Августовская педагогическая конференция
Целостное развитие ребенка: благополучная среда в школе, семье и обществе
Конференция Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептеріне Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) жолдаған аккредитациядан өту туралы сертификатты салтанатты түрде тапсырудан басталады.
Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – әлемдегі ең танымал ұйым. Бұл ұйым білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған. Қазақстандық мектептердің мәртебелі әлемдік ұйымға енуі отандық білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға болып табылады.
Екі күн ішінде Орталықтар қызметкерлері, Зияткерлік мектептер директорлары, директорлардың орынбасарлары мен ата-аналар білім берудің өзекті мәселелерін талқылайды. Жаһандық бәсекелестікті, отбасы мен мектеп қарым-қатынасын қалыптастыру, алдағы оқу жылын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне басты назар аудару көзделуде. Мектептердегі тәрбие жұмыстары Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жүргізілетін болады. Мұғалім-зерттеушілердің басшылығымен шығармашылық зертханалар қызмет етіп, мұғалімдер оқытудың инновациялық тәжірибесімен бөлісетін болады. Іс-шара аясында конференция қатысушыларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ы оқу-әдістемелік ресурстары көрмесі жұмыс атқарады.
Тамыз конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен ЮНЕСКО өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою салтанаты жоспарланған.