XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Гер Граус

KidZania халықаралық білім беру бағдарламаларының директоры, Ұлыбритания

Доктор Гер Граус білім беру саласында танымал тұлға, ол 2017 жылдың наурыз айынан бастап KidZania халықаралық білім беру бағдарламаларының басқарушы директоры лауазымына тағайындалды. KidZania – дегеніміз «ынтаны ұмтылысқа» айналдыратын ынталандырушы және мүмкіндік беруші орта, мұнда 4 және 14 жас аралығындағы балалар әртүрлі мамандардың рөлін ойнау арқылы еңбек нарығын өз басынан кешіріп көреді. 1999 жылы Мехико қаласында құрылған KidZania қазіргі таңда 5 құрлықта 26 қалада таралған; таяу арада АҚШ, Канада және Оңтүстік Африкада 20 орталық ашу жоспарланып отыр. Доктор Граус 2014 жылы KidZania London-да жұмысын бастады, онда ол жалпы британдық білім беру стратегиясын әзірлеуге, оның ішінде мектептермен, жоғары оқу орындарымен, коммерциялық және өзге білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға жауапты болды. Оған дейін профессор Граус 2007 жылы Балалар университетінің (Children’s University) қалаушысы және оның директоры болды. Оның жетекшілігінде болған бұл балалар университеті әртүрлі марапаттарға ие болып, 5 және 14 жас аралығындағы балаларға әдеттен тыс білім алу үшін қызықты инновациялық мүмкіндіктерді ұсынатын Халықаралық қайырымдылық қорына айналды. Балалар университеті жаһандық сипат алып, қазіргі таңда ол Аустралия, Қытай, Малайзия, Сингапур және Таяу Шығыста да таралған.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Балалар өздері бар деп білетін дүниеге ғана ұмтылады

Әлеуметтік жұмылғыштыққа шығармашылық көзқарасты қалыптастыру
Доктор Граустың пленарлы отырысы KidZania-ның жаһандық білім беру стратегиясына, оның жергілікті және контекстік қолдануына арналған. Сонымен қатар, осы баяндамада доктор Граус KidZania мен Tecnológico de Montream, Havas Helia және Tribal Planet Inc. және басқа да компаниялармен серіктестігінде құрастырылған «Балалар ұмтылыстарының жаһандық барометрі» туралы айтады. Доктор Граус KidZania-ның білім беру мен ойын-сауыққа деген көзқарасы балалардың жақсы өмір сүру мүмкіндіктерін қалай арттыратынын айтып береді. Бұл жеке сектормен мақсатты және инновациялық өзара әрекеттесудің, білім беру және ойын-сауық саласындағы зерттеулердің, серіктестікке әлеуметтік жауапкершілікпен қараудың көмегімен жасалады. Осындай жағдайда әлеуметтік белсенділіктің құндылығы инвестициялардың тиімділігінен жоғары болады, және бұл өте қызықты! Доктор Граус балалар тек бар нәрсеге ұмтыла алатындығына сенімді. Оның пікірінше, KidZania-ның оқуға және ойын-сауыққа деген көзқарасы біздің балаларымыз үшін шексіз мүмкіндіктер кеңістігі бар әлемді құрудың маңызды элементі болып табылады. Доктор Граус өзінің баяндамасында KidZania-ның құрылу тарихы, жаһандық білім беру стратегиясы, KidZania-ның әлеуметтік жұмылғыштық саласындағы зерттеулерінің нәтижелері, балаларды мектеп ішінде және одан тыс жерде оқытудың маңыздылығы, әлеуметтік жұмылғыштыққа шығармашылық көзқарас қалыптастыру туралы айтып береді. KidZania әлеуметтік жұмылғыштыққа басқаша көзқарас қалыптастыруға тырысады және саясаткерлермен бірге балалардың әлеуметтік тегіне, географиясына, жынысына және этникалық белгілеріне байланысты таңдаған таңдауын зерттей отырып, балалардың ұмтылысын жоғарылатады. Ескерту: 1999 жылы Мексикада ашылған KidZania — балалар үшін салынған қала, онда 4 пен 14 жас аралығындағы балалар қауіпсіз ортада нақты өмірдің істерімен айналысады. Балалар әдетте әр түрлі жұмыс ортасындағы 60 кәсіптің ішінен рөлдерді таңдай алады — банк, театр және полиция қызметінен бастап авиация, телерадиохабарлар және YouTube каналдағы жұмысына дейін. Балалар жаңалықтар оқиды, ұшақтар жүргізеді, бауыр ауыстырып орналастыруын жасайды, өрттерді сөндіреді және тамақ дайындайды. Құрылғаннан бері бұл ұйым бүкіл әлемде таралған: 26 әлем өңірлерінде KidZania орталықтары бар. Қазір басқа қалаларда тағы 12 кешен салынуда. Жалпы, KidZania 1999 жылдан бері шамамен 72 миллион келушілерді қабылдады. 

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Балалар өздері бар деп білетін дүниеге ғана ұмтылады

Ержүрек көшбасшыларды тәрбиелеу арқылы балалардың ұмтылыстарын арттыру
Осы семинар аясында доктор Граус зерттеу және оның KidZania халықаралық білім беру бағдарламаларының директоры, балалар университетінің негізін салушысы және бас директоры ретіндегі тәжірибесі туралы әңгімелейді, мұғалім, аға менеджер, инспектор, кеңесші және директор болып жұмыс істеген кездеріндегі өмір туралы естеліктермен бөліседі. Пікірталас тәжірибе негізінде оқыту, мақсат қою, дербестік пен тәуелсіздік, жайдарылық және тентектік сияқты тақырыптарға арналады — осының бәрі балалар мен жасөспірімдерді жақсы нәтижелерге жетелейді. Тестілеу мен бақылаудың маңызы зор білім әлемінде балаларға көшбасшылық міндеттерді қабылдауға, мақсатқа ұмтылуға және мұнымен тоқтап қалмауға үйрету қажет. Бұны қалай істеуге болады? Балалардың ашылулар мен қызықты оқиғаларға қызығушылығын ояту үшін не істеу керек? Білім алуды балалардың өмірлік қағидаға айналдыру үшін біз не істей аламыз?