Жеке тұлға-клиенттердің дербес деректерін жинау және өңдеуге келісім
- Осы дербес деректерді жинау және өңдеуге Келісімнің (бұдан былай – Келісім) шарттарын қабылдай отырып, Қолданушы немесе оның заңды өкілі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына (бұдан былай – Ұйымдастырушы) өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, қолдануға және сақтауға келісімін береді, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылдың 21 мамырында қабылданған № 94-V заңының 2-тарау 8-бабында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға, және осындай келісімді бере отырып, ол https://live.event.rocks/nis (бұдан былай – Сайт) сайтында немесе «NIS Conf» (бұдан былай – Мобильді қосымша) қосымшасында дербес деректі веб-нысандарды толтыру арқылы өз еркімен және ерікті түрде, өзінің мүдделері үшін әрекет ететіндігін растайды.
- Сайт/Мобильді қосымшаға интеллектуалдық меншік «ИВЕНТИШЕС» Жауапкершілігі шектеулі қауымдастығына (бұдан былай – Меншік иесі) тиесілі. Ұйымдастырушы Сайт/Мобильді қосымшаны лицензиялық шарт негізінде қолданады. Сайт/Мобильді қосымшадағы контентке интеллектуалдық меншік құқығы Ұйымдастырушыға тиесілі. Ал контенттің мазмұнына жауапкершілік Ұйымдастырушыға тиесілі. Ұйымдастырушы Қолданушы берген дербес деректердің растығын тексермейді, және оның Қолданушының әрекет қабілеттілігін де бағалауға мүмкіндігі жоқ. Бірақ, Ұйымдастырушы Қолданушының шынайы және жеткілікті мөлшерде дербес деректерді бергені және оларды әрдайым жаңартылған күйде сақталуына сенеді.
- Қолданушы немесе оның заңды өкілі Ұйымдастырушыға өзінің дербес деректерін жинау, өңдеуге Сайттың және, қосымшалар дүкенінен (Google Play/App Store) жүктей алатын, «NIS Conf» мобильді қосымшасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, және осы Келісімде көзделген өзге мақсаттарда келісімін береді.
- Дербес деректерді өңдеу автоматизация құрылғыларын қолдану арқылы және оларды қолданбай-ақ жүзеге асырылуы мүмкін. Осы Келісім келесідей арнайы және биометриялық болып табылмайтын дербес деректерді жинау және өңдеу үшін беріледі:
- Аты, тегі;
- Электрондық пошта;
- Мобильді телефон нөмірі;
- Тұрғылықты мемлекет;
- Тұрғылықты қала;
- Жұмыс орны, лауазымы.
- Қолданушы немесе оның заңды өкілі Сайт/Мобильді қосымшада cookies файлдарын қолдану ережелерін қабылдауға келісімін береді, және IP-адрес туралы ақпаратты және өзге де Сайт/Мобильді қосымшадағы Қолданушының белсенділігі туралы, соның ішінде: геолокация деректері, Қолданушы немесе оның заңды өкілінің Сайт/Мобильді қосымшаға кірген құрылғы типі және операциялық жүйесі, экран сыйымдылығы, браузер нұсқасы, операциялық жүйе тілі, трафик каналы мен көзі туралы ақпаратты беруге келіседі. Осы ақпарат Қолданушының тұлғасын анықтау үшін қолданылмайды.
- Қолданушының дербес деректері жалпыға қолжетімді болып табылмайды.
- Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары:
- Ұйымдастырушының көрсететін қызметі аясында өзге жақты айқындау;
- Қолданушымен байланыс, соның ішінде көрсетілетін сервис пен қызметке байланысты хабарламалар, ақпараттар және тапсырыстар жіберу, сонымен қатар, Қолданушыдан тапсырыстар мен өтініштерді өңдеу;
- Ақпараттық материалдарды жіберу;
- Иесізденген деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулерді өткізу.
- Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылдың 21 мамырында қабылданған № 94-V заңының 9 бабына сәйкес, дербес деректерді Қолданушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жинау, өңдеу:
- құқық қорғау органдары мен соттардың қызметін, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асырған;
- мемлекеттік статистикалық қызметті жүзеге асырған;
- дербес деректердi мiндеттi түрде иесiздендiру шартымен оларды статистикалық мақсаттар үшiн мемлекеттік органдар пайдаланған;
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар iске асырылған;
- егер субъектiнiң немесе оның заңды өкілінің келiсiмiн алу мүмкiн болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған;
- адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда журналистiң заңды кәсiптік қызметi және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі не ғылыми, әдеби немесе өзге де шығармашылық қызмет жүзеге асырылған;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес деректер, оның iшiнде сайланбалы мемлекеттiк лауазымдарға кандидаттардың дербес деректерi жарияланған;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъект дербес деректерді ұсыну жөніндегі өз міндеттерін орындамаған;
- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;
- салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесі электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына сақтауға берілген;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау шарттарымен кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей өз кәсіпкерлік қызметіне қатысты дербес деректері бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін пайдаланылған;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
- Қолданушы растайды, егер де дербес деректерді жоғарыда аталған мақсаттар (тек дербес деректерді өңдеу кезінде құпиялылық және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартын сақтау негізінде) үшін үшінші тұлғаға беру қажет болса, немесе оған теңестірілген, Ұйымдастырушының өзіне тиесілі уәкілеттігін жоғарыдағы мақсаттардағы қызметтерді жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларға беру кезінде, Ұйымдастырушы аталған әрекеттерді орындау үшін қажет мөлшерде Қолданушы туралы ақпаратты, соның ішінде дербес деректерді осындай үшінші тұлғаларға және өзге уәкілетті тұлғаларға беруге, және осындай ақпарат пен деректері бар құжаттарды тапсыруға құқылы. Сонымен бірге, Қолданушы осындай Келісім, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жоғарыда көзделген үшінші тұлғаларға берілгендігін растайды, және осы тұлғалардың Қолданушының дербес деректерін өңдеуге Келісім және Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылдың 21 мамырында қабылданған № 94-V заңы шеңберінде құқығын береді.
- Дербес деректерді өңдеу кезінде келесідей әрекеттер жүзеге асырылады: жинақтау; өңдеу; жазу; жүйелеу; сақтау; нақтылау (жаңарту, өзгерту); алып тастау; пайдалану; тарату (тарату, беру, қолжету); бұғаттау; жою. Тағы да қолданылуы мүмкін Трансшекаралық беру – дербес деректерді шетел мемлекеті территориясына, шетелдік мемлекет органдарына, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға беру.
Дербес деректерді трансшекаралық беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
Дербес деректерді трансшекаралық беру шетелдік мемлекет территориясына тек қана сол елде мемлекет тарапынан дербес деректерді қорғау әрекеттері қолданылатын жағдайда жүзеге асырылады.
Дербес деректерді трансшекаралық беру Меншік иесінің деректерді өңдеу орталықтарына жіберу үшін де жүзеге асырылады. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қолданушы келісімімен, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей, Қолданушының келісімінсіз жүзеге асырылады.
- Өңделетін дербес деректер өңдеу мақсатына жеткеннен кейін немесе осы мақсатттарға жету қажеттілігі жоғалғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жойылады. Сонымен бірге, дербес деректерді өңдеу Қолданушы немесе оның заңды өкілінің өтінішімен аяқталады.
- Осы Келісім дербес деректер Қолданушысымен немесе оның заңды өкілімен, Ұйымдастырушыға жазбаша өтініш беру арқылы кері қайтарылуы мүмкін. Керу қайтару Қолданушының дербес деректерін Ұйымдастырушымен Келісім негізінде өңдеуінің заңдылығына әсер етпейді.
- Қолданушының дербес деректерін қорғау шаралары.
Ұйымдастырушы мен Меншік иесі лицензиялық шарт негізінде Қолданушының дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуде техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды осы деректердің оларға абайсыз қол жеткізу, жою, өзгерту, бұғаттау, көшіру, тарату, және басқа да заңсыз әрекеттерден қорғау үшін жүзеге асырады.
- Дербес деректерді жариялау немесе жоғалту жағдайында Ұйымдастырушы Қолданушы немесе оның заңды өкілін дербес деректердің жариялануы немесе жоғалуы туралы хабарлайды. Ұйымдастырушы Қолданушы немесе оның өкілімен бірге Қолданушының дербес деректерінің жариялануы немесе жоғалуы салдарынан туындайтын барлық залалдарды алдын алуға байланысты шараларды қолданады. Дербес деректерді жариялау немесе жоғалту жағдайында Ұйымдастырушы жауапты болмайды, егер де осы ақпарат оның жоғалуы немесе жариялануына дейін бұқараға танымал болса немесе Ұйымдастырушыға дейін үшінші тұлғаның қолында болған немесе осы Келісімге Қолданушы қол қойғанға дейін танымал болса.
- Осы Келісім 11 және 12 тарауда көзделген дербес ақпаратты өңдеу аяқталғанға дейінгі барлық мерзім ішінде әрекет етеді.