XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру:
Қазақстандағы балалар жылы
Астана
2022 жылдың 21-22 қазаны
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді енгізуге белсенді түрде ат салысады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын дамытудамыз.
Біздің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямыз Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы орта білімнің болашағын толғандыратын реформаторлар үшін маңызды оқиға болып табылады. Конференция білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу үшін көшбасшылардың, ойшылдардың, саясаткерлер мен тәжірибешілердің жаһандық аудиториясын өзіне тартады.
Финляндиядағы Ювяскюля университеті тобының EduСluster Finland инновациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры
Дэвид Марш, философия докторы, Ұлыбритания Корольдік өнер қоғамының мүшесі, EduCluster Finland, University of Jyväskylä Group Консультативтік кеңесінің мүшесі және MED директоры, Финляндия. Финляндияның білім беру жүйесін дамытуға 25 жылдан астам уақыт үлес қосты, 50-ден астам елде тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысты, Ұлыбритания, Финляндия және Испания университеттерінде 5 ғылыми дәреже алды. Оның қазіргі қызығушылықтарына білім берудегі өзгерістерді басқару, мансаптық бағдарлауды жүзеге асыру процестерін әзірлеу, сонымен қатар цифрлық технологияларды жетік менгерген жастар үшін білім беру тәжірибесін түзету кіреді
Профессор Ирам Сираж (нәтижеге негізделген оқыту) Уорик, Лондон және Оксфорд университеттерінде қызмет атқарды. Ирам халықаралық тәжірибесі мол лонгитюдті зерттеулер саласындағы сарапшы ретінде танымал. Әріптестерімен бірлесіп «Мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беруді тиімді ұйымдастыру» (EPPSE, DfE, 1997-2015 ж.ж.), «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы тиімді педагогикалық әдістерді зерттеу» (REPEY, DfE, 2002 ж.) және «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы тиімді көшбасшылық» (ELEYS) сияқты бірнеше маңызды зерттеулерді басқарды. Сонымен қатар, ол Австралиядағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы зерттеуге қатысты (E4kids, Австралиялық зерттеу кеңесі).
Соңғы кездегі зерттеулерінде Ирам Австралия, Ұлыбритания және Норвегияның тәжірибесі негізінде кәсіби дамуды, табысы төмен елдердегі мектепке дейінгі білім беруді басқаруды зерттеді (Дүниежүзілік Банк); Британ академиясының гранты аясында Малайзиядағы босқындарды мектепке дейінгі оқытуды (2019-2021 ж.ж.) және Ұлыбританияда 4-6 жастағы балаларға математиканы оқытуды жақсарту мақсатында 106 бастауыш мектепте математиканы оқытуды зерттеді. ЭЫДҰ-ның балаларды бағалау мәселелері бойынша халықаралық сынамалы зерттеуінде техникалық сарапшы лауазымын атқарды. Ирам танымдық (ECERS-E 4th Ed. 2010), әлеуметтік-эмоциялық (SSTEW, 2015) және физикалық даму тұрғысынан (MOVERS, 2017) өзінің бағалау жүйесін әзірледі.
Корей білім беруді дамыту институтының ғылыми қызметкері (2012 ж. сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін). Зерттеу салалары: болашақ білім беру жүйелері, EdTech, жоғары білім, білім беру саясаты, мектептерді бағалау, өмір бойы білім алу, білім алу құқығы.
Азия даму банкінің кеңесшісі (2021 ж. ақпан ∼ қазіргі уақыт). Кеңес беру салалары: EdTech, мектептерді бағалау, мұғалімдерді даярлау.
Джорджтаун университеті, Эдмунд А. Уолш дипломатиялық қызмет мектебінің (Вашингтон, Колумбия округі) шақырылған ғылыми қызметкері (2019 ж. наурыз – 2020 ж. наурыз). Зерттеу тақырыбы: Солтүстік Кореяның ғылыми-техникалық білімі.
Шығыс-Батыс орталығының (Гонолулу, Гавайи) шақырылған ғылыми қызметкері. (2018 ж.наурыз ∼ 2019 ж. ақпан). Зерттеу бағыттары: болашақ білім, білім беру саясаты, стратегиялық болжау.
Корея Республикасы президенті әкімшілігінің Көк үйінде Президент хатшысының білім жөніндегі көмекшісі (2010 ж. шілде-2012 ж. сәуір, атқарған жұмысы: білім беру саясаты, білім беру құқығы, жоғары білім) және Президент хатшысының мемлекеттік басқару жөніндегі көмекшісі (2008 ж. наурыз-маусым, атқарған жұмысы: әкімшілік құқық және реттеу, салықтар және мемлекеттік қаржы).
Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының мүшесі Дже Ван Бакқа қарасты команданың жетекшісі (2004 ж. маусым-2008 ж. ақпан, атқарған жұмысы: саяси және заңнамалық мәселелер/денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру комитеті, бюджет және шоттар жөніндегі арнайы комитет) және Ұлттық ассамблея мүшесі Чон Ый Хваға қарасты команданың аға заң шығарушысы (2002 ж. қыркүйек ~ 2004 ж. мамыр, атқарған жұмысы: Саяси және заңнамалық мәселелер/Стратегия және қаржы комитеті).
Бухгалтерлік есеп оқытушысы/ӘӘК лейтенанты, Корея Республикасы ӘӘК штабы (1995 ж.шілде – 1998 ж. маусым). Атқарған жұмысы: бюджет, мемлекеттік есеп және әскери сатып алулар, корей эксперименталды истребителі (KF-X)
Доктор Питер Мехисто Лондон Университеттік колледжінің Білім беру институтының құрметті ғылыми қызметкері болып табылады және халықаралық деңгейде билингвалды және үштілді білім беру бағдарламаларын әзірлеу және басқару мақсатында мүдделі тараптардың кең ауқымымен жұмыс істейді. Стратегиялық және жұмыс жоспарларын, мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын әзірлеу, жұртшылықпен байланысты басқару және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу осы бастамалардың ажырамас бөлігі болып табылады. Көбінесе бұл бастамалар білім беру жүйесіндегі елеулі өзгерістер болып табылады.
Ол өз жұмысы үшін бірнеше марапаттарға ие болды. Өзгерістер процесінің күрделілігін зерделей отырып, Питер Мехисто екі тілді бағдарламаның сәтті дамуына ықпал ететін және кедергі келтіретін факторларды зерттейді.
Бастауыш және орта мектептерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарында сабақ берді. Доктор Мехисто екі тілді білім беру саласындағы озық тәжірибелерді жүзеге асыруға қолдау көрсету аясында сыныптарда мұғалімдермен тікелей жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге ие. Ол сонымен қатар бағдарлама әкімшілерімен қарқынды жұмыс жасаған.
Оның жарияланымдары, оның ішінде марапатқа ие болған Uncovering CLIL (Macmillan) бірлесіп жазылған кітабы, мұғалімдерге мектеп директорларына және/немесе ғылыми-зерттеушілік қауымдастыққа арналған болатын. Оның бірнеше баспа бірлесіп шығарған соңғы кітаптары: Building Bilingual Education Systems: Forces, mechanisms and counterweights (Cambridge University Press), Lessons from Estonia’s Education Success Story. Exploring equity and high-performance through PISA (Routledge) and Curriculum Reform in the European Schools: Towards a 21st Century Vision (Macmillan).
Доктор Саймон Браунхилл FHEA – Бристоль университетінің білім беру факультетінің аға оқытушысы, онда ол магистратура студенттеріне сабақ береді және PhD/EdD студенттерінің ғылыми жетекшісі болып табылады. Жоғары мектепте жұмыс істегенге дейін ол мектепте білікті мұғалім болып жұмыс істеді, онда 3 жастан 11 жасқа дейінгі балалармен әр түрлі жағдайда және әр түрлі лауазымдарда қызмет етті, соның ішінде мәдени әртүрлілігімен ерекшеленетін қалалық бастауыш мектепте (3-6 жас) кіші балалармен жұмыс істейтін аға оқытушылардың көмекшісі ретінде жұмыс істеді. Оның зерттеулері мен ғылыми жұмыстары «ересек» оқушыларды қолдауға, шығармашылық бағалауға, балаларға арналған жазбаша жұмысқа, олардың физикалық дамуы мен мінез-құлқын тиімді басқаруға, өзін-өзі көрсетуге, Аустралиядағы білім беруге және ерлердің мектепке дейінгі білім берудегі рөліне (оның диссертациялық жұмысының бағыты) бағытталған. Ол жергілікті, мемлекеттік және халықаралық конференцияларда, соның ішінде Ирландия, Португалия және Индонезияда (барлығы негізгі спикер ретінде) өз зерттеулерін жүргізуге шақырылды. Ол 2019 жылы Jessica Kingsley баспасынан шыққан «Men In Early Years Settings: Building A Mixed Gender Workforce» («Мектепке дейінгі мекемелердегі ер адамдар: аралас гендерлік кадр саясатын құру») кітабының бірлескен авторым
Тим Оутс Кембридж университеті емтихан кеңесінің бағалау бойынша ғылыми зерттеулер департаментінің топ директоры, онда бағалау және өлшеу мәселелеріне қатысты ұлттық және халықаралық зерттеулерге баса назар аударылады. Оутс бағалау мен оқу бағдарламаларына қатысты көптеген жұмыстар жариялады.
Тим Оутс білім беру жүйелерінің тиімділігіне қатысты ауқымды халықаралық салыстырмалы талдау жүргізді және ЭЫДҰ-ға оқу бағдарламаларына шолу жасауда кеңес берді. 2010 жылы ол «Одан да жақсысын жасай аламыз» (Could do better) атты еңбегін жариялады, онда Англияның ұлттық оқу бағдарламасын қайта қарау қағидаттары жазылған. 2010-2013 жж. Тим Оутс ұлттық оқу бағдарламасын қайта қарау жөніндегі Сараптамалық комиссияның төрағасы болды. 2014 жылы «Оқулықтар не себепті маңызды» (Why Textbooks Count) атты зерттеу жариялады, онда білім реформаларын жүргізуде оқу материалдарының рөлі зерттеледі. Аталған зерттеу мамандар арасында қызу талқыланды және баспалардың оқу материалдарының сапасын, сондай-ақ оларды қолдану модельдерін жақсартуда бірлесіп жұмыс істей бастауының себепшісі болды. «Оқулықтар мен ресурстық материалдардың сапасын арттыру бойынша Кембридждік көзқарас» («Cambridge Approach to high quality textbooks and resource materials») атты жұмысы 2016 жылдың сәуір айында ғана жарық көргенімен, қазір практикада кеңінен қолданылады.
2010-2016 жылдары ол Ofqual стандарттары бойынша кеңес беру тобының мүшесі болды; көп ұзамай ол осы топтан ofqual кәсіби стандарттары бойынша кеңес беру тобына өтті. Тим үнемі брифингтер өткізіп, Ұлыбритания мен басқа елдердің үкіметтеріне кеңес береді. Ол Кембридждегі Черчилль колледжінің мүшесі. 2015 жылы ол білім беру саласындағы қызметі үшін CBE марапатына ие болды.
McGraw Hill Education вице-президенті
Ұлттық білім беру саясатын chieve институтының аға ғылыми қызметкері
Тошия Жапонияның Білім Министрлігінің әкімшілік қызметкері болып жұмыс істеді. 1993 жылы ол университеттің профессоры қызметін атқара бастады, ал 1998 жылдан бастап Ұлттық білім беру саясатын chieve институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді.
RCEC аккредиттеу агенттігінің директоры (сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығы)
Доктор Арнольд Дж. Брауэр – білім беру өлшемдерін бағалау және психологиялық тестілеу саласының маманы. Ол жан-жақты зерттеуші, жаңашыл және сенімді бағалауды талдау, оңтайландыру және тексеру әдіс-тәсілдері саласындағы кеңесші. Нидерландтың сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының директоры және Твенте университетінің зерттеу, өлшеулер және деректерді талдау әдіснамасы департаментінің шақыртылған зерттеушісі. Докторлық дәрежесін Таланттарды жүйелі басқару (STM) моделі бойынша қорғап, адамның дарындылығын психологиялық және басқарушылық тұрғыдан іскерлік мақсатқа сәйкестендіру әдісін әзірледі
Tallinna Reaalkool директоры
Pro-inclusion Португалияның арнайы білім беру мұғалімдерінің ұлттық қауымдастығының президенті
Арнайы білім беру саласының профессоры, докторлық дәрежесін Лиссабон университетінде алды. Ол Португалиядағы және шетелдік университеттерде (Бельгия, Бразилия және Қытай) сабақ беріп, оқытушылық қызметін 2015 жылы толық профессор ретінде аяқтады. Ол адам құқықтары, әлеуметтік және білім беру интеграциясы мәселелері бойынша ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және Humanité & Inclusion халықаралық жобаларында жұмыс істеді. Ол Еуропа, Африка, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде шақыртылған дәріскер болып қызмет етеді. Оның 32 кітабы және мамандандырылған журналдарда ондаған мақалалары жарық көрді. Pró-Inclusão үкіметтік емес ұйымының негізін қалаушысы, оның президенті (2008–2020) және «Educaçao Inclusiva» журналының директоры. 2017 жылы ол Дарынды балалар кеңесінің – DISES (АҚШ) «Көшбасшылық жетістіктері үшін халықаралық марапатына» ие болды және 2020 жылы Португалия Парламентінің адам құқықтары саласындағы Алтын медалімен марапатталды. 2015 жылдан бастап Ұлттық білім беру кеңесінің мүшесі