XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар

24-25 қазан 2019 ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қош келдіңіз! Конференция 2019 жыл, 24-25 қазан күндері өтеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асырушы мекеме болып табылады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын жасақтап келеді.
Біздің ғылыми-практикалық конференциямыз Қазақстан мен басқа елдердегі орта білім беру жүйесіне қызығушылығы бар адамдармен білім беру реформаларын талқылауға арналған негізгі платформа болып табылады. Жыл сайын қазан айында өтетін конференция әлемнің көшбасшыларын, саясаткерлер мен тәжірибешілерді орта білім саласын талқылауға біріктіру мен Қазақстандағы білім берудегі өзгерістерді өткізудегі маңызды рөлді атқарады.

Конференция өтетін орны: Конгресс орталығы (Сауран көш. 44, Нұр-Сұлтан қ.)

2019 ж. Конференцияның бейнеролигі

Баяндамашылар

Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру саласындағы әртүрлі мемлекеттердегі мәртебелі мамандарды шақыруда.

Филиппа Кордингли

CUREE жетекшісі, Ұлыбритания

Тео Вуббельс

Утрехт университетінің құрметті білім беру профессоры, Нидерланд

Гер Граус

KidZania халықаралық білім беру бағдарламаларының директоры, Ұлыбритания

Эльдар Жумагазиев

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Дана Шерри

Silk Road House сторителлинг бағдарламаларының директоры, АҚШ

Коллин МакЛафлин

Кембридж университеті Білім беру факультетінің Білім беру инновациялары орталығының директоры, Ұлыбритания

Йорам Харпаз

Бейт Берл Колледжінің аға оқытушысы, Израиль

Марит Ховейд

Норвегия ғылым және технология университетінің Әлеуметтік және білім беру ғылымдары факультетінің профессоры, Норвегия

Джон Эллиот

Шығыс Англия Университетінің құрметті профессоры, Ұлыбритания

Карин Тремблей

ЭЫДҰ жетекші талдаушысы, TALIS жобасының менеджері, ЭЫДҰ Білім беру және дағдылар директораты, Франция

Рик Соммер

Стэнфорд университеті Халықаралық дайындық бағдарламаларының атқарушы директоры, АҚШ

Абдул Рашид

Pegasus Education Group компаниясының атқарушы директоры

Лорейн Элс

Басқарушы директор, Сингапур халықаралық мектептері (Ханой), KinderWorld Халықаралық тобы

Джон Ян

Inknoe компаниясының тең құрылтайшысы және бас директоры, Сингапур

Кэтрин Чан

Қолданбалы педагогиканың профессоры, Гонконг университеті, Гонконг АӘА, Қытай

Сергей Косарецкий

Экономика жоғары мектебіндегі Ұлттық зерттеу университеті, Ресей

Конференция өтетін орны
Конференция Конгресс орталығында өтеді (Сауран к. 44, Нұр-Сұлтан қ.).

Қонақ үйлер

Нұр-Сұлтан қаласындағы Конференцияның өткізілетін орнына оңтайлы жақындықта орналасқан қонақ үйлері

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның қонақ үйі»

Қонақ үй Конференцияның өткізілетін орнынан шағын қашықтықта орналасқан

Wyndham Garden

Заманауи қонақ үй Конференцияның өткізілетін орнынан шағын қашықтықта орналасқан