XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Лорейн Элс
Басқарушы директор, Сингапур халықаралық мектептері (Ханой), KinderWorld Халықаралық тобы
Лоррейн Элс Оңтүстік Африканың Квазулу-Натал провинцияның Дурбан қаласында дүниеге келді. Ол Фри-Стейт провинцияның Винбург деген шағын қаласында оқыды. 1979 жылы Лоррейн Блумфонтейн қаласындағы педагогикалық колледжді бітірді, содан кейін Вирджиния штатында 4-сынып оқушыларға сабақ бере бастады. Ол тез арада бастауыш мектепте сабақ беруден орта мектепке, кейін жоғарғы мектепке, ең соңында жоғары білімге көшті, ол жерде мұғалімдердің дайындығымен қуана айналысты. Лоррейн үш жылдық педагогикалық білімі туралы дипломымен жұмысты бастады. Ол өзінің біліктілігін көтеру, зерттеу жұмыстарын жүргізу және педагогикалық шеберлігін жетілдіру керектігін тез түсінді. Содан кейін университетте 4 жыл оқып, жоғары білім туралы диплом алды, содан кейін білім беру магистрі және тілдік тәжірибе бойынша магистр дәрежесін алды. Жақында ол халықаралық мектептің жетекшісі сертификатын алды. Лоррейн Оңтүстік Африка, Англия, Кувейт, Вьетнам және Сауд Арабиясында жұмыс істеді. KinderWorld тобында ол директордың орынбасары болып жұмыс істей бастады, содан кейін компанияның ең ірі мектептерінің бірінде директор рөліне ауысты және қазіргі уақытта Вьетнамдағы 15 мектепке жетекшілік ететін KinderWorld Group басқарушы директоры лауазымына дайындалуда. Лоррейн білім беру мәселелеріне бей-жай қарамайды, ол білім беру жүйесін жақсы өзгерістерді жасауға тырысады және KinderWorld тобында өсу үшін берілген мүмкіндіктерге қуанышты.
XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Семинар
KinderWorld мектептерте жетістікке жету үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтамасы — KinderWorld оқыту моделі
KinderWorld мектептеріндегі оқыту моделі Азия елдерінің оқушылары мен Батыс елдерінен келген мұғалімдердің мүдделерін ескере отырып, мәдени және педагогикалық теңдігін қамтамасыз етеді. KinderWorld оқыту моделінің мақсаты — оқушының тұлғасын бойкүйез және тәуелді оқушы позициясынан өмір бойы білім алуға қабілетті тәуелсіз тұлғаға айналдыру. KinderWorld оқыту моделі ашық педагогикалық тәсілге негізделген, нәтижесінде негізгі білім мен дағдылар қалыптасады, содан кейін оқушылар жоғары деңгейдегі есептерді шешу үшін алған білімнің төселімдік қолдануына көшеді. Оқытудың жалпы базалық тәсілін құру тұжырымдамасы жоғары тиімді оқыту оқу үдерісін жақсартады деген түсінікпен байланысты, ал оқытудағы жүйелі тәсілдеме мектептің оқушының жетістігіне барынша әсерін қамтамасыз етеді. Бұл үшін басшылар мен мектеп әкімшілігі тарапынан сауатты және ұқыпты басшылық қажет. KinderWorld оқыту моделін енгізу білім беру үдерісі мен мұғалімдерді даярлаудың сәтті көшбасшылығына байланысты, бұған KinderWorld мектептерінде SWIVL технологиясын қолдану көмектеседі.