NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Майкл Яң

Майкл Янг Ұлыбританияның Лондон университеттік колледжі Білім беру институтының білім беру бағдарламасы социологиясының құрметті профессоры, сонымен қатар, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Африка және Жаңа Зеландия жоғары оқу орындарының шақырылған профессоры болып табылады.

Майкл Янг Лондон университеттік колледжі Білім беру институтының қатарына 1967 жылы қосылды. 1971 жылы профессор Янг «Білім және бақылау: Білім беру социологиясындағы жаңа бағыттар» (Knowledge and control: New Directions in the Sociology of Education) кітабын, ал 1998 жылы «Білім беру бағдарламасының болашағы» (Future of Curriculum) жұмысын жарыққа шығары. 2007 жылы оның білім социологиясына бағышталған «Білімді қайта дамыту» (Bringing Knowledge Back In) кітабы жарық көріп, Білім беру қоғамының «Жыл оқулығы» атты екінші жүлдесіне ие болды. «Білімді қайта дамыту» кітабында оның алдыңғы жұмыстарының әлеуметтік конструктивизмнен «қарымды білімнің» азаттық әлеуетін мойындайтын әлеуметтік шынайылыққа ауысу кезеңі сипатталған. 2016 жылы Джоан Мюллермен бірлесіп жазған «Білім беру бағдарламасы және білімді мамандандыру» (Curriculum and Specialisation of Knowledge) жұмысында бұл идеялар толығырақ сипатталған. 2017 жылы профессор Янг Лондон университеттік колледжі Білім беру институтындағы қызметінің елу жылдығын атап өтті. Соның құрметіне «Білім мен білім берудің болашағы» атты салтанатты іс-шарада профессор Янгтың білім беру социологиясына қосқан үлесіне арнап Дэвид Гайл, Дэвид Ламберт және Майкл Рейсстің редакциясымен шығарылған «Социология, білім беру бағдарламаларын зерттеу және кәсіби білім: Майкл Янг зерттеулерінің жаңа болашағы» (Knowledge and the Future of Education’, with a festschrift, ‘Sociology, Curriculum Studies and Professional Knowledge: New Perspectives on the Work of Michael Young) мерейтойлық жинағының тұсаукесері өтті.

X Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 25-26 қазан 2018 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Қарымды білім дегеніміз не?

«Қарымды білім» (ҚБ) тұжырымы оған байланысты «Қарымды тұлғаның білімі» (ҚТБ) тұжырымымен қатар пайда болған. Бұл екі тұжырым – қандай да бір білім беру жүйесінің немесе ұйымының білім беру бағдарламасын теориялық тұрғыдан қарастырудың екі жолы. «Қарымды білім» оқу материалдарын білім беру бағдарламасына енгізу әдісін және ондай білімнің оқушыларға беретін күш-құдіретін қарастырады. «Қарымды тұлғаның білімі» кез келген деңгейде білім беру бағдарламасына өзгертулер енгізуге құзіретті тұлғаны анықтайды. Ондай тұлғаның қызметін үкімет немесе нақты мектеп атқара алады. Қарымды білім тұжырымын білім беру бағдарламасына енгізуге тиісті білімді анықтау мақсатында жоғары қызметтегі лауазымды тұлғалар қабылдаған болатын. Біздің жұмысымыз екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қарымды білім сипаттамасы анықталады, мысалы: • ол тәжірибеден бөлек; • ол пәндер мен салалар бойынша мамандандырылған; • ол (a) әртүрлі деңгейде сабақтасатын бірқатар тұжырымға негізделген және (ә) саланың/пәннің тұжырымдарын зерттеп, енгізетін және оларды қолдану әдістерін анықтайтын мамандар қауымымен реттеледі; • ол салаға және жүзеге асыру әдістеріне қарай өзгеше болады. Мысалы, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар мен өнер мамандарына қарағанда жаратылыстану ғылымдары мамандарының арасындағы пікір бірлігі жоғары. Екінші кезеңде қарымды білім мектеп жұмысының бөлігі ретінде қарастырылып, білім беру бағдарламасы мен педагогиканың арасындағы өзара байланыс зерттеледі. Қазіргі таңда оның көптеген модельдері апробациядан өткізілуде. Оқушылардың қуатты білімге қол жеткізуі не үшін маңызды? 1. Мамандандырылған білім (Базиль Бернштейннің теориясы бойынша) «ойға келмейтін және келіп көрмеген пікірлерді» қарастыруға жағдай жасайды, сондықтан балаларға сондай мүмкіндік беру керек деп санаймыз. 2. Сол себепті қарымды білім 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында негізге алынып, барлық кәсіби дайындық бағдарламаларының бөлігі болу керек.