NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Кай-Миң Чең
Кай Минг Ченг Гонконг университетінің құрметті профессоры және білім беру саласындағы саясат департаментінің директоры.
Педагогикалық ғылымдар факультетінің деканы, проректоры, сондай-ақ, ректордың бас кеңесшісі ретінде жұмыс істеген. Өз еңбек жолын мектепте мұғалім және директор ретінде бастаған, кейін Лондондағы білім беру институтының PhD түскен. Ол Гарвард білім беру мектебінде 1996-2007 жылдар аралығында келуші профессор ретінде жұмыс істеді. Қытайдың бірнеше ірі университеттердің құрметті профессоры болып табылады. Қытайдағы 8 ауқымды университеттерін қоса алғанда, Қытайдың білім беру жүйелер жұмысының сапасын бағалау бойынша бірнеше іс-шаралар мен жобаларға қатысты. Ол Білім берудегі басқарудағы ұлттық академиясында, Қытай, Ресейдегі Сколоковадағы лекциялар оқиды. Сонымен қатар, бұл жұмыс жоғарғы оқу орындарының көшбасшыларымен әріптестік жүргізе отырып жүргізіледі . Гонконг университетінің жанында жазғы жоғары оқу орындарының институтын құрды. Бұл аймақтағы білім саласындағы көшбасшыларының жобасы. Қазіргі кезде білім саласындағы мәселелерге байланысты фундаменталды әлеуметтік өзгерістерді қарастырумен айналысады. Әлемдік банкке, Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына, Біріккен Ұлттар ұйымының Даму жөніндегі бағдарламаларына кеңесші ретінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, бірнеше мемлекеттерде білім беру реформаларының барысы және нәтижелерін талқылауға қатысты. Ең соңғы жұмыс жасаған мемлекеттері Монголия және Камбоджа елдері болып табылады Жергілікті деңгейде Білім беру мәселелері бойынша комиссияның құрамында болды, 1999 жылы реформалар жүзеге асыруды бастауға қатысты.