XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Абдул Рашид

Pegasus Education Group компаниясының атқарушы директоры


Доктор Абдул Рашид — Pegasus Education Group компаниясының атқарушы және бас директоры. Ол Австралиядағы Эдит Кован университетінен білім беру менеджменті бойынша докторлық дәрежесін алды,. Сонымен қатар, ол Шотландиядағы Стрэтклайд университетінің халықаралық маркетинг магистрі дәрежесіне ие. Доктор Рашид туризмді және қонақ үй бизнесті оқытумен айналысатын Да-Нанг пен Ханойдағы (Вьетнам) Пегасус халықаралық колледжіндегі кампустың қызметін басқарады. Сонымен қатар, ол Вьетнамдан тыс, мысалы, Австралия, Қытай, Индонезия, Мьянма, Таиланд және Америка Құрама Штаттарында Топтың іскерлік және серіктестік қатынастарын кеңейтуде. Кәсіби білім берудегі мансабына дейін Доктор Рашид қонақүй бизнесі, тақырыптық парктер, азық-түлік өнеркәсібі, жарнама, кеме қатынасы және PR сияқты көптеген салалардағы компанияларды көп жыл басқарды. Ол сондай-ақ көптеген жылдар бойы Уэльс университетінде (Ұлыбритания), Джеймс Кук университетінде (Сингапур), Воллонгонг университетінде (Австралия) және басқа да жоғары оқу орындарында доцент ретінде сабақ берді. Доктор Рашид KinderWorld International Group білім беру жөніндегі басқарушылар кеңесінің мүшесі. Ол халықаралық, аймақтық, ұлттық саясат пен салалық үрдістерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру, топтың стратегиялық дамуы және білім беру саласындағы серіктестік сияқты мәселелер бойынша ұсыныстар береді.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Білім беру орталығын құру: Тұрақсыз әлем үшін мектеп білімі

Біз қазір бұрынғыдан гөрі тез өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз. Технологияның қарқынды дамуы мен таралуы болашақта қазіргі жұмыс орындарының 50% ауыстырылуына әкелуі мүмкін деген болжам жасалды. Қазіргі кезде жастар әлеумет пен экологияға байланысты көптеген мәселелерге тап болып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда мұғалімдер үшін көкейтесті мәселе осындай — біз ұйықтап жатқан кезде технологиялар дамып жатқан жағдайда мектеп оқушыларды тез өзгеретін әлемге қалай дайындай алады? Осы презентацияда баяндамашы Қазақстан үкіметінің осы сын-қатерге жауап ретінде берген көзқарасын талқылайды және қазіргі уақытта Азиядағы ең сәтті білім беру орталықтарының бірі болып табылатын — Сингапурдың тәжірибелік мысалын ұсынады. Қазақстан үкіметі шығыстың білім беру реформаларын жүргізу тәжірибесін мұқият зерттейтіндіктен, мұғалімдер білім беру қызметін жетілдіру үшін сингапурлық модельді зерттеуде көптеген құнды және пайдалы идеяларды табады деп санаймыз.