X Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясыя

Жаңа дәуірдің мектебі

25-26 қазан 2018 ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қош келдіңіз! Конференция 2018 жыл, 25-26 қазан күндері өтеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асырушы мекеме болып табылады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын жасақтап келеді.
Біздің ғылыми-практикалық конференциямыз Қазақстан мен басқа елдердегі орта білім беру жүйесіне қызығушылығы бар адамдармен білім беру реформаларын талқылауға арналған негізгі платформа болып табылады. Жыл сайын қазан айында өтетін конференция әлемнің көшбасшыларын, саясаткерлер мен тәжірибешілерді орта білім саласын талқылауға біріктіру мен Қазақстандағы білім берудегі өзгерістерді өткізудегі маңызды рөлді атқарады.

2018 ж. өткен Конференцияның промо бейнеролигі

Баяндамашылар

Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру саласындағы әртүрлі мемлекеттердегі мәртебелі мамандарды шақыруда.

Кай-Миң Чең

Білім беру саласындағы профессор, Гонконг Университеті, Гонконг АӘА, Қытай

Дэвид Марш

Инновациялар және сыртқы байланыстар директоры, EduCluster, Финляндия

Сьюзан Робертсон

Кембридж университеті Білім беру факультетінің профессоры, Ұлыбритания

Шалва Амонашвили

Профессор, Мәскеу педагогикалық университеті, Ресей/ Ректор, Педагогика және әлеуметтену академиясы, Грузия

Майкл Яң

Профессор, Білім беру институты, Лондон, Ұлыбритания

Дәрмен Садуақасов

DASCO Consulting Group Басқарушы директоры, Қазақстан

Том Хсу

Директор отдела контроля производства, PASCO Scientific

Дэвид Лич

Руководитель международных проектов, RTI International

Абстрактіні жүктеу
Биыл, Конференцияға қатысу үшін өтінішті берудің онлайн жүйесі жасақталған. Конференцияға жіберілген абстрактілер екі рецензенттердің тексерісінен өтеді, және олардың шығарған шешімдері өзгертілмейді. Материалдар баяндама немесе постерлер түрінде ұсынылуына мүмкінкіндік бар. Абстрактілер 600-1000 сөзден аспағаны абзал. Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өтсеңіз болады.
Барлық абстрактілер 31 шілдеде 2018 ж. дейін қабылданады.

Ескерту:

1. Қатысу құны ҚҚС есебімен 1 адамға көрсетілген.
2. Студенттік тариф растаушы құжаттар болған жағдайда беріледі (студенттік билет немесе оқу орнынан анықтама).
3. Жергілікті білім беру органдары жасаған ұжымдық өтініміне енгізілген топ қатысушылары үшін топтық тариф беріледі.

Орналасқан жері

Конференцияның өтетін жері: Астана қ., Назарбаев Университеті.

Қонақ үйлер

Астана қаласындағы Конференцияның өткізілетін орынына оңтайлы жақындықта орналасу нұсқалары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қонақ үйі

Қонақ үй Конференцияның өткізілетін орынынан шағын қашықтықта орналасқан (1 км)

Wyndham Garden

Заманауи қонақ үй Конференцияның өткізілетін орынынан шағын қашықтықта орналасқан (2 км)

Hilton Astana

Заманауи қонақ үй Конференцияның өткізілетін орынынан шағын қашықтықта орналасқан (2 км)

Hilton Garden Inn

Ыңғайлы орналасқан халықаралық стандартты қонақ үй (6 км)

Radisson, Park Inn

Есіл өзенінің жағасында орналасқан екі қонақ үй (9 км)

Grand Park Esil

Астананың тарихи орталығында оң жақ жағалауда орналасқан 4-жұлдызды қонақ үй (10 км)

Көрмеге қатысу

Егер Сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында көрмеге қатысу үшін материалдарды ұсынғыңыз келсе, бізбен altaiulyuly_n@nis.edu.kz және aytbaeva_d@nis.edu.kz электронды пошта арқылы 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін хабарласыңыз.
Конференцияның екі күндік көрме алаңын жалға беру құны — 200 000 теңге.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ДЕМЕУШІЛЕРІ