NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Питер Мехисто

Доктор Питер Мехисто Лондон Университет колледжі Білім Институтының лекторы, халықаралық деңгейде билингвалды және үштілді білім беру бағдарламаларын әзірлеу және басқару үшін көптеген мүдделі тараптармен жұмыс істейді.

Стратегиялық жоспар, жұмыс жоспарларын, мұғалімдерді дайындау бағдарламаларын әзірлеу, қоғаммен байланысты басқару және оқу-әдістемелік материалдарын дайындау сол бастамалардың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл бастамалар көбінесе сол білім жүйелерінде едәуір өзгерістерге себеп болған. Мехисто мырза өз жұмысы үшін бірнеше марапатқа ие болған. Өзгеріс процесінің күрделілігін зерделей отырып, ол билингвалды бағдарламаның табысты түрде дамуына ықпал ететін және кедергі келтіретін факторларды зерттейді. Ол бастауыш және орта мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытушы болып істеген. Питер Мехистоның билингвалды білім беру саласында озық тәжірибені жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін мұғалімдермен тікелей жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар. Ол, сонымен қатар, бағдарлама әкімгерлерімен де тығыз жұмыс істейді. Оның жарияланымдары, авторлармен бірлесе отырып жазған және марапаттарға ие болған Uncovering CLIL (Macmillan) кітабын қоса алғанда, мұғалімдерге, мектеп директорларына және/немесе ғылыми-зерттеу қауымдастығына арналған. Оның бірнеше баспаның бірлесе отырып шығарған соңғы кітабы Building Bilingual Education Systems: Forces, mechanisms and counterweights (Cambridge University Press) деп аталады.

VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 27-28 қазан 2016 ж.: Семинар

Аяны кеңейту: VUCA-әлемде (құбылмалы, көмескі, күрделі, және қарама-қайшы әлем) өзгерістерді басқару

Семинарға қатысушылар құбылмалы, көмескі, күрделі, және қарама-қайшы әлемде (VUCA) өзгерістерді басқару үшін қажетті білімді, механизмдер мен факторларды қарастырады. Сан алуан білім базасы (а) пікірді тексеру үшін, (ә) транспарентті және нақты бір нәтижелерге қолжеткізуге бағытталған және мүдделі тараптар қолдайтын жоспарларды әзірлеу және ендіру үшін және (б) өзгерістерге тосқауыл болатын кедергілерді анықтай алатын және жоя алатын жұмыс мәдениетін құру үшін маңызды болып табылады. Бұл білім базасы өзгерістерді басқару модельдерін, өзгерістерге қарсы ойлар мен оларды жеңу жолдарын түсінуді қамтиды. Ескере кететін жайт, көптеген өзгеріс процестерінде негізгі білім әдетте ескерусіз қалады. Оның орнына, «дұрыс жолды таңдадық» деген сенім сияқты факторлар өзгеріске итермелейтін қозғаушы күш болуы мүмкін. Сенімнің болмауы сынды басқа да факторлар өзгеріс жолында еңсерілмейтін кедергі бола алады. Өзгерісті басқару үшін механизмдер де маңызды болып табылады, мейлі бұл кәсіби даму бағдарламасы болсын немесе өзгеріс жөнінде жергілкті бастаманы қаржыландыру болсын. Алайда, тиімді білім беру жүйесін құру үшін жәй ғана мехенизмдер жеткіліксіз. Семинар барысында факторларға қарағанда механизмдер маңызды деп оларға аса көңіл бөлу теріс нәтижеге алып баратыны баяндалады. Әдетте факторлар қандай да бір механизмдерге қарағанда мықтырақ болып келеді сондықтан да, механизмдердің тиісінше жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін факторларды мұқият анықтап, басқару керек.