I KERA Халықаралық Конференциясы

Еуразия білім беру саясаты мен тәжірибесі

9-11 Ақпан 2017 ж.

I KERA Халықаралық конференциясына қош келдіңіздер! Конференция 2017 жылдың 9-11 ақпанында Назарбаев Университетінде өтеді.

KERA білім беру саласын дамыту мақсатында зерттеу жүргізетін зерттеушілердің ерікті, ғылыми және коммерциялық емес бірлестік. Бірлестік 2013 жылы педагогиканың барлық бағыттары бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеу жүргізуі және ғылыми нәтижелерді ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейде қызығушылық танытқан тұлғалар арасында тарату мақсатында қаланған.
2017 жылдың 9-11 ақпан аралығында Назарбаев Университетінде өткізілетін “Еуразияның білім беру саясаты мен тәжірибесі” атты KERA конференциясына қатысатын құрметті қатысушылар!

Конференцияға қатысу үшін тіркеу төлемін төлеудің кейбір өзгерістеріне назар аударуыңызды сұраймыз.

Конференцияға қатысатын қатысушылар санының көбеюіне және тіркеу үдерісін жеделдету қажеттілігіне байланысты Сізді конференцияға қатысатын тіркеу төлемін конференцияға дейін, мүмкіншілікпен 9-ші ақпанға дейін төменде көрсетілген реквизиттер бойынша төлеуіңізді сұраймыз:
Төлем алушы: ОО «Казахстанское общество исследователей в области образования»
БИН: 140840014775
БИК: SABRKZKA
ДБ АО «Сбербанк» Астана
ИИК: KZ68914012203KZ0043T
КБЕ: 18
Тіркеу төлемін аудару кезінде аты –жөніңіз көрсетілген және “KERA конференциясына қатысу үшін” деп белгіленген түбіртек немесе банк мәлімдемесін конференцияға тіркеу төлемін төлеу дәлелі ретінде әкелуіңізді сұраймыз
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Баяндамашылар

Бірінші KERA халықаралық конференциясына ұлттық және халықаралық білім беру саласындағы спикерлер шақырылған.

Тео Вуббельс

Еуропадағы білім беру саласындағы зерттеушілер қауымдастығының президенті

Питер Вудс

АҚШ Ғалымдарының ұлттық қауымдастығы президенті

Маргерит Кларк

Дүниежүзілік банктің әлемдік білім беру тәжірибесі мәселелері бойынша аға маманы

Әлі Мақұлданбады

Гульбахыт Менлибекова

Профессор, Еуразия ұлттық университеті

Дингёнг Хоу

Дүниежүзілік банктің әлемдік білім беру тәжірибесі мәселелері бойынша аға маманы

Абстракті жүктеу

Абстрактілеріңізді біздің онлайн жүйеміз арқылы жібере аласыз. Абстрактінің көлемі 400 – 600 сөздер аралығында болуы шарт.
Абстрактілер 2016 жылдың 26 қаңтарына дейін қабылданады.

Тіркелу

Конференцияға қатысу құны – жалпы ішкі өнімі (ЖІШ) жоғары елдер үшін 10,000 теңге; ЖІШ орташа немесе төмен елдер үшін 10,000 теңге және барлық елдердің студенттері үшін 2,000 теңге.
Абстрактілерді қабылдау мен конференцияға тіркелу жүйесі жабылды, алайда конференция күні тіркеліп қатысу мүмкіндігі бар. Конференция күні келіп тіркелген қатысушыларға сертифкат беріледі деп кепілдік бере алмаймыз.

Орналасқан жері

Конференцияның өтетін жері: Астана қ., Назарбаев Университеті.

Қонақ үйлер

Конференция өтетін жерге жақын орналасқан қонақ үйлер тізімі.

Гранд Прак Есіл

Астана қаласының оң жағалауында орналасқан 4-жұлдызды қонақ үй

Хилтон Гарден ин

Қаланың ортасында орналасқан заманауи талаптарға сай жасақталған халықаралық қонақ үй

Радисон, Парк ин

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан бюджеттік және люкс деңгейіндегі қонақ үйлер

Думан қонақ үйі

Астананың Орталық саябағында орналасқан 4-жұлдызды заманауи қонақ үй

Ибис қонақ үйі

Астананың оң жағалауында орналасқан 3-жұлдызды қонақ үй

Тенгри қонақ үйі

Астананың оң жағалауында ораналсқан қолжетімді, тиімді бағадағы қонақ үй

Көрмеге қатысу

Конференциядағы көрме орнының бағасы 100 000 теңге. Көрмеге қатысу үшін conference.kera (at) gmail.com электрондық поштасына 2016 жылдың 30 желтоксан хабарласуыңызды сұраймыз.