NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Жүзден жүйрік спикерлер
Сьюзан Робертсон
Сьюзан Робертсон, Білім беру социологиясының профессоры, Кембридж Университеті, Біріккен Патшалық
Сьюзан Аустралия, Жаңа Зеландия және Біріккен Патшалықта жетекші лауазымдарға ие болған адам. Ол мемлекеттік және білім беру саясатындағы өзгеріске, білім мен билік қарым-қатынасына, мұғалімдердің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік әділеттілікке қызығушылық танытады. Сьюзан – Routledge басылымының Globalisation, Societies and Education журналдарының басты редакторы. Оның соңғы шыққан жарияланымдарына «Жаһандық аймақшылдық және жоғары білім» және «Білім беру саласындағы мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі» атты кітаптары кіреді.
X Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 25-26 қазан 2018 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама
21-ғасыр дәуірінде жаһандық біліктіліктерге ие оқушыға айналу: Қиындықтар мен фактілер
Қазіргі таңда әлемнің білім беру жүйелері дүниежүзілік қауымдастық белгілеген тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін мектептерде жаһандық біліктіліктерге ие оқушыларды өсіру қажеттілігіне тап болып отыр. Осы негізгі баяндамада Сьюзан ЭЫДҰ әзірлеген жаһандық дағдылар шеңберін қарастырады және оқушылар, оқытушылар мен білім беру жүйесі кезігуі мүмкін мәселелердің табиғатын сипаттайды, сондай-ақ осы мәселелерді шешу үшін қандай зерттеулер көмектесетіні жайлы ой қозғайды. Профессордың пайымдауынша негізгі мәселе білім мен дағдылардың өзінде емес, оқыту әдісінде жатыр, себебі қолданыстағы тәсілдеме жалпы мақсатқа қарама-қайшы. Соңында Сьюзан оқытылатын білім мен мен дағдыларды сұрыптау қаншалықты маңызды болса, басқару да соншалықты маңызды деп қорытындылайды.