Спикер туралы ақпарат
Артур Ван Дизен
ЮНИСЕФ
Артур ван Дизен – Нидерланд азаматы, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанда БҰҰ Балалар фондының (ЮНИСЕФ) өкілі. Бұған дейін ван Дизен мырза Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада әлеуметтік саясат бойынша ЮНИСЕФ аймақтық кеңесшісі (2015-2019) мен Тәжікстанда ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары (2010-2015) қызметін атқарды. ЮНИСЕФ-ке келмес бұрын ван Дизен мырза Ұлыбритания Халықаралық даму министрлігі (DFID), БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP) мен басқа халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс жасады. Ол Африка, Оңтүстік пен Орталық Азияда, Таяу Шығыста тұрып жұмыс жасады. Артур ван Дизендің әлеуметтік саясат, іс жүзінде қолданылған әлеуметтік зерттеулер, бағдарламаларды мониторингтеу, бағалау және басқару салаларындағы тәжірибесі 25 жылдан асады. Ол социолог білімін алған, Тилбург университетінде (Нидерланд) магистр дәрежесін иеленді.