XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Кэтрин Чан
Он сегіз жыл бойы Қытай Халық Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік аймағындағы Білім беру бюросы хатшысының орынбасары және орынбасар көмекшісі қызметін атқарғаннан кейін 2018 жылы профессор ретінде Гонконг Университетінің білім беру факультетіне қайта оралды.
Академиялық тәжірибесінің арқасында Кэтрин білім беру саясатын жүзеге асырып, бағалауда теориялық білімін іс жүзіне асыруда. 2002 жылы Кэтриннің жетекшілігімен «Білім алуды үйрену» (Learning to Learn) аясында Гонконгтың бастауыш сыныптарына арналған білім беру мазмұнын реформалау басталды, сондай-ақ дарынды балаларды оқыту, бағалау жүйесін реформалау және білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану сияқты өзге бастамалар пайда болды. Сонымен қатар, Кэтрин жоғары сыныптарға Жаңа академиялық құрылымның енгізілуін қадағалады, барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуы жағдайында мектептер мен мұғалімдерді қолдау стратегиясын әзірледі, Гонконг, құрлықтық Қытай және басқа елдердің орта және жоғары мамандандырылған білім беру саласының даму траекториясын құрастырды. Реформалар оқушыларға, мұғалімдер мен мектептерге оң әсер етті. Кэтрин реформалау тәжірибесін ұғынып, оны пайдалануға, мұғалім кәсібін байытуға, зерттеу жұмысын ынталандыруға және білімнің кең таралуына тырысады. Профеесор Чан өз еңбек жолын мектеп мұғалімі және инспекторы ретінде бастаған еді.