік бағасы 85 000 теңге. Көрмеге қатысу үшін conference (at) nis.edu.kz электрондық поштасына 2016 жылдың 30 қыркүйегіне хабарласуыңызды сұраймыз.