NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Паси Салберг

Паси Салберг Финляндия білім саласының беделді маманы, автор және ғылыми қызметкер.

Өзінің кәсібі тәжірибесі шеңберінде мектеп мұғалімі, болашақ мұғалімдердің тәлімгері, зерттеуші ретінде қызмет атқарған және сонымен қатар, әлемнің білім беру жүйесін және реформаларын зерттеген. Бұл тақырыптар жөнінде бірнеше мақалаларды жариялаған. Оның «Фин сабақтары 2.0» Әлем Финляндияның білім саласындағы өзгерістен не үйрене алады» кітабы 20132 жылы Grawemeyer Award марапатын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 2012 жылы Финляндиядағы Education Award, 2014 жылы Скотландтағы Robert Owen Award, 2017 жылы Rockefeller Foundation Bellagio Resident Fellowship марапатын жеңіп алған. Салберг мырза Финляндияның Білім министрлігінде атқарушы директор және Гарвард университетінің Жоғарғы білім беру мектебінде профессор лауазымында қызмет атқарады. Паси Салберг «Open Society» білім беру қорының қамқоршылық кеңесінің басшысы және Оулу университетінің Басқарушы кеңесінің мүшесі. Оның соңғы жарияланған кітаптары “Empowered Educators in Finland” (2017) және “FinnishED Leadership: Four Big, Inexpensive Ideas to Transform Education” (2018)

IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 26-27 қазан 2017 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Жаһандық білім беру саласындағы реформалар қозғалысы және қоғамдық білім беру саласының болашағы

2000 жылдардың ортасынан бастап әлемдегі білім саласында жұмыс істейтін қызметкерлер неліктен кейбір білім беру жүйелері басқаларына қарағанда тиімді жұмыс істейді, ал, кейбір мемлекеттер керісінше орташа деңгейден аса алмайтындығы жөніндегі сұраққа жауап іздеуде. Білім саласына өзгерістер енгізу туралы бірнеше теориялар және осы теориялармен байланысты білім сапасын жақсарту бойынша бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың кейбіреуі сәтті жүзеге асырылса, кейбіреуі еш нәтиже берген жоқ. Білім саласындағы теңдік, оқушылардың әл-ауқаты және білім алуға деген қызығушылығы болашақ орта білім беру саласындағы саясатты анықтауда негізгі өлшемшарттары болып табылады. Мен бұл презентацияда кейбір аңыздарға тоқтап өткім келеді және ертеңгі күні барлық балалар үшін сапасы жоғары білім беруді ұйымдастырудағы маңызды, зерттеу негізінде алынған деректерді атап айтқым келеді. Бұл мысалдарда Финляндиядағы білім беру мәдениетінің өзекті сипаттамаларын және әлемнің өзге тиімді білім беру жүйелерінің саясаты және тәжірибесімен қандай байланыста екендігін қарастырып өтемін. Презентациямның қорытындысында қоғамдық білім беруге баламалы көзқарас, яғни, белгілі бір уақыт кескініндегі мектеп немесе оқушы болашақтағы білім беру саласындағы шешуші аспекті емес, керісінше, реформалар маңызды ұйымдар, ұжымдар және институттарды қамту керектігі ұсынылады.