XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Филиппа Кордингли

Білім беру саласындағы зерттеулер мен деректерді қолдану бойынша Орталықтың жетекшісі (CUREE), Ұлыбритания

Филиппа Кордингли — Білім беру саласындағы зерттеулер мен деректерді пайдалану орталығының (CUREE) жетекшісі, білім беру саясатын жетілдіру саласындағы халықаралық сарапшы. Ол көптеген жобаларға қатысады, соның ішінде Ұлттық тәлімгерлік және коучинг жүйесін дамыту, тәжірибелі мамандарды зерттеуге тарту үшін инновациялық тәжірибелік ресурстарды құру. Сонымен қатар, ол CUREE зерттеу және бағалау жобаларын жүргізеді. Филиппа Кордингли — Ұлттық мұғалімдердің зерттеу комиссиясының негізін салушы және кәсіби кеңесшісі; Мұғалімдер колледжінің құрметті мүшесі; көркемөнер, қолөнер және сауда корольдік қоғамының мүшесі. Сассекс университетінің аға ғылыми қызметкері және бірнеше жоғары оқу орталықтарында басқарушы топтардың мүшесі болып табылады.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Оқұшылар мен мұғалімдерді үздіксіз даярлау және оқыту — оқытуды жақсарту үшін ғылыми деректерді пайдалану

Пленарлы отырыста ғылыми негізделген білім беру саясаты мен практикасының құндылығына арналған тақырыптық зерттеу (кейс-стади) ұсынылады. Бұл практика мен саясат оқушылар және мұғалімдердің жетістіктеріне байланысты үздіксіз кәсіби даярлау мен оқыту туралы сенімді деректерді қолдануымен жүргізілді. Филиппа Кордингли оның басшылығымен өткізілген сапалы жүйелі шолулар мен мектепте қолданылатын зерттеу тәсілдерін кеңінен зерттеу негізінде жасалған «Оқытуды жетілдіру: Халықаралық зерттеулерге шолу» тақырыбындағы тұжырымдарымен бөліседі. Сондай-ақ, спикер үздіксіз кәсіби даярлау мен оқыту әлемнің жеті еліндегі мұғалімдердің кәсіби тұлғасын жақсартуға қалай көмектесетінін көрсетіп, үздіксіз кәсіби оқыту мен білім беру саясаты арасындағы байланысты дәлелдейді. Қорытындысында, мектеп басшыларының мұғалім мен оқушының оқуы үшін қолайлы жағдай жасауға қосқан үлесі және қолданылатын құралдар мен ресурстардың рөлі туралы ақпарат беріледі. 

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Оқұшылар мен мұғалімдерді үздіксіз даярлау және оқыту — оларға арналған практикалық құралдар мен хаттамалар

Бұл мастер-клас қатысушыларға сапалы, ғылыми негізделген кәсіби білім мен дамуды күнделікті тәжірибеге енгізу үшін практикалық ғылыми хаттамалар, құралдар мен ресурстарды үйренуге мүмкіндік береді. Семинар тақырыптық зерттеу ұсынылуымен басталады. Бұл зерттеу білімнің қай компоненттері нақты жағдайда маңызды екені көрсетеді. Бұдан әрі мұғалімдер мен мектеп басшыларының іс-тәжірибеде құралдар мен хаттамаларды қалай қолдана алатындығы көрсетіледі. Мысалы, бірлескен зерттеу немесе тренинг жүргізу үшін, ресми және бейресми іс-әрекеттерді интеграциялау мақсатында қолданылатын құралдар мен хаттамалар ұсынылады. Осы мастер-класта мұғалімдер ғылыми деректерді және құралдардың мысалдарын зерттей алады, және тиімді жеке кәсіби даму мен оқытудың негізгі элементтері туралы мәліметтерді түсіну және бейімдеу үшін контекст құрып оларды өздерінің тәжірибелері мен мақсаттарына байланыстыра алады.