NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Гунтер Марис

Гюнтер Марис Амстердам Университетінде психологиялық әдістемелер бойынша профессор және CITO-да (Нидерланд) басты ғылыми қызметкері.

Марис Неймеген Университетінде математикалық психология бойынша доктор дәрежесін және Левенский Университетінде психологиялық теориясы бойынша магистр дәрежесін алды. Оның ғылыми мақсаттары ресми оқу теориясы және жеке ерекшіліктерге, сонымен қатар осындай теорияларды бағалау үшін статистикалық әдістерді қолдануға бағыталған. Маристың жұмыстары атақты ғылыми (мысалы, Ғылым — Science), психология (мысалы, Психологиялық шолу — Psychological Review), психометрия (мысалы, Психометрика — Psychometrika) журналдарында кеңінен жарияланды.

VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 27-28 қазан 2016 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Күнделікті оқыту процесін жаңа технологиялар арқылы қадағалау

Интернетке қосылған компьютерлердің кең таралуына байланысты мектептерде әр бір баланың орындаған тапсырма жауабын тіркеуге мүмкіндік бар. Оқулықтардағы ақпараттар ашық болуда және мәліметтер базасында орталықтандырылып сақталуда. Тарихта алғаш рет үдірісте оқу мүмкін болуда және осындай оқытуды қалай жүзеге асырылуы туралы сұрақты шешуге кірісуіміз қажет. Бұл екі маңызды алғышарттар жеке оқушылырдың қажеттіліктерін білім беруге бейімделу үшін керек. Білім беру өлшеуіштері саласында, психологиялық білім беру әдебиеттерінде оқыту қалай жүзеге асырылатыны туралы ресми теория берілмейді. Оқу нәтижесі (білім берудегі кең ауқымды тестілеуі ) туралы, оқытудың жасанды (шағын көлемді эксперименттер арқылы) тапсырмалары туралы көптеген ақпараттар бар, алайда біз әлі де осы қорытындыларды жан-жақты қамтитын теориядан алыспыз. Бұл презентацияда мен жан-жақты қарастырылған теорияның кейбіріне тоқталып кетемін.