NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Кэролин Адамс
2016 жылы Кэролин IB-де Стратегиялық даму және іске асыру бойынша басқарушы директор ретінде сайланды және IB стратегиялық жоспарын жүзеге асырды.
Кэролин өз мансабының үлкен бөлігін кең ауқымды және жоғары деңгейдегі бағалауға арнады. IB қатарына қосылғанға дейін Кэролин AQA (Assessment and Qualifications Alliance немесе, қазақша айтқанда, Бағалау және біліктілік альянсы) атты ұйымда сараптама бойынша директор болып қызмет етті. Бұл ұйым «A-level» (орта мектепті бітіргендегі жайлы жалпы куәлік) мен «GCSE» (Орта білім туралы жалпы куәлік) ұсынатын бағалау саласындағы ең ірі британ ұйымы. IB-дегі алғашқы алты жыл ішінде Кэролин бас бағалаушы маман лауазымында «Дипломдық бағдарлама» және «Негізгі орта мектеп бағдарламасы» бағалау форматын өзгертумен айналысты. Нәтижесінде бағалау қағаз тасымауылдауыштан электрондық тасымалдауышқа ауысты. 2016 жылы Кэролин IB-де Стратегиялық даму және іске асыру бойынша басқарушы директор ретінде сайланды және IB стратегиялық жоспарын жүзеге асырды. Оған қоса, Кэролин IB-дегі зерттеулерді қадағалаумен айналысады; оқу бағдарламасы және бағалау саласында өзінің инновацияларымен және әлем бойынша IB мектептерімен тығыз әріптестігімен танымал компанияның жұмысына модернизация жүргізу үшін стратегиялық дамыту және жүргізілетін зерттеулердің бірлігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасап жатыр.