NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Тим Оутс

Тим Оутс Кембридж Университетінің емтихандық кеңес бөлімшесінің зерттеулер және әзірлемелер тобының басқарушысы болып табылады.

Ол бағалау мен өлшемдер сұрақтары бойынша ұлттық және халықаралық зерттеулермен айналысады. Тим Оутс білім беру жүйелерінің тиімділігі бойынша үлкен халықаралық салыстырмалы талдау жүргізді, білім бағдарламаларын қайта қарау жұмысын жүргізуде МЖМББС-ке кеңес берген. 2010 жылы озінің «Could do better» еңбегін жариялады, бұл еңбегінде Англияның ұлттық оқу бағдарламасын талдау принциптері ашылған. 2010-2013 жылдар аралығында ұлттық оқу жоспарын қайта қарайтын мамандар тобының төрағасы қызметін атқарған. 2014 жылы Тимнің «Why textbooks count» атты жұмысы жарық көрді, бұл оның білім беру саласындағы реформаларды жүргізу бойынша оқулықтардың құрылымдық рөлін меңгеруге бағытталған зерттеу жұмысы. Бұл еңбек елдегі үлкен пікірталасқа әкеліп, баспалардың оқу материалдар сапасы мен оларды қолдану моделінің жақсаруына бағытталған бірлескен жұмысына себеп болды. Оның «Cambridge Approach to high quality textbooks and resource materials» жұмысы 2016 жылдың сәуірінде жарияланып, қазір кең қолданылуда. 2010-2016 ж. Оутс мырза Ofqual стандарттары бойынша сабағаттық кеңестің мүшесі қызметін атқарады; жақында ғана ол Ofqual Кәсіби сабағатты кеңестің мүшесі болды. Оутс мырза Ұлыбритания мен басқа елдердің үкіметіне жиі нұсқаулықтар беріп, көмектеседі. Ол Черчилл Кембридж колледжінің қызметкері болып табылады. 2015 жылы білім беру саласындағы жетістіктері үшін Британия Империясының Орден Командоры атағын иеленді.

IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 26-27 қазан 2017 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Саясатты дамытуда мұра мен инновацияның теңгерімі

Қазіргі таңда көптеген елдер білімнің қолжетімдігін арттыру мақсатында оқу бағдарламалары мен бағалау жүйелерін жаңарту жұмысына көп күшін салады. Экономиканық және әлеуметтің дамуына қажетті білім алушылардың жеткілікті білім алу мен дағдыларды нығайту өте маңызды болып табылады. Үлкен қиыншылықтардың бірі жоғары сапаны қамтамасыз ететін факторлар мен білімнің қолжетімдігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа факторлар арасындағы теңгерімін орнату болып табылады. Шын мәнінде, зерттеу жұмысы бағалау мен оқытуда жаңа бағыттарды анықтаудан басқа, қолда бар артықшылықтарды да ашады. Кейбір мемлекеттер қолда бар артықшылықтар мен жоғары дәрежеде сыналған жаңартпалардың арасында теңгерімді анықтауға өте мұқият қарайды. Біз мұқият қарастырған кейбір мемлекеттерде көшудің ең маңызды факторы құндылықтарға бөлінетін көңіл болып табылады. Бұл құндылықтар — оқу бағдарламаның бағыттары мен әр білім беру жүйесінің мақсаттары. Осы теңгерімді анықтау бұл презентацияның басты тақырыбы болып табылады