NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Павел Лукша

Павел Лукша Москва мектебінің СКОЛКОВО басқармасының профессоры. Мектеп аясында Халықаралық жұмысты ұйымдастыру және РФ Білім беру минстрлігімен бірлесе Сколково білім беруді дамыту (SEDEC) орталығында білім беруді дамыту бағытындағы жобаларды жүргізеді. 2014 жылдан бастап Global Education Futures — 21 ғасырдағы ғаламдық білім беру моделін және халықаралық платформада келешекті талқылау инициативасын басқарады. Жоба «Білім берудің форсайты 2035» ресейлік жобаның жалғасы болып табылады, ол жобаны Павел 2010 жылдан бастап басқарып, ресейлік Стратегиялық инициатива агенттілігі қолдауымен 10 мыңнан астам жаңашыл бастамаларды тартты және мектепте, кәсіптік — техникалық білім беруде жүйелі білім беру жаңалықтарын жүзеге асыруға көмектесті. 2012 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі біліктілік форсайт жобасына жетекшілік етеді, осы жоба негізінде 2014 жылы «Жаңа мамандықтар атласы» жарық көрді – әлемдегі жаңа және пайда болған мамандықтар бойынша жинақтардың бірі. 2013-2015 жылдары Ресей және Халықаралық жұмысты ұйымдастыру ынтымақтастығы аясында Лукша мырза дамушы елдерде қолданатын біліктілік форсайт халықаралық әдістемелігін дайындауды басқарды (Армения, Вьетнам, Тунис, Танзания, ОАР пилоттық жобалар өткізілді).

VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 27-28 қазан 2016 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Оқушыларды 21 ғасырда қалай және нені оқыту қажет?

Жаһандық экономиканы және технологиялық құрылымды қайта құруда ертеңгі күн бүгінгі күннен басқадай болады деп болжанады. Жалпы сандық түрге көшу, өндіріс секторын қайта құру және қызмет көрсету түрлерін автоматтандыру, қала өмірі мен экономиканы экологияландыру, қоғамның «желілік бағытталған» қарым-қатынастың түрі адамзаттың болашағында жаңа білім мен дағдыларына жаңа талаптар қояды. Маңызды тренд — қоғам күрделігінің өсуіндегі өзгерістердің қарқындауы, оқушыларды алдағы тұрған өзгерістерге толық дайындау толығымен мүмкін еместігін көрсетеді.Осыдан сұрақ туындайды- 21 ғасырда мектеп өзінің білім беру және тәрбие жұмысын орындай отыра, қоршаған әлеммен таныстыра және оқушыны ересек өмірге дайындауда қалай және нені оқыту керек? Бұл сұраққа екі халықаралық ұйымдардың тұғырынан жауап беріледі. Global Education Futures (Жаһандық білімнің болашағы) бастамашылығы 2014 жылдан бастап әлемнің 50 елінен астам 500 ғаламдық жаңа білімнің көшбасшыларын тартты, олар Еуропа, АҚШ, Үндістан, Ресей, ОАР, Бразилия, Аргентина, Жаңа Зеландия және т.б. елдердің сессияларына қатысқан. Бастамашылық серіктес ұйымдар, Center for Curriculum Redesign білімнің жаңа бағдарламасын дайындаудағы бірінші орында ЭЫДҰ елдері үшін, алдыңғы қатарлы зияткерлік халықаралық орталығы болып табылады және мектеп бағдарламасына жаңа талаптар туралы «Төрт өлшемді білім» зерттеуін жақында жариялады. Global Education Futures және Center for Curriculum Redesign сарапшыларының қорытындылары бір бірімен сәйкес келеді, берілген «төрт өлшемді білім» моделі білімге, дағдыларға жаңа талап қоятын, мета-оқу құзыреттіліктерін сипаты мен қасиеттері, инновациялық мектептердің жұмысы үшін негіз бола алады. Сөйлейтін сөзі (6 дан 18 жасқа) дейінгі жас категорияларын қамтиды. «Болашақтың құзыреттілігі» барлық университет және жоғары мектеп оқушылары үшін қажет.