XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Марит Ховейд

Норвегия ғылым және технология университетінің Әлеуметтік және білім беру ғылымдары факультетінің профессоры, Норвегия

Марит Ховейд — Норвегия ғылым және технология университетінің білім беру факультетінде педагогика, дидактика, мектеп дамуы және мектептегі көшбасшылық бойынша қауымдастырылған професоор. 2008 жылдан бастап Марит білім беру саласындағы зерттеушілердің Еуропалық қауымдастығының кеңесі мен атқарушы комитетінде (EERA) жұмыс істейді, 2012-2016 жж. аралығында бері Қауымдастығының Бас хатшы ретінде жұмыс істеді. 1992 жылдан 2009 жылға дейін Марит Финнмарк ауданы, Альта қаласындағы Арктика университетінде жұмыс істеді, содан кейін мұғалімдерді даярлауда педагогиканы оқытты. Оның зерттеу қызығушылығы бірінші кезекте оқыту мен оқу арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Сонымен қатар, ол адамдардың оқыту процестерін тек жеке деңгейде ғана емес, әлеуметтік және мәдени контексттерде қалай түсінетінін зерттейді. Мариттің зерттеу тақырыптары көбіне тәлімгерлік / кеңес беру, көшбасшылық және білім берудегі ұйымдастырушылықты дамытуға қатысты тұжырымдарды қарастырады. Мариттің теориялық көзқарастарына француз философы Пол Рикоэйр және философ, психоаналитик Люси Иригарай ықпал етті. Нәтижесінде оның теориялық зерттеулері негізінен тілді, гендерлік теңдікті және практикалық білім беруді қарастырады. Мариттің соңғы кітап жобасы — «Білім берудегі қарым-қатынастарды қайта қарау: этика, саясат және тәжірибе» (2014) атты антология, ол онда бірлескен редактор рөлінде болды.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Секциядағы баяндама

Педагогика және мұғалімдерді оқыту – оқыту үдерсініде рефлексивті тәсілдемені қолдану

Бұл презентацияда мен оқытуға — осы жерде және қазір болып жатқан жағдайға ретінде қараймын. Оқыту дегеніміз мұғалімдер мен оқушылардың сабақтағы қарым-қатынасы. Сабақ беру оқумен әрқашан тығыз байланыста болады. Осы баяндаманың сұрағы осындай: Неге оқыту үдерісіндегі пәндік білімге баса назар аудару адамдардың бір-бірінен алшақтатуға әкелуі мүмкін? Баяндаманың басында Норвегиядағы педагогикалық білім беру туралы қысқаша айтылады. Сонымен қатар бастауыш және орта мектептерде жұмыс жасайтын барлық мұғалімдерге арналған магистрлік дәрежесі бар төрт жылдық бағдарламаны бес жылдық бағдарламаға қайта құру туралы ақпарат беріледі. Мен осы реформаның мұғалімдерге тигізетін әсеріне тоқталамын. Қазір (жалпы) мұғалімнің, бірнеше пәндер бойынша оқыту қабілетіне («allmenn»), қарамайды. Қазір оларға пәндік білімнің өкілдеріне ретінде қарайды. Педагогикалық біліміндегі даму одан әрі «Fagfornyelsen» деп аталатын білім беру бағдарламасын реформалаумен байланысты — бұл бастауыш мектептен бастап жоғары мектепке дейін мектеп жүйесіндегі барлық пәндердің жаңартылуы. Баяндаманың соңғы бөлімінде мен оқытудың осы жерде және қазір болып жатқан үдеріс екенін түсіну маңыздылығын атап өтемін. Мен мұғалімдерге оқу бағдарламасына байланысты пәндік білімдерді көбірек беру (әлеуметтік-экономикалық) деп аталатын білім деңгейінің жоғарылауының кепілі емес екендігіне сенімдімін. Мұндай (инструментальды) ойлау экономикалық модельге негізделеді, оның ішінде білім әрқашан өздігінен бастама болатыны ұмытылып кетеді. Оқу іс- әрекеті ретінде назар аудару барысында мен мұғалім іс-әрекеттің оқушыларға және пәндік білімге қатынасы қандай күрделі екенін атап өткім келеді. Оқыту қарапайым «кіріс-шығыс» үлгісіне түспеуі үшін осы мәселені әрдайым шешу керек. Дұрыс педагогикалық білім беру өте маңызды — мұғалімге тек пәнді оқытуға ғана емес, сонымен бірге оқушыларды тәрбиелеу, дамыту және оқу үдерісіне тартуға мүмкіндік беретін педагогикалық (немесе дидактикалық) білім беру қажет. Өкінішке орай, «көбірек (мазмұнды) білімге» басымдық берген кезде бұл жағдайға мән берілмейді.