NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Шалва Амонашвили

Шалва Амонашвили — психология ғылымдарының докторы, КСРО Педагогикалық ғылым академиясының академигі, Ресей блім беру академиясының академигі, профессор.

Шалва Александрович рухани гуманизм идеяларын насихаттап, оларды педагогикалық теория мен тәжірибеде қолдануды бекітеді. Ол мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп психологтары мен білім беру саласының қызметкерлері үшін білім беру үдерісінде балаларға тұлғалық-адамгершілік тәсілдеме жүйесін қолдану бойынша семинарлар өткізеді. Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан, Қазақстан, Латвия, Литва және Эстонияда екі жүзден астам гуманистік педагогика орталығы мен зертханасын ашты. Ол бірқатар эксперименттік мектептің ғылыми жетекшісі болып табылады.

X Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 25-26 қазан 2018 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

ЖАҢА БУЫН БАЛАЛАРЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ

Қазіргі заман балаларының сана-сезімі өзгеше екені жалпыға мәлім. Сондықтан, жаңашыл психологияны елемейтін және оған шыдамайтын өктемшіл педагогиканың күні санаулы. Өйткені жарқын балаларға жарқын мұғалімдер қажет. Гуманистік педагогика мұғалімге өз ықыласына бой ұрып, баламен рухани бірлік құрып, оған жобасшы болу мүмкіндігін береді. 

X Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 25-26 қазан 2018 ж.: Мастер-класс

Паата Амонашвили: Мектепке дейінгі оқытудағы гуманистік педагогика

Баланың мектепке дейінгі кезеңінде педагог баламен татулық психологиясы негізінде рухани бірлік құруы тиіс. Ол қандай психология? Татулық психологиясы бала өмірінің үш маңызды факторын қамтиды. Ол – баланың дүниеге келуінің маңыздылығы, оның борышы және сол борышты жүзеге асыратын күш-қуаты. Тұлғалық-адамгершілік көзқарасын ұстанатын мұғалім балалармен бірігіп барлығымыз қалайтын болашақты құра алады.