Куляш Шамшидинова
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстан
1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Көксу ауданы Амангелді атындағы орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1981 жылдан 1986 жылға дейін комсомол жұмысында болды. 1986-1991 жылдары – Талдықорған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы. 1991-1992 жылдары – Талдықорған облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты директорының орынбасары. 1992-1996 жылдары – Талдықорған қаласының Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектебінің директоры. 1996 жылдың шілдесінен 2002 жылдың ақпанына дейін – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.
2002 жылғы ақпаннан 2005 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2005 жылдан 2007 жылға дейін – «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК бас директоры.
2007 жылғы сәуірден 2009 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2009 жылғы қазаннан 2019 жылғы ақпанға дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы (2011 жылғы маусымнан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ).
2019 жылғы ақпаннан маусымға дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.
2019 жылдың шілдесінен 2023 жылдың наурызына дейін – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы.
«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
2022 жылы (14 қазан) — «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді, марапат Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан табысталды.
2022 жылы білім беру жөніндегі жаһандық комиссияның Азия хабында комиссар болып тағайындалды. Қазақстанның өкілі алғаш рет ЕСА-ға – әлемдік білім беру экожүйесінің көшбасшыларының қатарына енді.
2023 жылдан «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры».
Колин Маклафлин, PhD, Кембридж университетінің құрметті профессоры, қазіргі уақытта тәуелсіз зерттеуші және әзірлеуші болып табылады. Кембридж университетінде әртүрлі қызмет атқарды, оның ішінде вице-президенттің арнайы кеңесшісі, білім беру факультетінің білім берудегі инновациялар жөніндегі директоры және факультет басшысының орынбасары, Сассекс университетінің кафедра меңгерушісі. Ол бірқатар елдердің үкіметтерімен білім беру реформасы мәселелері бойынша жұмыс істеді. Ол елдердің қатарына Қазақстан, Нигерия және Орталық Азия елдері кіреді. Ол білікті кеңесші болып табылады. Кембридж университетінде оқудан өтіп, психотерапевтік кеңесші біліктілігін алды.
Оның зерттеу саласына психикалық денсаулық және мектептің рөлі, білім беру реформасы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және мектеп пен университет арасындағы ғылыми серіктестік жатады. Оның соңғы басылымдары:
McLaughlin, C. and Ruby., A. (forthcoming). Politics And Knowledge Shaping Educational Reform: Case Studies From Around The Globe. Cambridge: Cambridge University Press
McLaughlin, C., Winter, l. and Yakavets, N. (2023) Mapping Educational Change in Kazakhstan. Cambridge; Cambridge University Press.
McLaughlin, C. and Ruby., A. (2021) Implementing Educational Reform: cases and challenges. Cambridge: Cambridge University Press
McLaughlin, C. (2022) ‘Connecting to school and each other: Towards a new paradigm of a school response to mental health.’ Impact, Journal of the Chartered College of Teaching, Issue 15, May 2022.
Ойстейн Кристиансен – әлемге әйгілі карикатурашы, автор және медиа тұлға, балаларға сурет салу мен шығармашылық дағдыларды үйретумен айналысады.
Оның балаларға арналған “”Сурет салуды үйрен””, “”Дәл шыңда”” және “”Жасап көр”” сияқты телешоулары әлемнің 80-нен астам елдерінде көрсетіліп, 300 миллионнан астам көрерменді қамтыды. Ол сондай-ақ тірі сурет көрмелерімен және шытырман оқиғалы саяхат журналдарымен бүкіл әлемге танымал.
Ойштейн сонымен қатар шығармашылық, адам құқықтары және табиғатты қорғау тақырыптарындағы спикер.
Дарюс Радкявичюс – психикалық жарақаттары бар балаларға көмектесуге бағытталған “”Пост трауматика санитатем”” ұйымының директоры, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің сарапшысы.
Радкявичюс мырза Тарту университетінің (Эстония) медицина факультетін және Вильнюс университетінің (Литва) резидентурасын бітіріп, медициналық білім алды.
Әрі қарай жүйелік басқаруды оқып, LVPA-да (Бизнеске көмек берудің Литвалық агенттігі) Литва компанияларына ТОС, LEAN сияқты бизнес жүйелерін енгізуді бағалаушы бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (EBRD) сарапшысы ретінде танылды. 2019-2023 жылдары аралығында Вильнюс қалалық кеңесінің депутаты, Білім және Мәдениет комитетінің мүшесі болды.
Сондай-ақ, Дарюс – орта білім беруде шабыттандыратын инновацияларды табуға және таратуға бағытталған HundrED коммерциялық емес ұйымының елшісі.
Радкявичюс мырза сонымен қатар Литвадағы бизнес кітаптарына маманданған «UAB rgrupe» кеңес беру бизнесі мен баспасының иесі. 4 шығармашылық жоба-кітаптарының авторы: “”Өмірге арналған шимайлар””, “”Құдай, кванттық физика, ұйымдастырушылық құрылым және басқару стилі”” балалардың эмоционалды интеллектісін қалай дамыту керектігі туралы мұғалімдерге арналған кітап; “”Алтын ғасырды күту”” (йога және мағынаны іздеу туралы); “”Стиль архетиптің айнасы ретінде””; сондай-ақ “”Болашақ мектебі және/немесе бақыт”” деп аталатын балалар біліміндегі жетекші стратег-мамандармен сұхбаттар сериясы.
Кейт Эванс
Anglian Learning Multi Academy Trust компаниясының негізін қалаушы-бас директор, Ұлыбритания
Кейт Эванс соңғы 40 жыл ішінде Ұлыбританияда білім беру саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасады. 2005 жылы ол Bottisham Village колледжінің директоры болып тағайындалды. Аталған мектеп Ofsted бойынша үздік деп танылды.
Мектеп басқа оқу орындарымен, соның ішінде Кембридж университетінің білім беру факультетімен ынтымақтастыққа ұмтылды. Bottisham – Anglian Gateway мектептер альянсын дамытуда жетекші мектепке айналды. Мұғалімдерді бастапқы даярлау және үздіксіз кәсіби дамуы үшін жергілікті деңгейде консультациялар ұсынды. Кейіннен Bottisham Ұлттық қолдау көрсетуші мектеп ретінде анықталды, Кейт білім беру департаментімен ұлттық білім беру көшбасшысы болып тағайындалды.
2016 жылы Кейт бастауыш және орта мектептер тобына жауапты Anglian Learning Multi Academy Trust-тың негізін қалаушы-бас директоры болып тағайындалды.
2018 жылдан бастап Кейт Ұлыбританияда да, Қазақстандағы SHARE жобасы аясында да білім беру бойынша кеңесші болып жұмыс істейді.
Виктория Шарбону – Қазақстанның Тараз қаласында орналасқан “Қамқор жүрек” қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі және бағдарламалық директоры. “Қамқор жүрек” жалғызбасты аналармен, ересек жетімдермен және ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейді. Олардың мақсаты – отбасылардың нығаюына ықпал ете отырып, әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған жандардың отбасына қолдау көрсету. Тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жасауда 45 жылдан астам тәжірибесі бар Виктория, “Қамқор жүректі” көптеген адамдар үшін “үй” деп аталатын орынға айналдыру үшін өзінің білімімен, дағдыларарымен, құштарлық пен сүйіспеншілігімен бөлісуде. Виктория өзінің өмірлік тәжірибесінің арқасында адамдармен мағыналы байланыс орната алатын керемет қабілетке ие және оқиғалар айту арқылы, басқаларды өз армандарына қол жеткізуге және қызығушылықтарын дамытуға шабыттандырады. Викторияның патронаттық ата-ана, патронаттық ана және суретші ретіндегі көп жылдық тәжірибесі, оны “Қамқор жүректің” тұрғын үй бағдарламасының және күндізгі бағдарламасының жетекшілігіне қажетті ерекше біліктілікке ие етеді.
Элизабет Турнок – Қазақстанның Тараз қаласында орналасқан “Қамқор жүрек” қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі және директоры. Америка Құрама Штаттарынан шыққан Элизабеттің білімі мен тәжірибесі әлеуметтік жұмыспен байланысты. “Қамқор жүрекке” келгенге дейін Элизабет операциялық директор ретінде Тараздағы гуманитарлық көмек көрсету компаниясында 8 жыл жұмыс істеді. Ол АҚШ-та 15 жыл бойы операциялық директор ретінде Орта батыстағы ең ірі стационарлық емдеу мекемесінде тәуекел тобындағы отбасылармен жұмыс істеді. Бұл рөлде ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар жүйесімен, пробация департаментімен, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы тергеу бөлімшесімен, әлеуметтік қызметтер департаментімен және білім департаментімен белсенді жұмыс істеді. Ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балама білім беру бағдарламасын және зорлық-зомбылыққа ұшыраған және қараусыз қалған балалар мен олардың отбасыларына арналған емдеу бағдарламаларын жасауға көмектесті.
Хасанова Индира Оспановна, орыс тілі мен әдебиетінің сарапшы-мұғалімі. Жалпы педстаж-25 жыл. Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2012 жылдың 1 қазанынан бастап жұмыс істейді (11 жыл). 2012-2013 жылдар аралығында шығармашылық топ құрамында 6, 9, 10 сыныптарда орыс тілі бойынша интеграцияланған білім беру бағдарламасын пысықтау жұмысына қатысты. НЗМ-нің 1, 2, 3 сыныптар үшін “Орыс тілі” (Т2) оқу-әдістемелік кешеннің, ҚР БҒМ бекіткен жалпы білім беретін мектептер үшін 1 сынып бойынша “Орыс тілі” (Т2) оқу-әдістемелік кешеннің бірлескен әзірлеуші болып табылады. Орыс тілі мен әдебиеті бойынша қорытынды аттестаттауда 11-ші (Т2), 12-ші (Т1) сынып оқушыларды бағалауда тәжірибесі бар. Семинарлар, мастер-класстар, ашық сабақтар өткізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тәжірибені тарату шеңберінде қала және облыс орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне жүйелі көмек көрсетеді. Дарынды балаларды оқыту бойынша жаттықтырушы болып табылады.
Гульнара Сулейменова
Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы мұғалімі
Мұғалім, сертификатталған тренер. NIS желісіндегі жұмыс тәжірибесі 9 жыл. Білім берудегі тәжірибесі 26 жыл. Педагогикалық өлшемдер орталығының «Сыныпта оқытуды саралау және даралау», «Салмақтық мектепте дарынды балаларды оқыту» бағдарламасы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсын аяқтады.
Джейн Ларссон
Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) атқарушы директоры, Нидерланд
“Джейн Ларссон 2010-шы жылдан бері атқарушы директор ретінде Council of International Schools (CIS) ұйымын басқарып келеді. Соңғы 25 жылда Джейн серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға үлкен көңіл бөле отырып, әлемдік білім беру қауымдастығында тәжірибе алмасу және дамыту, сондай-ақ халықаралық және мәдениетаралық көзқарастардың пайда болуына үлкен үлес қосты. CIS-тегі жұмысына дейін Джейн Чапел-Хилл қаласында (Солтүстік Каролина) Visiting International Faculty Program (VIF) халықаралық серіктестіктер бөлімінің директоры болды, онда ол халықаралық білім алмасуды дамыту, білім министрліктерімен, университеттермен және халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ мектептер мен білім беру қоғамдастықтарымен қарым-қатынас орнатуға жауапты болды. Ол халықаралық білім берудегі еңбек жолын International Schools Services (ISS) ұйымында халықаралық мектептерге кадрлық жабдықтау мен публикациял қызметтерін көрсету жөніндегі директоры ретінде бастады.
Джейн мектептегі және университеттік қауымдастықтардағы әлеуметтік жауапкершілігі бар көшбасшылықты дамытуға, оларды үздіксіз даму мен білім беру бағдарламаларын жетілдіруге ықпал ететін негізгі тақырыптар бойынша өз пікірін белсенді түрде баяндайды. Аталған тақырыптар халықаралық білім берудің болашағын қалыптастыратыны аңық. Қазіргі уақытта ол International Taskforce on Child Protection төрағасы және International Commission Advancing Independent School Accreditation (ICAISA) директорлар кеңесінің мүшесі.”
“Джи Хан CIS-ке 2023 жылдың мамырында директордың мектептерді қолдау және бағалау жөніндегі орынбасары ретінде қосылды.
Ол 30 жылдан астам уақыт мұғалім, мектеп жетекшісі, білім беру жөніндегі кеңесші және көшбасшылық жаттықтырушысы қызметтерін атқара жүріп, тәжірибесін халықаралық білім беру саласына арнады. CIS-ке дейін Джи Zurich International Schools оқу жоспары мен оқыту жөніндегі директоры және IB, NEASC және Carney Sandoe сияқты ұйымдарда тәуелсіз кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Халықаралық білім берудегі көп қырлы мансабында Джи әртүрлі рөлдерде қызмет етті, соның ішінде оқу жоспары мен нұсқауының директоры, кампус директоры, бастауыш сыныптар бағдарламасының координаторы, бастауыш мектеп директорының көмекшісі және мектепке дейінгі білім орталығының координаторы. Оның кәсіби тәжірибесіне Principals Training Center-де біліктілікті арттыру курсының тренері, аккредиттеу топтарының төрағасы, оқу жоспары мен оқыту методикасының сертификатталған тренері, IB семинарлары жетекшісі және мектептерінің бағалаушысы қызметтері кіреді. Соңғы 25 жыл ішінде Джи мектептерді бағалау топтарының төрағасы қызметін атқара отырып, аккредиттеу мен мектепті жақсартуға берік ұстанымын көрсетті.
Джи бірлескен командалық жұмысты ұстанады және қызметкерлерді табу, оқу жоспарын әзірлеу, ғылымға негізделген оқыту, тұжырымдамаға негізделген оқыту, аккредиттеу, кәсіби даму, стратегиялық жоспарлау және мектеп мәдениетін қалыптастыруды қоса алғанда, мектеп ұйымының көптеген салаларында мол тәжірибені ортаға салады. Ол халықаралық білім беруге үлкен көңіл бөледі және әлемнің әр қырындағы серіктестермен берік байланыста. Көшбасшылық, стратегиялық және нұсқаулықты дамыту бойынша кеңесші ретіндегі жұмысына қоса, Джи коучинг пен тәлімгерлік арқылы өсуді қолдауға құмар.
Джи Калифорния – Лос-Анджелес университетінде бакалавр дәрежесіне, Лихай университетінде (Lehigh University) білім беруді басқару магистрі дәрежесіне және Principals Training Center-ден халықаралық көшбасшылық сертификатына ие.”
“Жезқазған педагогикалық институтын 1995 жылы бітіріп, еңбек жолын колледжде физика пәні оқытушысы болып Жезқазған қаласында бастаған.
2013 жылы еңбек жолын Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығында, 2018 жылы Астана қаласының әдістемелік орталығында әдіскер қызметінде жалғастырды. SHARE халықаралық жобасының Астана қаласы бойынша координаторы. Квалификациялық біліктілігі- педагог-зерттеуші, педагогикалық қызмет өтілі 27 жыл.”
“С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 2007 жылы информатика пәнінің мұғалімі мамандығын Үздік дипломмен бітірді. 2007 жылдан бастап Астана қаласының Ә. Марғұлан атындағы
40 мектепте информатика пәні мұғалімі ретінде жұмыс жасады, 2011 жылдан бастап Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысты жалғастырды. Сонымен қатар, математика, информатика және физика әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бірінші (ілгері) деңгейлік курсты аяқтады. Халықаралық Share жобасының мектеп координаторы, квалификациялық біліктілігі – педагог-зерттеуші, Еңбек өтілі 22 жыл.”
Жанна Сулейменова
«SHARE» жобасының үйлестірушіcі, №72 мектеп-лицей
“1994 жылы Ақмола педагогикалық училищесін аяқтады, 2008 жылы Астана қаласының Еуразия Гуманитарлық институтының қазақ филология факультетін бітірді. Педагогикалық еңбек жолын 1994 жылы Щучинск қаласында «Сандуғаш» бала-бақшасында тәрбиеші болып жұмыстан бастады. 2001 жылы Қорғалжын ауданының Балалар шығармашылық Үйінің директоры болып тағайындалды. 2003 жылы Қорғалжын ауданының Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып, 2005 жылы Қорғалжын мектеп-гимназиясының тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыстарын атқарды. 2014 жылдың бастап Астана қаласының №72 мектеп-лицейінде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс атқарады. Әдістемелік бірлестік жетекшісі, мектепішілік тренер, SHARE халықаралық жобасының мектепішілік координаторы, квалификациялық біліктілігі – педагог-шебер, педагогикалық еңбек өтілі –
28 жыл.”
Астана қаласы М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, SHARE халықаралық жобасының үлестірушісі, «Global scholars» халықаралық жобасының қалалық координаторы, Әдістемелік бірлестік жетекшісі, мектепішілік тренер, квалификациялық біліктілігі – педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі 18 жыл.
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Астана қаласы бойынша ағылшын тілі мұғалімдерінің сараптамалық тобының мүшесі. SHARE халықаралық жобасының үйлестірушісі. Квалификациялық біліктілігі педагог-зерттеуші, педагогикалық еңбек өтілі 12 жыл.
“”- Жыл оқушысы – Астана қ. ФМБ НЗМ (2019 ж.)
– Үздік делегат, I Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі (2018 ж.)
– Халықаралық БҰҰ моделіндегі Бас Ассамблеяның Төрайымы – Алғыс хат, ҚР Сыртқы істер министрлігі (2019 ж.)”
“Канапьянова Айнур – Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназия» КММ-де директор қызметін атқарады.
1989 жылы М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесінің «Мектептің жалпы білім беретін бастауыш кластарында оқыту» факультетін үздік белгімен аяқтады.
1989-1991 жылдар аралығында туған ауылында алдымен мектеп тәлімгері, кейіннен бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
1991 жылы Семейдің Н. Крупская атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1996 жылы «Семей» мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2003 жылға дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2003 жылдан 2015жылға дейін өзінің білім беру саласындағы қызметін Аягөз қаласындағы №1 жалпы білім беретін орта мектепте директордың орынбасары болып жалғастырды.
2015 жылдың қазан айынан Аягөз қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектепке директор қызметіне тағайындалып, осы ұжымды 2022 жылдың 3 мамырына дейін басқарды. 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен «Үздік білім беру ұйымы-2018» Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің грантын жеңіп алып, 23 млн.теңгенің сертификатына ие болды.
2021 жылы Айнур Аулейсовна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылдың мамыр айында ротациямен Аягөз қаласындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының директоры қызметіне ауыстырылды. Қазіргі таңда осы мектеп гимназияда қызмет жасап жатқан педагог-шебер, көшбасшы-директор. 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен мектеп ұжымы «Үздік білім беру ұйымы» атанып, Абай облысы әкімдігінің 10 000 000 теңге грантын жеңіп алды.”
Сосин Виктор Николаевич – Талдықорған қаласындағы НЗМ директоры. Педагогикалық өтілі 14 жыл. Білім беру магистрі (The University of Sussex, UK) және Ақпараттық жүйелер магистрі (Қазақстан-Британ Техникалық Университеті) дәрежесіне ие. Халықаралық Мектептер Кеңесінің (ХМК) мектеп аккредиттеу бойынша сарапшы болып табылады. Математикалық олимпиадаларға қатысуға дайындық бойынша кітаптың бірлескен авторы “Математикалық академия. 7 сынып”. 2007-2013 жылдары Қазақстанда өткен математика бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың, оның ішінде 2010 жылғы International Mathematical Olympiad (IMO) қазылар алқасының мүшесі болды.
Какен Мерей – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі математика пәнінің мұғалімі. Іляс Жансүгіров Университеті магистранты 2016-2017 ж. 2018 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеп келеді. 2023 жылғы Жетісу облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің 4-облыстық олимпиадалық шығармашылық байқауы 1- орын. 10 сынып математика пәні бойынша сыртқы жиынтық бағалау жинағының авторы. www.224.kz атты математика бығытындағы видео сабақтар сайтының авторы.
Базилбекова Шынар Ботахановна, Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана меңгерушісі, Экономика ғылымдарының магистрі, білім берудегі жалпы өтілі – 11 жыл, НЗМ жүйесінде – 9 жыл. Мұғалімдердің кәсіби дамуы бойынша сертификатталған жаттықтырушы.
НЗМ ФМБ Талдықорған қаласының түлегі. Дүниежүзілік Роботтар Олимпиадасының (WRO) жүлдегері. Назарбаев Университетінің Робототехника мамандығы студентімін, сонымен қатар жүретін роботтарды Ақылды Жүйелер мен Жасанды Интеллект Институтында (ISSAI) зерттеймін. Beyond Curriculum-да бағдармалау және роботехника бойынша оқу материалдарын жаздым (Beyond Robotics).
Толеубаева Айгуль Сартаевна жалпы педагогикалық өтілі 30 жыл, оның ішінде НЗМ жүйесінде – 15 жыл. 2013 жылдан бастап НЗМ бастауыш сыныптарында білім беру қызметін басқарады, оның ішінде тілдік ортаға бойлау әдісін жүзеге асыру.Өңірлік, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысу арқылы тәжірибені таратуға қатысады (“Бірге оқимыз!”, Нарва қ., Эстония,2014ж.).Сонымен қоса бастауыш мектепте тілдік ортаға бойлау әдісін жүзеге асыру бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізу, мұғалімдердің зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы тамыз конференцияларында тәжірибе бөліседі. Тілдік ортаға бойлау әдісін іске асыру бойынша көптеген жарияланымдары бар. Жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған тілдік ортаға бойлау әдісі жайлы оқыту сайтын құру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директор орынбасарының міндетін атқарушы.
Боранбаева Ажар Кенесовна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы.Жалпы еңбек өтілі 25 жыл, НЗМ жүйесінде 8 жыл. 2015-жылдан бастап тілдік ортаға бойлау сыныптарының оқушыларын оқытады. Жылсайынғы тамыз конференциялары мен республикалық, облыстық, қалалық семинарларда шеберлік сыныптар мен оқыту практикумдары арқылы тәжірибе бөліседі. Жалпы білім беру мектептері мен НЗМ бастауыш сыныптарына арналған ОБ және ТС қайта қарау жұмыстарына белсенді қатысады.”Дарынды оқушыларды оқыту” зерттеу-шығармашылық тобының мүшесі. Өзінің үздік тәжірибесін республикалық, халықаралық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік басылымдарда жариялайды.
Айтбаева Жанна Дюсембаевна, мұғалім-эксперт, 25 жыл тәжірибесі, НЗМ жүйесінде – 12 жыл, оның 8 жылы НЗМ ХБ-да. CITO, CLIL тренері. «Online-Mektep» жобасының қатысушысы, Қазақстан тарихы бойынша сабақтарды әзірлеуші. Қазақстан тарихы MYP, DP Халықаралық бакалавриат бағдарламасы жоба топтың мүшесі, әзірлеуші.
Мұғалім-эксперт, SAT емтиханына дайындаушы, тренер, НИШ және орта мектептердің бағдарламаларын жасаушы, оқу бағдарламасын, тесттердің техникалық шарттарын жасаушы. Жалпы білім беру саласында 24 жыл, оның ішінде НЗМ желісінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі бар. Профессионалды қызығушылықтары: концептуалды оқыту, қоғамдық-эмоционалды интеллектті дамыту, құндылыққа негізделген оқыту.
Сембекова Айнұр Мейрамқызы 12 жылдық тәжірибесі бар педагог-модератор. Оның ішінде NIS желісіндегі жұмыс өтілі 9 жыл. CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults) біліктілік курсын аяқтады. Оқушыларды халықаралық IELTS және SAT емтихандарына дайындау тәжірибесі бар. «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Рашит Шабдинұлы Татимбеков – Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша сертификатталған тренер. Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша тренер ретінде тәжірибесі бар. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының жеңімпазы. Әріптестерімен бірге 9 аспекті бойынша сабақтарды бақылау жүйесін әзірледі. Жүйе дескрипторлардың 5 деңгейіндегі 16 критерийді қамтиды.
Ващенко Елена Валерьевна, Қостанай қаласындағы ФМН НЗМ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, білім берудегі жалпы өтілі – 26 жыл, НЗМ жүйесінде – 8 жыл, басшы лауазымдығындығы өтілі – 24 жыл. Мұғалімдердің кәсіби дамуы бойынша сертификатталған жаттықтырушы. “Сабақтарды бақылау жүйесі” платформасының тең авторы, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы куәлік алынды.
Адела Мэй Мартинес-Алгуно 21 жылдық оқыту тәжірибесі бар және бастауыш және орта сынып оқушыларына дене шынықтыру, әлем тілдері және орындаушылық өнер (драма) сияқты әртүрлі пәндерден сабақ берді. Ол 2019 жылы Филиппиннің Оңтүстік-Батыс ФИНМ университетінде білім докторы дәрежесін алды. Ол бұрынғы аэробика, би және фитнес нұсқаушысы, дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі, жеңіл атлетика директорының орынбасары, Өндіріс комитетінің төрағасы және Шығыс Азия мектептерінің аймақтық кеңесінде (EARCOS) мұғалімдердің өкілі болды. Ол Таиландтың Бангкок қаласында және Филиппиндегі әртүрлі мектептер мен университеттерде семинарлар өткізді. Қазіргі уақытта ол Астана, Қазақстан халықаралық мектебінде PYP оқытушысы болып табылады.
Педагог-психолог, қосымша мамандығы педагог-дефектолог. Педагогикалық шеберлік деңгейі – 1, мұғалімдерге арналған «Балалардағы дарындылықты дамыту» бағдарламасының тренері, сонымен қатар Оксфорд Брукс университетінің денсаулық және әлеуметтік салауаттылық мектебі құрған бала-ата-ана «Берік отбасы»бағдарламасы, «Жобалық-зерттеу жұмысы» мектеп мұғалімдерінің кәсіби әдістемелік қоғамдастығы
Педагог –психолог. Педагогикалық шеберлік деңгейі-базалық. Жариялау тәжірибесі- Республикалық ғылыми танымдық «Білім айнасы» журналында «Жеңіл оқыту теориясы мен практикасы» жарияланды. Трансляциялық тәжірибелер- облыстық семинарлар «Психология саласындағы үздік идеялар», «Қиын өмір жағдайларында шыдамдылықты насихаттау».
Аксенова Инна Валерьевна 10 жылдан бері Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің филиалында биология пәнінің мұғалім-сарапшысы қызметін атқарып келеді. «Болашақ» бағдарламасының «Білім берудегі көшбасшылық» бағдарламасының «Педагогика» мамандығы бойынша Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт халықаралық қатынастар мектебінің түлегі. Ол Қазақстанда STEAM білім беруді дамыту жол картасының бөлігі ретінде сертификатталған STEM тренері «Jana Talap» және PBL тренері (Сингапур, Темасек политехникалық университеті). Орта және жоғары мектеп оқушылары үшін STEM білім беру әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазақстандық «KERA» білім зерттеушілері қауымдастығының мүшесі. Тараз қаласындағы НЗМ-де STEM білім беруді енгізу бойынша зерттеу тобын басқарады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «STEM сынып» элективті курсының және мұғалімдерге арналған оқыту бағдарламасының автор-әзірлеушісі. Республикалық «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының жеңімпазы (2019). 2024 жылы Финляндияда өтетін жаһандық финалда Қазақстанды таныстыру құқығымен STEM мұғалімдеріне арналған Science on Stage Europe халықаралық фестивалінің ұлттық кезеңінің жеңімпазы. Көру қабілеті нашар балаларды оқытуға көмектесу үшін «Биотакт» балалар ерікті клубының негізін қалаушы.
Богучарская Инна Геннадьевна 22 жыл оқытушылық өтілі бар, оның ішінде 10 жыл Тараз қаласының “физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалында математика пәнінің мұғалім-сарапшысы ретінде жұмыс істейді. Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытудың жол картасы шеңберінде “Jana Talap” STEM сертификатталған жаттықтырушысы болып табылады. Орта және жоғары мектепте проблемалық – бағдарланған оқытуды және STEM оқушыларды оқытуды енгізу саласында зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар. Орта мектептің “STEM class” элективті курсының және мұғалімдерге арналған оқыту бағдарламасының бірлескен авторы-әзірлеушісі.
Рыбалкин Максим Андреевич, Тараз қаласы ФМБ НЗМ информатика пәнінің мұғалімі. Тәжірибесі: бағдарламалау, мобильді қосымшаларды құру, 3D модельдеу/анимациялау. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде робототехникадан сертификатталған тренер. Оқушылардың ғылыми қауымдастығының мүшесі, “Балтық ғылыми-инженерлік конкурсы”, “Paris international “the big progress” the official competition in Europe” және т.б. халықаралық және республикалық ғылыми байқауларда оқушылары жүлделі орындарға ие болған.
Джусамбаев Мирлан Төлегенұлы – Тараз қ. ФМН НЗМ физика пәнінің мұғалім-сарапшысы. Педагогика ғылымдарының магистрі, CLIL сертификатталған тренері. Қазақстандық «KERA» білім зерттеушілері қауымдастығының мүшесі. Қазақстанда үштілді білім беру мәселелерін зерттеуімен айналасқан және халықаралық конференцияларда баяндама жасаған. Тараз қаласының НЗМ-де оқу процесіне жасанды интеллект енгізу бойынша зерттеу тобын басқарады. “Жылдың үздік мұғалімі” желілік байқауында бірінші орын иегері (2023 ж.).
“2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі және Назарбаев Университеті магистранты 2022-24
Мұғалімдер арасындағы халықаралық жарыстарының жеңімпазы, ағылшын тілі IELTS 7.5
Жұмыс бағыты: жобалық бағдарламалау: вебсайт жасау, мобильді қосымша әзірлеу және 3D модельдеу/анимация, информатика пәнінен ұбт және халықаралық A-level, NIS-Programme программаларнан экзамендерге дайындық.
Нәтиже:
Халықаралық деңгейдегі жарыстарда оқушылармен 2018 жылдан бері нәтижелі (алтын, күміс, қола медаль, Infomatrix Asia, Республикалық Ғылыми Жобалар жарысында алтын, күміс, қола медаль) жұмыс жасауда!
2019-2023 оқушылар NIS-Programme сыртыһқы жиынтық бақылау емтиханында 95-100% сапа көрсеткішке ие. Соынмен қатар осы көрсеткішпен 2019-2023 оқушылардың НЗМ арасында емтихан нәтижесі 2019 1-орын, 2021 1-орын, 2023 2-орындарды иеленіп отыр.
”
“Доктор Грэм Рейнджер – мемлекеттік және жекеменшік коммерциялық емес сектордағы мектеп жүйесін өзгерту және дамыту саласындағы тәжірибелі басшы. Ол Ага Ханның дамыту ұйымында 2017 жылдан бері Aga Khan Academies-тің академиялық мәселелер жөніндегі директоры ретінде жұмыс жасап бастап, 2020 жылдың сәуірі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Академиялар директорының міндетін уақытша атқарды. Бұл Aga Khan Education Services пен Академиялардың бірігуінің нәтижесінде Aga Khan Schools құрылған кезеңге тұспа-тұс келді.
2012-2016 жылдары ол Халықаралық мектептер кеңесінде (CIS) мектептерді қолдау және бағалау директоры қызметін атқарып, халықаралық мектептер сапасын қамтамасыз ету мен дамытудың барлық аспектілері үшін жауап берді. Доктор Рейнджер CIS халықаралық аккредиттеу жүйесі мен хаттамасын зерттеуге және әрі қарай оларды әзірлеуге жетекшілік етті.
Бұған дейін Грэм Нью-Делидегі Британдық мектепті басқарды және озық үлгідегі 20-дан астам мектепті қамтитын Гонконгтағы Ағылшын мектептері қорының (ESF) білім беру жөніндегі директоры болып, онда IB бағдарламаларының енгізілуіне жетекшілік етіп, екі жаңа К-12 халықаралық мектепті құруға көмектесті. Оның Үндістанда жүргізген зерттеулерінен кейін 2012 жылы Дарем университетінде (Англия) қорғаған докторлық диссертациясы халықаралық мектеп басшыларының кәсіби дамуға деген қажеттіліктерін зерттеуге арналды.”
Буксукбаев Қайырбек Сәбитұлы Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарады. 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдап, «Химия» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. 2023 жылы Қайырбек Сәбитұлы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын жоғары жетістікпен аяқтаған. 2011–2013 жылдары Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2013 жылдан 2018 жылға дейін өзінің білім беру саласындағы мансап жолын дамытуды жалғастырған: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім болып бастап, кейін директордың орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылы Буксукбаев Қ.С. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауысып, онда алдымен мұғалім, кейін 2021 жылға дейін директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2021–2022 жылдары Қайырбек Сәбитұлы Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.
“Қырғыз Республикасының жас буынына жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті болуға көмектесу мақсатында 2011 жылы «Bilimkana» қоғамдық қорын құрды.
Толонду Тойчубаев 2007 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында инвестор. Оның инвестицияларының негізгі аймақтары – ТМД, Азия және Қытай.
2011 жылы ол Толон атындағы заманауи өнер мұражайын ашты.
Мұражай посттоталитарлық кезеңдегі өнерге маманданған және авторитарлық елдер мен режимдерге бағытталған. Мұражай коллекциясында бейнелеу өнерінің бірегей туындылары бар: кескіндеме, графика, нысандар, инсталляциялар, фотосуреттер және фильмдер.
Өзінің кәсіпкерлік қызметі басталғанға дейін ол мемлекеттік қызметте, оның ішінде Қырғыз Республикасы премьер-министрінің аппаратында болды. Қоғамдық қызметте, оның ішінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясында тәжірибесі бар”.
Дуйшон Әлиұлы Шаматов – Назарбаев Университетіндегі Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры. Ол жоғары білім, инклюзивті білім және орта білім беруді басқару жөніндегі магистратура бағдарламасының директоры. Жоғары білім беру мектебінде Дуйшон білім берудегі көшбасшылық және зерттеу әдістері бойынша курстардан сабақ береді. 2005 жылы Дуйшон Канададағы Торонто университетінің (Онтарио провинциясы) білім беруді зерттеу институтында білім беру ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Оның докторлық диссертациясы «Жаңадан келген мұғалімдердің посткеңестік Қырғызстанда кәсіби әлеуметтенуі: қиындықтар мен күресу стратегиялары» тақырыбына арналды. Оның Қырғызстанда, Қазақстанда, Пәкістанда, Тәжікстанда және Йеменде зерттеулер мен консультациялық қызметтер көрсету тәжірибесі бар. Дуйшонды білім беру реформалары, ауылдық білім мен теңдік, педагогикалық білім беру, оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру сапасы және оқушыларды бағалау тақырыптары қызықтырады. Дуйшон оқытудағы жетістіктері үшін келесі номинацияларда Назарбаев Университетінің оқыту саласындағы сыйлығының лауреаты атанды: 2022 жылы – «НУ тәжірибесімен бөлісу», 2020 жылы – оқыту шеберлігі үшін НУ инаугурациялық сыйлығы, 2019 жылы – «Оқытудағы көшбасшылық» сыйлығы және 2018 жылы «Инновациялық мұғалім». 2019 жылы Дуйшон Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім берудегі үздік жетістіктері үшін» медалімен марапатталды. Ал 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алтынсарин» медалімен марапатталды.
«Барсакелмес: Көшпенділердің оралуы», «Білім кемелері: НЗМ, БИЛ, РФММ» және «Сыни ойлау негіздері» кітаптарының авторы. Urban Schools және Perspective elementary мектептерінің негізін қалаушы; РФММ Астана мектебінің бірінші директоры. Ұлыбритания Корольдік өнер қоғамының мүшесі, Дьюк және Оксфорд университеттерінің түлегі. Paradigm Shift білім беру саласындағы консалтингтік және инвестициялық компаниясының бас директоры және негізін қалаушы. Maruf Fellows білім беру көшбасшылары инкубаторының негізін қалаушы (Орталық Азиядағы 100 + түлек).
“Доктор Гүлмира Қанай – мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту саласының сарапшысы. Ол «Қазақстандық мұғалімдердің көшбасшылығы» жалпыұлттық бастамасын басқарды, оған 35 мектеп директоры, 62 директордың орынбасары және Қазақстанның қалалық және ауылдық мектептерінің 500 мұғалімі қатысты. «Талап» және «Болашақ» халықаралық стипендияларының түлегі. Кембридж Университетінің Білім беру факультетінің PhD докторы және Уорвик Университетінің Білім беру институтының (Ұлыбритания) Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент магистрі дәрежесінің иегері.
• Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры (президенті) Алматы қаласы, Қазақстан.
• Қазақстан Президентінің басшылығымен Ұлттық конгресс мүшесі («Құрылтай») (2022 – қазіргі уақытқа дейін), Қазақстан.
• Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2022 – қазіргі уақытқа дейін), Қазақстан.
• Білім беру саласындағы қазақстандық зерттеулер қауымдастығының мүшесі (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін), Қазақстан.
”
Әртүрлі уақытта «Атамекен ҰКП (департамент директоры, 2017-2019 жылдар), ШҚО әкімдігінің «Туристік-ақпараттық орталық» КММ (директор, 2014-2017 жылдар), «Шаһар» ЖШС-де қызмет атқарды (директор, «Өскемен», «Өскемен» басылымдары, «1720.kz», 2013-2014 жылдар). Бұрын жастар саясаты саласында жұмыс істеген.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының (бұдан әрі – ББТДҚ) директоры және тең құрылтайшысы.
ББТДҚ қалалық және ауылдық білім беру сапасы арасындағы алшақтықты жоюға ықпалдасатын жағдайлар мен ең тиімді кейстерді іздеумен және әзірлеумен айналысады. ББТДҚ жобалары материалдық базасын жаңғыртқан және педагогтерінің біліктілігін арттырған 86 орта мектеп пен 134 шағын жинақты мектептерді қамтиды. Жалпы ББТДҚ Қазақстанның 70 мыңнан астам ауыл оқушылары мен 5000 педагогтерін қамтиды.
ББТДҚ портфелінде келесідей жобалар бар: «Ауылдық мектеп powered by NIS» (6 мектеп, 4000 оқушы, демеушілік көмек сомасы – 1,5 млрд теңге), «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» (80 мектеп, 58 мың оқушы, 6800 педагог, демеушілік көмек сомасы – 20 млрд теңге), «Ауылдық STEM зертханалар желісі» (Қазақстан бойынша 83 зертхана), “FURO engineering” (FabLAB) (пилоттық жоба, ауылдық мектеп жанындағы 1 зертхана, демеушілік көмек сомасы – 7 млн теңге). Сондай-ақ, серіктестік аясында ББТДҚ Roboland фестивалінің, EdCrunch конференциясының демеушісі және тең ұйымдастырушысы болып табылады.
“Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті және “Bilim Media Group” компаниясының директоры.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бірінші хатшасы қызметін атқарған.
Одан ертерек «Хабар» арнасының экономикалық шолушысы, арнаның Ресейдегі меншікті тілшісі болған. Сондай-ақ, Ұлттық Пікір-Сайыс Орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істеген. «Азамат» жастар интеллектуалдық клубының негізін қалаған.
Алматыдағы Абай атындағы университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Мәскеудегі мемлекеттік басқару және халық шаруашылығы академиясының бизнес мектебін (MBA) тамамдаған.
2009-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард университеті «Weatherhead» халықаралық қатынастар орталығының Fellows бағдарламасынан өткен.
”
“Коуч ICU, ағылшын тілі мұғалімі Халықаралық Бакалавриат білім беру бағдарламаларының халықаралық сарапшысы (International Baccalaureate) және Халықаралық Мектептер Кеңесінің (Council of International Schools, CIS) халықаралық аккредитациясының сарапшысы.
Білім беру менеджменті магистрі, Жоғары білім мектебі, Назарбаев Университеті.
Кавказдағы және Орта Азиядағы халықаралық бакалавриат мектептері қауымдастығының негізін қалаушы ( www.ccaiwbs.org).
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да әкімшілік қызметтерді атқарған.”
“Истегулова Анара Ғасыровна – Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ орта мектебінің директоры қызметін атқарады.
Білімі – жоғары, 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Информатика» мамандығын аяқтаған.
2001-2004 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем №5 орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеді.
2004-2007 жыл аралығында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ломоносов атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі лауазымында болды.
2007-2013 жылдары – Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі, 2013 -2017 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп директоры қызметінде.
2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021жылы Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасының ақпараттық және қоғамдық даму министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы «Amanat» партиясы Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
2020-2023 жылдарда Алға аудандық маслихат депутаты болды. Бестамақ ауылының бастауыш партия ұйымының төрайымы, қоғамдық қеңес мүшесі.”
“Кристина Салмивалли – Турку университетінің (Финляндия) психология профессоры және INVEST флагмандық зерттеу орталығы басшысының орынбасары (https://invest.utu.fi/).
Отыз жылдан бері К. Салмивалли мектептегі буллинг және оның алдын-алу бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Салмиваллидың бастамасымен жұмыс тобы Финляндияда және тағы 23 елде кеңінен қолданылатын KiVa® буллингке қарсы бағдарламаны әзірледі. Салмивалли жетекші ғылыми журналдарда балалардың құрдастарымен қарым-қатынасы және буллинг мәселелері бойынша көптеген еңбектер жариялады. 2017 жылы ол Фин Ғылыми марапатына ие болды. Бұл сыйлықты Финляндия академиясы Кеңесінің ұсынысы бойынша Финляндияның білім, ғылым және мәдениет министрлігі маңызды ғылыми жетістіктерді танылғандығының белгісі ретінде табыстайды. 2020 жылы Кристина буллингтің ең қиын жағдайларын зерттеуге арналған 5 жылдық жобаға Еуропалық зерттеу кеңесінің (ERC) грантына ие болды. 2021 жылы Салмивалли адам дамуын зерттеу саласындағы ерекше жетістіктері үшін Уильям Тьерри Прайер сыйлығын алды (Еуропалық даму психологиясы қауымдастығы).”
Махатаева Жұлдыз Төрәліқызы – НЗМ ДББҰ Балалардың игілігі департаментінің менеджері. 10 жылдан астам еңбек өтілі бар психолог маман. БҰҰ балалар қоры Юнисефтің және Республикалық психикалық денсаулық ғылыми орталығының “балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мәселелері” бойынша ұлттық тренер. НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының психологтардың біліктілігін арттыру бойынша тренер.
Жумыкбаева Акмарал Кажигумаровна – НЗМ ДББҰ ПӨО бөлім басшысы, PhD. Халықаралық білім беру мәселелері бойынша Кембридж бағалау Кеңесімен сертификатталған бағалау бойынша эксперт. Аттестаттау, біліктілікті арттыру курстары шеңберінде бағалау құралдарын әзірлеу, мұғалімдерді бағалау бойынша тәжірибесі бар.
Есингельдинов Бауржан Танырбергенович -НЗМ ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, директордың орынбасары, докторант. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді модернизациялау» жобасының қатысушысы, білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингілеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Вильданова Сауле Аифовна -НЗМ ДББҰ ПӨО директорының орынбасары, гуманитарлық ғылымдардың магистрі. Халықлықаралық білім беру мәселелері бойынша Кембридж бағалау Кеңесімен сертификатталған бағалау бойынша эксперт, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтарын аттестаттау жүйесін, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын бағалау жүйесін әзірлеуге ат салысқан. Аттестаттау, біліктілікті арттыру курстары, бағалау құралдарын әзірлеу шеңберінде мұғалімдерді бағалау бойынша тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді модернизациялау» жобасының қатысушысы. ҚР ОАМ жұмыс топтарының құрамында мектеп педагогтарын аттестаттаудың жаңартылған моделін, Қазақстан педагогының кәсіби стандартын, «Жылдың үздік мұғалімі» республикалық конкурсының шеңберінде педагогтардың материалдарын бағалау критерийлерін әзірлеуге қатысты.
Бибеков Қаныш Тлеужанұлы – ПӨО НЗМ ДББҰ эксперті, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Халықлықаралық білім беру мәселелері бойынша Кембридж бағалау Кеңесімен сертификатталған бағалау бойынша эксперт, аттестаттау, біліктілікті арттыру курстары, бағалау құралдарын әзірлеу шеңберінде мұғалімдерді бағалау бойынша тәжірибесі бар.
Жанбулатова Гаухар Абдуллақызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бөлімінің аға менеджері. Химия магистрі , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің D089 – «Химия» мамандығы бойынша екінші курс докторанты.
“Абдурахманова Азиза – жаратылыстану-математикалық бағыты пәндерінің аға менеджері, әдіскер-биолог. “”Биология””пәні бойынша білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді, семинарлар, тренингтер мен курстарды үйлестіру, әзірлеу және бақылаумен айналысады.”
“”Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ-ның Тәжірибені тарату департаментінің аға менеджері, педагогика ғылымдарының магистрі. «Ағылшын тілі» пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту, бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау бойынша біліктілікті арттыру курстарының сертификатталған тренері.
Әртүрлі біліктілікті арттыру курстарында 10 жылдық тренерлік тәжірибесі бар. 2012 жылы Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесімен тренер ретінде сертификатталды. Халықаралық конференциялардың қатысушысы, «Қашықтан оқытуды үйрену» жаппай ашық онлайн оқыту курсының бірлескен авторы. Педагогикалық шеберлік орталығы басып шығарған 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
2009 жылдан 2012 жылға дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.”
2023 жылғы наурыз айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Тәжірибені тарату департаментінің қызметкері. Аналитика бағыты бойынша департамент жұмысына жетекшілік етеді. Любляна Университетінде магистрлік дәрежеге оқып, «Master in business administration» дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да IT-сарапшы, «Самұрық-Қазына» АҚ-да зерттеуші-талдаушы, жоба жетекшісі, «Педагогикалық өлшемдер орталығы» филиалында талдаушы болып жұмыс істеді. Мәліметтерді өңдеу, әлеуметтік зерттеулер өткізу (сапалық және сандық), кәсіби бизнес-презентацияларды дайындау, Python-да деректерді визуализациялау, Excel бағдарламасында дашбордтар құру және т.б. бағыттарда мол тәжірибеге ие.
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ тәжірибені тарату департаментінің менеджері және талдаушысы
2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Тәжірибені тарату департаментінің менеджері. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы университетте Гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар. 2017-2020 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасында әдіскер, бөлім басшысы лауазымдарында және Қостанай қаласының № 3 мектеп-гимназиясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Амангелді ауданының білім бөлімінде әдіскер, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ, Оқу-ағарту министрлігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қызмет атқарған. Халықаралық, республикалық конференциялар мен семинарлардың қатысушы. Жұмыс істеген жылдары Қостанай облысы білім басқармасы басшысының, Қостанай облысының бірнеше аудан әкімдерінің, Қостанай облысы әкімінің орынбасарының және басқа да Республикалық орталықтар мен мекемелердің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Ғылыми жарияланымдардың авторы.
“Жаңартылған/деңгейлік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының жалпы
білім беретін мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының (Кембридж
Халықаралық Емтихандар Кеңесі). Халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Болашақ мектебін қалыптастыру. табысты көшбасшылық пен білім берудің инновацияларын бөлісу тәжірибесі» (Interconference Ltd, Лондон, 2014). Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған және «Математика» пәнінен біліктілікті арттыру семинарлары мен бағдарламаларын әзірлеуші. Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру және басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған «Жалпы білім беретін мектепті басқару» компьютерлік симулятор бағдарламаларын әзірлеушілердің бірі және кеңес беруші.”
Педагогикалық шеберлік орталығының сарапшысы, тренер Астана қаласы, п.ғ.к. «Білім берудегі көшбасшылық» бағдарламасы бойынша Сассексуниверситетінде (Брайтон қ., Ұлыбритания) тағылымдамадан өтті (2013). Жаңартылған/деңгейлік бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының (Кембридж Халықаралық Емтихандар Кеңесі). ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу бойынша Сараптама кеңесінің мүшесі, Педагогикалық шеберлік орталығы Ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі. Республикалық «Тренер-зерттеуші» байқауының жеңімпазы («Гран-при», 2019)
Саламахина Ольга 2012 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аға педагог-кітапханашы қызметін атқаруда; Оның негізгі кәсіби мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылық пен зерттеу дағдыларын дамыту, барлық оқушылар үшін инклюзивті және ыңғайлы кітапханалық ортаны құру. Кітапханашылар мен мұғалімдерге арналған оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптарының авторы, НЗМ кітапханаларына арналған жаңа кітапханалық-автоматтандырылған жүйенің соавторы.
Журумбаева Асель – Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға оқытушы-кітапханашысы. Жалпы педагогикалық өтілі 16 жыл, оның 10 жылы Зияткерлік мектептер желісінде жұмыс істейді. Кәсіби қызметтің мақсаты – оқушылардың оқу сауаттылығы мен функционалдық сауаттылығын және есте сақтау дағдыларын дамытуға ықпал ету, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
“Муканова Саулет Серикқызы – Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Гуманитарлық ғылымдардың магистрі. Педагогикалық өтілі -25 жыл.
Аттестация шеңберінде Зияткерлік мектептердің қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың әрекетін бағалаужәне қолдау тәжірибесі бар.
НЗМ ДББҰ ұйымдастырған «Отандастар» жобасының және 2018, 2019 жылдарда «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын ұйымдастырудағы жұмыс тобының мүшесі.
2015 жылдан бастап түрлі деңгейдегі конференциялар мен әдістемелік семинарлардың трақты спикері. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясында «Өзін-өзі басқару ұйымыны – көшбасшылықты дамытатын орта» (2019ж), «Мектеп қауымдастығының басты міндеті – қауіпсіз қолайлы орта құру» (2020) тақырыптарында және СҚО педагогтарыныі тамыз конференциясында «Құндылықтарға негізделген білім – болашақтың кепілі» (2023) тақырыбында сөз сөйлеген.
Мектепте педагогтар мен оларға теңестірілген тұлғалардың өз тәжірибелерін зерттеулері бойынша «Lesson Stady» жұмыстарын ұйымдастыруда шығармашылық топтарға жетекшілік етіп, тәжірибесімен еліміздің педагогтарымен бөлісті.
”
“Биманова Жұлдыз Жақсыбекқызы – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Педагогикалық өтілі 22 жыл. 2014 жылдан 2018 жылға дейін 10-сыныптың «География» курсының бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу бағдарламалары бойынша «География» пәні оқу орталығының сарапшысы болды. 2014 жылдан бастап «Lesson Study» және «Жас мұғалім мектебі» әдісі бойынша сабақты зерттеу бойынша мектеп фокус-топтарының жетекшісі.
АОО-дағы біліктілікті арттыру туралы ақпарат:
• «Білім беру ұйымындағы стратегиялық жоспарлау және деректерге негізделген даму бағдарламаларын енгізу» біліктілікті арттыру бағдарламасы, Ұлттық зерттеу университеті Экономиканың жоғары мектебі, 2021 ж.
• «Ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы түсіністікке қалай қол жеткізуге болады» онлайн курсы, қаңтар 2023 ж
• «Оқу тәжірибесін жетілдіру бойынша мектеп мұғалімдерінің аналитикалық құзыреттілігі» біліктілігін арттыру курсы, 2023 ж.
2014 жылдан бастап оқытушы түрлі деңгейдегі әдістемелік семинарлар мен ғылыми конференцияларда тұрақты баяндамашы болып келеді. Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық ұжымының тамыз конференцияларында сөйлеген сөздері, 2019, 2020 ж. «Студенттен студентке: әлеуметтік жобалар мен тәжірибе арқылы көшбасшылыққа» практикасының тұсаукесері. «Сәтті тәжірибелер панорамасы» аясында 2019 ж. «Қауіпсіз, қолайлы мектеп ортасын құру – мектеп қауымдастығының басты мақсаты», 2020 ж
Мұғалім әдістемелік қолдау көрсетті (жұмыс тобының құрамында) және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне және колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, 2021 ж.” 2021
“Ақтау НИШті Алтын белгімен 2017-де бітірді.
Бакалаврды НУ-да World Languages, Literature and Culture (major), Biological Sciences (minor) бойынша қызыл дипломмен бітірді 2022 жыл (GPA 3.71).
Multimedia Corpus of Modern Spoken Kazakh Language атты жобасында UC Santa Barbara (Калифорния) мен Gumilev ENU коллаборциясында Назарбаев Университетінде Research Assistant болып 2020 жылдан бері істейді.
1 000 000 теңге грант ұтқан “InQazaq” атты әлеуметтік жобаның белсенді мүшесі болды (100ден аса видеоны қазақшаға аударды, ютубта 150 000 астам қаралым жиналды.)”
NIS ‘15
NU’19
LSE’20
Investment banker
NIS, NU түлегі
Smartestprep негізін қалаушы, AI Backed B2B2C платформасы және әлемдегі ең жақсы университеттерге түсу үшін LMS,4500+ студент шетелде шәкіртақы алды.Hero Training от Draper University акселерация бағдарламасының түлектері, ASU GSV California. Pre-seed инвестиция: $230 000,$3 млн бағалау кезінде.