Спикер туралы ақпарат

Кэти Ригг

Кэти Ригг – CIS-те оқушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты бөлімнің басшысы. Кэтидің негізгі міндеті – CIS-ке мүше мектептер мен университеттерге балалар мен жастардың қауіпсіздігін, олардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға көмектесу. Бұл орайда Кэти жаңа бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіп, оларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ресурстарды әзірлеп, ұсыныстар жасап, кәсіби дамуды бақылайды.

Кэти қазіргі уақытта балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және адам саудасы бойынша Халықаралық зерттеулер орталығында докторантурада оқиды. Ол зерттеуінде мектептердің оқушыларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы әрекет ету мәселесіне ерекше назар аударады. Дублиндегі Тринити колледжін тарих пен саясаттану бойынша бірінші дәрежелі дипломмен бітіргеннен соң Кэти Аргентина Кордова университетінде халықаралық жария құқығын меңгерді, содан кейін Англияда заңгерлік дәрежеге ие болды. Кэти француз және испан тілдерінде еркін сөйлейді.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:
12:00 – 13:00

 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Оқушы дауысы мен қауіпсіздігі.