NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Колин Маклафлин

Профессор Колин Маклафлин, Кембридж университеті Білім беру факультетінің Білім беру инновациялары орталығының директоры (Ұлыбритания)

Профессор Колин Маклафлин Сассекс Университетінде 3 жыл бөлім бастығы болып қызмет атқарған. 1985 жылы Білім беру институтындағы кәсіби қызметіне келгенге дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеген және жергілікті білім беру бөлімінде кеңесші қызметін атқарған. Ғалымның зерттеу еңбектерінде мектепте қолайлы орта қалыптастыру (Уэльс үкіметі мен Nuffield Foundation үшін ақпарат), мектептегі қарым-қатынастар; Африкадағы сексуалдық қатынастар және АИТВ мәселелері (Ынтымақтастық орталығы үшін білім беру мәселелері бойынша ақпарат), мектепте балаларды жәбірлеу мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндігі шектеулі оқушылар мәселелері, мектептегі кеңес беру қызметі, мектепте оқушыларды тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дамытудың әртүрлі аспектілері қарастырылады. Оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық білім беру реформасын қолдау болып табылады. Ғалым мектепте білім берудің тұлғалық және әлеуметтік аспектілері бойынша үкіметтер мен үкіметтік емес ұйымдарға кеңесші ретінде белсенді қызмет атқаруда.

VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 27-28 қазан 2016 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Ұстаздар маңызды рөл атқарады: реформаларды жүзеге асыруда және ауқымын кеңейтуде мұғалімдердің рөлі

Мектептегі оқушылардың академиялық үлгеріміне және ұлттық білім беру жүйесінің сапасына әсер ететін аса маңызды фактор білім берудің сапасы екенін зерттеулердің нәтижелері айқын көрсетіп отыр, педагогтер мен саясаткерлер де мұны жақсы біледі. Сондықтан білім беру жүйесін реформалауда немесе мектептегі оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселесінде мұғалімдер ең маңызды орын алады. Бұл таныстырылымда осы тақырып бойынша жүргізілген халықаралық зерттеулерге шолу жасалады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын реформалау мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, жеке тұлғасы мен уәжі сияқты өзекті мәселелерге қаншалықты оң ықпал ететіні зерделенген бірқатар зерттеулердің нәтижелері қарастырылады. Сонымен қатар, педагогтардің білім беру реформаларына қатысуы, соған қатысты туындауы мүмкін проблемалар талқыланып, мұғалімдер мен саясаткерлердің қажеттіліктері қарастырылады. Профессор Колин Маклафлин өз таныстырылымында 2016 жылы Қазақстанда Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББО Зерттеу департаменті және Кембридж университетінің Білім беру факультеті жаңартылған білім мазмұнын апробациялау бойынша пилоттық мектептерде жүргізген бірлескен зерттеулерді негізге алған. Сілтемелер Darling-Hammond L, Rothman R (2011) Teacher and leader effectiveness in high-performing education systems [Жоғары көрсеткішке жеткен білім беру жүйесіндегі мұғалім мен көшбасшының тиімділігі], Washington, DC: Alliance for Excellent Education and Stanford, CA: Stanford Centre for Opportunity Policy in Education