NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Уильям Шмидт
Уильям Шмидт Мичиган Ұлттық Университетінде статистика және білім беру бағдарламасының аса құрметті профессоры.
Ол білім беру саясаты орталығының директоры ретінде қызмет етеді, және де статистика және білім беру саласындағы факультет кездесулерін өткізеді. Профессор Шмидт бұрын АҚШ-тың Ұлттық орталығында ғылыми үйлестіруші және атқарушы директор болып қызмет атқарды. Және де ол АҚШ-тың ХЕА демеушілігімен жасалған Үшінші халықаралық математика және ғылыми зерттеу бағдарламасына (ҮХМҒЗ) қатысуын қадағалады. Оның көптеген басылымдары Білім беру статистикасының журналы және Американдық статистикалық бірлестік сияқты атақты журналдарда жарияланды. Басқа бір серіктесімен бірге жазған он кітабы да бар, соның ішінде Мектептің маңыздылығы, Мұғалімнің білім алу маңыздылығы және Теңсіздік деген кітабының орны бөлек. Оның қазіргі жазып жатырған ғылыми-зерттеу жұмысы 12 жылдық мектептердің академиялық мазмұндағы мәселелерін қамтиды, соның ішінде математика бойынша жалпы мемлекеттік стандарттар, бағалау теориясы мен оқу жоспарының академиялық жетістікке әсері деген тақырыптарда жұмыс істеуде. Ол сондай-ақ математикаға, жалпы ғылым мен тестілеуге байланысты білім беру саясатына алаңдаушылық білдіреді. Профессор Шмидт 1998 жылы Нью-Йорк ғылым академиясынан Уильям Джейкабсон дәрістерін алды, және Ұлттық білім академиясының мүшесі болып табылады. Ол 2009 жылы Американдық ғылыми-зерттеу қауымдастығының бірінші топ стипендиаты болып таңдалды. Профессор Шмидт Бағалау деректерін шолу басқарушы комитетінде қызмет атқарды. Ол математика бағдарламасы қолданбалы бакалавриатын Конкордия колледжінде (Иллинойс) бітірді. Философия докторы ғылыми дәрежесін Чикаго университетінде психометрия және қолданбалы статистика бағдарламасы бойынша бітірді. Ол сондай-ақ 1997 жылы Конкордия университетінің құрметті доктор атағына ие болды.