NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Гордон Ньюфелд

Доктор Гордон Ньюфелд – Канадалық жас ерекшелік психология саласындағы маман, оның балалармен, жастармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың 45 жылдық тәжірибесі бар.

Баланың жас ерекшелігі саласында беделі жоғары адам бола тұра, ол бүкіл әлемде дәрістер оқиды. Ол автордың жұмыстары жақсы сатылады («Hold On To Your Kids») және даму парадигмасының үздік түсінік берушісі болып табылады. Доктор Ньюфелд өзінің күрделі мәселелерді негіздеу мен жаңа идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашуымен әйгілі. Осыған дейін Университетте оқытумен, жеке іс-тәжірибені жүргізумен айналысып, қазіргі таңда ол бүкіл уақытын педагогтар мен мамандарды оқытуға жұмсайды. Нойфельд Институты жас ерекшелік ғылым қағидаларын балаларды тәрбиелеуде қолдануға бағытталған әлемдік қайырымдылық ұйымы болып табылады. Доктор Нойфельд ылғи радио мен теледидар бағдарламаларына қатысады. Оның бес баласы мен алты немересі бар.

IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 26-27 қазан 2017 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Оқушылардың әл-ауқатына апарар жол

Ақыл қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей бола тұра, кейбір оқушыларға мектепте алған білімнің пайдасы басқаларға қарағанда неліктен артығырақ болып табылады? Білім беру бағдарламасы, педагогика және технологиялардағы елеулі оңалыстарға қарамастан, біздің педагогикалық жігеріміздің оқыту үдерісіне әсері неліктен әлісіреп барады? Көптеген үлгерімі жоғары оқушыларымыз неліктен күйзеліске душар болуда? Сондай-ақ біздің балаларымыз бір біріне неліктен мейірімсіз болып барады? Доктор Ньюфелд бұл сұрақтарға жаңадан шыққан эмоциялар, ойын және қарым-қатынас ғылымынан алынған идеялардың көмегімен жауап береді. Ол оқыту үдерісін, сондай-ақ жалпы адами әлеуетті жүзеге асыру барысында дамудың, бауыр басушылық пен эмоцияның рөлін сипаттайды. Бүгінгі күні қоғамда орын алып жатқан өзгерістерді түсіндіріп, ықтимал шешімдер ұсынады. Біз оқушыларымыздың әлеуетін нығайту және олардың эмоциялық игілігі үшін көп нәрсе жасай аламыз, алайда мәселені тиімді шешу үшін оны алдымен түсіну керек.