NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Тан Ун Сең

Профессор Тан Ун Сең Сингапурдағы Ұлттық білім беру институты директорының лауазымында қызмет атқарады.

Осыдан бұрын профессор Тан сол институтта мұғалімдерді дайындау департаментінің деканы ретінде қызмет атқарып, ұлттық және халықаралық деңгейде педагогиканы дамытудағы маңызды саты болып табылатын «ХХІ ғасыр педагогтарын дайындау» бастамасы шеңберіндегі жұмысты басқарған болатын. Ол Гарвард Жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Білім беру саласындағы жаһандық инновациялар» бастамасының шеңберінде Сингапур тобының басшысы, сонымен қатар, Дүниежүзілік ғылыми-педагогикалық зерттеулер қауымдастығы (WERA) аясында өткізілетін «Педагогтарды дайындау саласындағы халықаралық зерттеулер желісі» конференциясының ұйымдастырушысы болып табылады. Тан мырза сингапурлық Әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулер жөніндегі Сараптамалық комиссия мүшесі және Ұлттық білім беру институтының Зерттеу қорының төрағасы болып табылады. Профессор Тан Сингапурдың Ғылыми-педагогикалық зерттеулер қауымдастығының президенті (ERAS, 2005-2008) және Азия-Тынық мұхиттық ғылыми-педагогикалық зерттеулер қауымдастығының (APERA, 2008-2010) президенті лауазымында, сондай-ақ, ол Когнитивтік білім беру және психология халықаралық қауымдастығының (IACEP, 2008-2011) вице-президенті (Азия және Океания) лауазымында қызмет атқарды. Ол Sprinter баспасы шығаратын Білім беру саласындағы саясат пен тәжірибені ғылыми зерттеу журналының бас редакторы, сондай-ақ, Routledge баспасы шығаратын «Азия және Океаниядағы білім беру» журналының бас редакторы болып табылады. Сонымен қатар, профессор Тан «NIE International» Ұлттық білім беру институтының директорлар кеңесінің және Сингапурлық Қытай тілі орталығы (SCCL) директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Оның зерттеу салаларына мұғалімдерді дайындау, когнитивтік психология және проблемаға бейімделген білім алу тақырыптары жатады және ол осы еңбектері үшін халықаралық деңгейде танымал болды. Профессор Тан «Білімге негізделген экономика инновациялары» жобасын ортақтасып әзірлегені үшін Премьер-министр канцеляриясы ұйымдастырған Innovator Award от Enterprise Challenge (TEC) премиясының «Новаторлық конкурстық жоба» санатында жеңіске жетті. 2014 жылы Ұлттық мейрам күні Сингапур Республикасының президенті профессор Танды білім саласына сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін Күміс медальмен марапаттады. Профессор Америка Құрама Штаттары, Еуропа, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконг, БАӘ және Оңтүстік-Шығыс Азияда өткен халықаралық конференцияларда бас спикерлердің қатарында болды. Ол Вашингтонда өткен Ұлттық ғылым қорының Білім мен адам ресурстарына бағышталған лекциясында, Американдық Ғылыми-педагогикалық зерттеулер қауымдастығының жыл сайын өтетін президенттік сессиясында, Швециялық корольдық ғылым академиясының халықаралық симпозиумінде және бірқатар халықаралық білім конференцияларында сөз сөйледі. Сонымен қатар ол көптеген мемлекеттік органдарға, халықаралық ұйымдарға және халықаралық компанияларға кеңесші ретінде қызмет көрсетті.

IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 26-27 қазан 2017 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

21 ғасыр мұғалімінің құндылықтары мен құзыреттері

21 ғасыр күрделі жаһандық өзгерістер, технологиялық серпіліс, үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік трендтер мен жаңа мыңжылдықтағы оқушылар бейнесімен сипатталады. Бұл мәнмәтінде білімнің негізге алатын құндылықтары қандай? Мұғалім және оқушының бірқалыпты бейнесін қалай қалыптастыруға болады? Білім беру саласында ашық болу, жасампаздық және білімдегі тапқырлықты, іскерлікті қалай қамтуға болады? Осы презентацияда Сингапурдың және атап айтқанда Ұлттық білім беру институтының (ҰББИ) аталған мәселелерді шешу бойынша тәжірибесі ұсынылады. Ұлттық білім беру институтының үлгісі келесі құндылықтарды негіз ретінде басшылыққа алады: біріншіден, оқушы үнемі мұғалімнің назарында; екіншіден, мирасқорлық пен болашақты есепке ала отырып, мұғалімнің біртекті кәсіби бейнесін қалыптастыру, үшіншіден, оқу және әріптестердің тәжірибесін зерттеуге ынталандыратын білім беру саласындағы кәсіби қызметкерлердің желісін нығайту. Сонымен қатар, презентацияда болашақтағы өзгерерістерге дайын педагог пен оқушылар қалыптастырудағы парадигма мен құндылық бағдарындағы маңызды өзгерістер қарастырылатын болады.