NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Юри Белфали
Белфали ханым білім жинақтау жұмысын стратегиялық бағытпен қамтамасыз етумен Білім беру мен Дағдылар Басқармасына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, бұл басқарманың мектептік, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру жүйелеріндегі дағдыларды нығайту саясатын жүзеге асыруда көмектеседі.
Ол кең ауқымды тестілеу шараларын қадағалайды, олардың ішінде: оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA), оқу мен оқыту сұрақтары бойынша халықаралық зерттеу бағдарламасы (TALIS) және тақырыптық зерттеу жұмыстарында, «Білім беру мен дағдылардың болашағы: МЖМББС білім беру 2030» оқу бағдарламасын дамыту жұмысы . Бұл бағдарламалар мемлекеттердегі бүкілі үшін білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету МЖМББС жұмысының негізгі компоненттері болып табылады. Бұл жұмыс, өз тарапынан, экономиканың ұлғаюы мен әлеуметтің дамуына ықпал етеді. Белфали ханым соңғы жиырма жылды Франция, АҚШ, Оңтүстік шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінде, Африка мен Таяу Шығыс және солтүстік Африка аудандарында өткізді. МЖМББС-ке кірмес бұрын, ол 2002-2012 жылдар арасында ЮНИСЕФ ұйымында Мароккодағы Білім беру бөлімінің бастығы ретінде және Дүниежүзілік банктің адам әлеуетін дамыту саласында қызмет атқарды. Бірқатар мемлекеттердің үкіметтері Белфали ханымнан білім беру саласында реформаларды жүргізу және гендерлік мәселелерді алдыңғы қатарға қою сұрақтары бойынша көмек сұрайды. Белфали ханым Жапония мемлекетінің азаматы бола тұра, Стэнфорд университетінің білім беру саласындағы халықаралық саясатты басқару мен талдаудың магистрі болып табылады.