XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Дана Шерри

Silk Road House сторителлинг бағдарламаларының директоры, Eth-Noh-Tec басқарушы директоры, Сент-Мэри колледжінің оқытушысы, Калифорния, АҚШ

Дана Шерри сторителлингпен (әңгімелермен) кәсіби айналысудан бұрын өзін Ресей империясын зерттейтін белгілі тарихшы ретінде танытты. Доктор Шерри 2007 жылы Калифорния университетінде докторлық дәрежесін алды. Ол 19 ғасырдағы ресейлік Кавказ бен Орталық Азияны басқаруды зерттеді. Ол Дэвистегі Калифорния университетінде және Стэнфорд университетінде тарих пен басқа гуманитарлық пәндерден сабақ берді. Қазір ол Калифорниядағы Сент-Мэри колледжінде оқытушы болып жұмыс істейді. Доктор Шерридің сторителлингпен айналысатына он жыл болды, ал 2013 жылдан бастап ол Орталық Азия мен Кавказдың дәстүрлі өнеріне арналған мәдени орталықта тұрақты әңгімеші және сторителлинг бағдарламалардың көркемдік жетекшісі болып келеді. Ол ересектердің алдында әрдайым сөйлеуге қуанышты, бірақ оның басты қызығушылығы — балалар аудиториясы, өйткені мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар — ең ынталы тыңдаушылар.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Мастер-класс

Қайнар көзге қайта оралу: Қазіргі сабақтағы сторителлинг өнері

Баяғыда сабақта қоғамдастық сезімін тудыратын, тілді үйренуге, шығармашылықты ынталандыруға және мәдени білімді таратуға көмектесетін атмосфера болды. Ең бастысы, барлық іс-шаралар балалар үшін де, мұғалімдер үшін де үлкен қуаныш болды! Қазір бұл ертегі сияқты көрінуі мүмкін, бірақ егер сіз оқушыларға әңгіме айта бастасаңыз, бұған жетуге болады. Дана Шерри 2-11 жас аралығындағы балаларға әңгімелерді айту тәжірибесімен бөліседі. Мастер-классқа келушілер өз сабақтарында қолдануға болатын сторителлинг туралы практикалық білім алады. Мастер-классқа қатысушылар өз әңгімелерді таңдауды, оларды есте сақтауды және әртүрлі жастағы оқушыларға ұсынуды үйренеді.