XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Тео Вуббельс

Утрехт университетінің құрметті білім беру профессоры, Нидерланд

Тео Вуббельс – Утрехт (Нидерланд) университетінің құрметті білім беру профессоры, оның зерттеу қызығушылығы оның мансабы барысында қалыптасты: физиканы оқыту, кейін жас мұғалімдердің проблемалары мен оларға жетекшілік ету мәселелері және жоғары білім беру жүйесінде оқыту және оқу мәселелерінен бастап, қоршаған ортаны зерттеуге дейін, атап айтқанда білім беру саласындағы тұлғааралық қатынасқа дейін кеңейді. Тео Утрехт университетінде физика бакалавры және магистры дәрежесін алды. Монтессори мектебінде физиканы оқытқаннан кейін 1984 жылы Тео Утрехт университетінде әлеуметтік ғылымдар саласында философия докторы дәрежесін алды. Еңбек жолында Тео мұғалімдерді даярлау орталығының директоры лауазымын, Әлеуметтік және мінез-құлық факультеті деканының орынбасары, Утрехт университетінің қабылдау комиссиясының басшысы лауазымдарында болды. Сонымен қатар ол әртүрлі кеңестер мен комитеттердің мүшесі және жетекшісі қызметін атқарып, Білім беру саласын зерттеушілердің Еуропалық ассоциациясының президенті, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың Еуропалық Альянсы қазынашысы болды. Тео Вуббельс халықаралық журналдарда басылып шыққан 200-ден аса мақалалардың авторы, сонымен қатар ол голланд және ағылшын тілінде жазылған бірнеше кітаптардың редакторы. Профессор Вуббельс Білім беру саласын зерттеушілердің Америкалық қауымдастығының мүшесі.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Мұғалімнің сыныптағы және сыныптан тыс қарекеті

Әдебиеттерде мұғалім қарекеті оқушылардың білім алуына себепші фактор ғана емес, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби өсуіне және мектептің жалпы дамуына әсер ететін элемент деп қарастырылады. Мұғалім қарекеті әдетте мұғалімнің әртүрлі іс-шараларға, көбіне сыныптан тыс шараларға қатысуы ретінде қарастырылады. Кей кезде ғана мұғалім белсенділігі немесе қарекеті оқушымен қарым-қатынасы тұрғысынан зерттеледі. Бұл таңқалдырарлық жағдай, себебі, мұғалім өз жұмысының басым бөлігін сыныпта оқушылармен жұмыс жасаған кезде атқарады. Сондықтан бұл презентацияда спикер мұғалім қарекетін «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Көптеген зерттеулерге сүйенсек, қарекетшілдік мұғалім-оқушы қарым-қатынасында маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Дегенмен бұл екі бағыттың бірі ғана. Екінші ажырамас элемент ол – қарым-қатынас. Мысалы, жұмсақ та қатал мұғалім қарекетшіл болуы да, қарым-қатынас орната алуы да қажет. Сонымен қатар, мұғалімнің сыныптан тыс та жұмысына назар аударып, осы аспектілердің бәрін өз-өзін анықтау теориясы тұрғысынан біріктірген жөн. 

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Оқуды жеңілдететін «мұғалім-оқушы» қарым-қатынас

Тиімді оқу ортасын құруда «Мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы өте маңызды фактор. Бұл семинар 35 жыл бойы мұғалім-оқушы қарым-қатынасын кең контекстіде зерттеген еңбектердің нәтижесін көрсетеді. Спикер оқытудың ерекшеліктерін тұлғааралық тұрғыдан қорытындылап, «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасын өлшеуде қолданылатын құралдарды таныстырады. Семинарға қатысушылар оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас сапасын зерттеу үшін оқушыға (мұғалімге де) арналған сауалнаманы қалай қолдануға болатынын іс жүзінде көре алатын болады. Тыңдармандардың қалауына қарай спикер нәтижелердің өзін таңдап көрсетеді, мысалы, «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы мен оқушы жетістігінің байланысы, «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасының уақыт өте келе өзгеруі, мұғалімнің кәсіби дамуы, сыныппен қарым-қатынасқа байланысты мұғалімдердің ортақ проблемалары, «мұғалім-оқушы» арасындағы жағымды және жағымсыз қарым-қатынас орнату, жағымды қарым-қатынастың бұзылуы, тұлғаға бағытталған оқу ортасында «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы, тиімді «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасын құру үшін мұғалімдерді дайындау және т.б.