29-30 қазан, 2026
Ақпараттық хат

XV NIS Conference 2026

Мектеп және адами әлеует: сапалы білім және тең мүмкіндіктер

Конференция туралы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – Қазақстандағы орта білім беру саласындағы өзгерістердің қозғаушы күші. 2008 жылдан бері біз еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесін және оқу-әдістемелік ресурстарды әзірлеп, енгізіп келеміз.

Біздің халықаралық конференциямыз – Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағында орта білім берудің болашағына қызығушылық танытатын реформаторлар үшін маңызды оқиға. Бұл алаңда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары ұсынылады. Конференция білім беру саласындағы көшбасшыларды, сарапшыларды, саясаткерлер мен практиктерді біріктіретін жаһандық платформаға айналды.

Conference Hall
2
күн
1390
қатысушы
24
шетелдік спикер
48
қазақстандық спикер
37
тақырыптық сессия

Маңызды күндер

19 маусым
Қатысушыларды тіркеуді бастау
19 маусым
Абстрактілерді қабылдауды бастау
7 тамыз
Абстрактілерді тапсырудың соңғы мерзімі
28 тамыз - 4 қыркүйек
Абстрактінің қабылданғаны туралы хабарлама алу
29-30 қазан
XV NIS Conference 2026

Бағдарлама

9:30 - 10:00
Конференцияның ашылуы
10:00 - 11:30
Пленарлық отырыс/ Негізгі спикерлердің баяндамалары
11:30 - 11:45
Үзіліс
11:45 - 13:00
Тақырыптық секциялар, сұрақ-жауап сессиялары
13:00 – 14:00
Түскі ас
14:00 - 15:15
Пленарлық отырыс
15:15 - 16:30
Тақырыптық секциялар, сұрақ-жауап сессиялары
16:30 - 16:45
Үзіліс
16:45 – 18:00
Пікірталас панелі

NIS Conference 2026 спикерлері

Энди Харгривз

Энди Харгривз

Бостон колледжінің зерттеуші профессоры; Оттава университетінің шақырылған профессоры; ARC Education ұйымының президенті және негізін қалаушысы

Кэтри Саарикиви

Кэтри Саарикиви

Ғылыми коммуникация басшысы, FINSCI жобасы; Skope кафедрасы комитеті; мектептердегі болашақ жұмысы, Финляндия Білім және мәдениет министрлігі; бас директор әрі құрылтайшы, Samoi

Саймон Лайтман

Саймон Лайтман

Виктория халықаралық мектебінің (Шарджа, БАӘ) гуманитарлық ғылымдар бөлімінің басшысы

Эстер Саламон

Эстер Саламон

Parents International директоры; Витаутас Магнус университетінің шақырылған профессоры

Гарри Энтони Патринос

Гарри Энтони Патринос

Арканзас университетінің Білім беруді реформалау департаментінің басшысы және білім беру саясаты бойынша «XXI ғасыр» атаулы кафедрасының иегері

Эйдан Клеркин

Эйдан Клеркин

Ирландияның Білім беруді зерттеу орталығының ғылыми қызметкері

Анастасия Серазетдинова

Анастасия Серазетдинова

Hungry Teachers білім беру жобасының (педагогтерге қолдау көрсету және оқыту платформасы) негізін қалаушы және басшысы, тәжірибелі кеңес беруші психолог

Дуглас К. Хартман

Дуглас К. Хартман

Мичиган штат университетінің технологиялар және адами оқыту профессоры

Оливия Рот

Оливия Рот

Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) Мектептерді бағалау және дамыту қызметтерінің директоры

Франческо Банкини

Франческо Банкини

Еуропалық Әзербайжан мектебінің (EAS) Бас директоры

Колин МакЛафлин

Колин МакЛафлин

Білім беру саласының құрметті профессоры (Professor Emerita), Кембридж университеті

Брюс Лендер

Брюс Лендер

Жапониядағы Мацуяма университетінің Тіл және коммуникация жоғары мектебінің деканы

Баяндамашыларға ақпарат

Постердің өлшемі: 800×1200 мм, тік (портрет) бағдар.

1. Үлгілер
Қатысушыларға постерді рәсімдеуге арналған дайын үлгілер ұсынылады (үлгіні пайдалану міндетті емес). Постер дайын үлгі негізінде рәсімделгеніне немесе өз бетінше әзірленгеніне қарамастан, төменде көрсетілген барлық ақпарат міндетті түрде қамтылуы тиіс.

Үлгілерді жүктеп алу: PDF, PNG, PowerPoint

2. Мазмұны
Постерде мыналар міндетті түрде болуы тиіс:

  • Тақырып — жұмыс қай тілде ұсынылса, сол тілде (абстрактідегі «Тіл» өрісінде көрсетілгендей)

  • Түйін сөздер — абстрактіде көрсетілген 5 түйін сөз

  • Зерттеудің мақсаты мен өзектілігі

  • Зерттеу әдіснамасы

  • Нәтижелер

  • Қорытынды және ұсыныстар

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі — тек постерде тікелей дәйектелген көздер ғана; көздер мәтінде алғаш аталу ретімен нөмірленеді; сілтемелер тік жақшада көрсетіледі [1], [2], [3]; ғылыми мақалалар үшін DOI міндетті

  • Постердің электрондық нұсқасына сілтейтін QR-код — постер (мысалы, PDF неменсе pptx форматында) автордың өз таңдауы бойынша файл сақтау қызметіне (Google Drive, OneDrive, GitHub және т.б.) жүктелуі, сілтемеге QR-код жасалып, постерге орналастырылуы тиіс. Тегін QR-код жасау қызметтері: qr-code-generator.com, qrcode-monkey.com, goqr.me

3. Автор(-лар) туралы мәліметтер
Постердің төменгі бөлігінде орналастырылады:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (толық)

  • Ғылыми дәрежесі (бар болса)

  • Лауазымы, жұмыс орны

  • E-mail

4. Безендіруге қойылатын талаптар

  • Мәтіндік бөлік жалпы көлемнің 30%-нан аспауы тиіс

  • Қаріп 1 метр қашықтықтан еркін оқылуын қамтамасыз етуі тиіс

  • Барлық суреттер, схемалар, графиктер мен фотосуреттер кемінде 300 dpi болуы тиіс

5. Жалпы шарт
Постердің мазмұны бекітілген абстрактіге сәйкес келуі тиіс.

NIS Korme

Конференция аясында дәстүрлі түрде қатысушылар үшін басты алаңға айналатын баспалар мен цифрлық технологиялар көрмесі өтеді.

Жыл сайын көрмеге 1000 – нан астам қонақ жиналады, олардың арасында педагогтар, мектеп директорлары, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Бұл өз әзірлемелерін ұсынудың, кәсіби байланыстар орнатудың және өзекті білім беру трендтерінің орталығында болудың бірегей мүмкіндігі.

Сіздерді көрмеге қатысуға шақырамыз! Өз өнімдеріңізді көрсетіңіз, шешімдеріңіз туралы сөйлесіңіз және білім берудің болашағын қалыптастыратын қоғамдастықтың бір бөлігі болыңыз.

Exhibition
Technology

Стратегиялық серіктестер

testtestMicrosofttesttesttesttesttesttesttesttesttest

Байланыс

Мекенжай:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы Хусейн бен Талал к-сі, 21/1 ғимарат

Телефон:

8 7172 235789