XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Коллин МакЛафлин
Білім беру инновациялары орталығының директоры, Кембридж университетінің білім беру факультеті, Ұлыбритания
Профессор Коллин МакЛафлин білім беру инновациялары орталығының директоры және білім беру реформалары мен инновациялары тобының жетекшісі болып табылады. Коллин әртүрлі басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді: Сассекс университетінің білім департаментін басқарды, Кембридж университетінің білім беру факультетінің декан орынбасары болды. Білім беру факультетіне дейін 1985 жылы мұғалім қызметін атқарып, жергілікті білім беру департаментінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Коллиннің зерттеу фокусы – оқушылардың әл-ауқаты және мектептердегі қолайлы жағдай (Уэльстегі Үкіметі және Нэффилд Қоры үшін); мектептегі қарым-қатынас; Африкада АИТВ-ны алдын-алу мақсатында жыныстық тәрбие және оқыту (Білім беру бойынша Ынтымақтастық орталығы үшін); мектептегі агрессиялық мінез-құлық; арнайы білім алу қажеттіліктері бар мүмкіндігі шектеулі оқушылар; мектепте кеңес беру; сондай-ақ мектепте жеке, әлеуметтік және эмоционалдық дамудың әр түрлі аспектілері. Қазіргі кезде оның негізгі бағыттарының бірі халықаралық білім беру реформаларын қолдау болып табылады. Коллин үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға мектеп біліміне қатысты жеке және әлеуметтік мәселелер бойынша белсенді түрде кеңес беріп жүр.